Тіл тағдыры — ел тағдыры
Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».
Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».
Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:
Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей–кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім...
Әлемнің әр түкпірінде сан түрлі тіл болса да, жалпы дүние жүзілік, халық сөз байланысында ең көп қолданатын тілдер қатарына - ағылшын тілі жатады. Соңғы деректерге сүйенсек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдер қатарынан ағылшын тілінен кейін үшінші орын төрін алып тұр. Ақкөңіл, қонақжай қазақ елінде 130-дан астам ұлт-өкілдері тұрса, олардың тілі, дініне, әдет-ғұрпына сыйластық танытып, кең пейіл көз қараспен қарауымыздың бар сыры достық ниет пен берекелі бірлігімізде. Қадыр Мырза Әли ана тілі туралы өз өлең жолдарында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» демекші «Көп тіл білген адамның жолы-даңғыл». Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал ұлт аралық қатынас тілі – орыс тілі. Сондай-ақ біздің елімізде жыл сайын 22 қыркүйек күні - тілдер мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтіледі. Осы аталмыш оқиғаға байланысты жыл сайын елімізде әр түрлі шаралар, мектептерде тіл апталықтары өтеді.
Шешендік сөз өнерінің басты құралы – қызыл тіл. Сонау ықылым заманда өмір сүрген Аяз би мен Майқы би кезеңінен басталатын әдебиет жанрының ерекше үлгісі шешендік сөз өнері атадан – балаға берілетін тума дарындылыққа негізделеді. Қазағымда ана тілі туралы жырламаған бірде-бір ақын жоқ. Менің де шабытым оянып, ана тілім – қазақ тіліме арналған махаббатым, осы өлең шумақтарында айқын көрінеді:
Қазақ тілі – ана тілі асылым,
Өтсе мейлі сан жылдарым, ғасырым,
Халқың үшін әр кез ұлы боласың.
Қазақ тілі мәңгі, мәңгі жасасын!
Ата – баба аманаты –тіл мен жер,
Сақта ұрпақ! Тоқы мына санаңа,
Кереметтің кереметі тек бізде
Қазақ елі бар елдердің ішінде
Ең тектісі, ең мықтысы осы үлкен әлемде.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тіл–өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болғанмен, кемдігі жоқ. Тіл тазалығына мән беріп, ұрпағымыз қазақ тілінің даңқын асқақтатып, бірлігімізбен тыныштығымыз мәңгі болғай.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Тіл тағдыры — ел тағдыры туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Тил тагдыры — ел тагдыры на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Тіл тағдыры — ел тағдыры