Якобиншілдер диктатурасы

Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Рефераттар
Толық

Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Шамамен жүз жыл бұрын талай соғыстарды көріп шаршаған Еуропа 20 ғасырмен кездесуді аса шапшаң күткен. Ол ғылымның, рухани мәдениеттің қарқынды түрде дамуымен басталып алайда ақырында қан ғасыры аталып жер жүзінде адам баласының тіршілік етуіне күмәндік туғызды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды. Германияда қайта өрлеу және экономикалық дағдарыстан шығу атты жаңа саясаты жарияланып, Германияның өзі «Үшінші рейх» атына ие болды (нем. Drittes Reich – үшінші империя). Бұл термин ортағасырлық мистикалық оқулардан пайда болып, үш империяларының үшіншісі «мыңжылдық» ретінде саналатын.
Үшінші рейхтің өмір сүруі кемінде мың жылға есептелгенімен ол тек 12 жылмен шектелді. Дегенмен, оған қарамастан оның мемлекеттік нацизм идеологиясы арқасында тарихта қалдырған ізі өте зор.....
Рефераттар
Толық

Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері

Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының , ғылым - білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас, пікірлер оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұлға да айтылып келеді. Өйткені , оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізбейді.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жағдайындағы ғылым деп щек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау , оларға қоғамдық – тарихи тәжірибені үйрету процесі. ....
Рефераттар
Толық

Үш фазалық электрлік тізбектер

Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, электр қозғаушы күштері әр түрлі фазалардан тұратын айнымалы токтың бірнеше тізбектерінің жиынын айтады.Көбінесе, практикада электр қозғаушы күштері (кенеуі) шамалары жағынан тең және фазалары бойынша 2π/m – бұрышқа ығысқан (мұндағы m – фаза саны) көп фазалық симметиялық жүйелер қолданылады.
Көп фазалық жүйенің тізбектерінің бөлігін қысқаша айтқанда, фазалар деп атайды. Сонымен фаза терминіне төмендегідей екі түсінік сәйкес келеді: 1) синусоидалық шамалардың өзгеріс сатысын анықтайтын бұрыш және 2) көп фазалы жүйенің белгілі бір құрамы. Бір – біріне қосылған көп фазалық жүйенің электр тізбектерін көп фазалық тізбек деп атайды.
Көп фазалық тізбектердегі электр қозғаушы күшінің , кернеулердің немесе токтардың фазалық жиынтығын көп фазалық жүйелер деп атайды.
Қазіргі таңда барлық көп фазалық жүйелердің ішіндегі ең кең таралғаны үщ фазалық жүйелер, былайша айтқанда, олар бірдей жиілікті және бірлей амплитудалы, ал фазалары жағынан бір – бірімен салыстырғанда, 1200 – қа ығысқан, үш электр қозғаушы күшінің жиынтығынан тұратын – электр қозғаушы күшінің үш фазалық симметриялық жүйесі болып табылады.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін 1891жылы орыстың атақты өнертапқышы инженер М.О.Доливо – Добровольский ашқан болатын.Онда ол жүйенің негізгі туындысы болып табылатын – генераторлады, трансформаторларды,беріліс желілерін және үш фазалық токтың двигательдерін ойлап тапты және зерттеді.
1891жылы М.О.Доливо – Добровольскийдің басшылығымен дүние жүзінде алғаш рет үш фазалық айнымалы токпен электр энергиясын қашықтыққа беру жұмысы іске асырылды. Кенеуі 15,2 кВ, п.э.к. 79 %, қуаты 220 кВт (сол уақыт үшін рекордтық параметрлер еді) электр энергиясы, желісінің ұзындығы 150 км болатын қашықтыққа беріледі. Қазіргі таңда, үш фазалық жүйелер арқылы қуаты миллион кВт – тен асатын қуаттар мыңнан астам км қашықтықтарға өте жоғары пайдалы әсер коэффициенттерімен беріледі.....
Рефераттар
Толық

Үсік

Үсік деп дененің әр түрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ-қолдарға, төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдромды айтады.
Патогенезі: төмен температура ұзақ әсер еткенде теріде, терең жаткан тіндерде қанайналымның бүзылыстары болады, соның еебебінен терморегуляцияның, қышқыл-негізді жағдайдың, су-электрлік алмасудың, иннервациялық бұзылыстары дамиды. Бұл процесс қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. -
Жіктелуі. Суық жарақат ағымында реактивтілікке дейінгі және реактивті кезеңдер, процесс ағымы дамуының 4 сатысына және үсудің 4 дәрежесіне бөлінеді.Реактивтілікке дейінгі кезең суық жарақат алған уақыттан жылыту басталғанға дейін созылады. Реактивті кезең жылытудан кейін дамиды. Және де онда тіндердің гипоксиясы, қабынуы және некроздануы дамиды. Клиникалық сипатталу дәрежесін және үсу мен жарақаттың тереңдігін тек қана суық агенттің әсерінен кейін,12- 24 сағаттан соң анықтауға болады.
Реактивтілікке дейінгі кезең Суық жарақаттың кез-келгентүрі «жасырын кезеңнен» басталады. Оған суық жарақаттың біріншілік симптомдарының болуы тәі жансыздану сезімі, қышыну, «томарлану». Жүруі қиындап, наукг табанының қозғалысы мен жерге тигенін сезбейді., балтырда және табанда қатты ауыру сезімі пайда болады. Көбінесе аяғының суы кеткеніне шағымданады. Бұл кезде тері мәр-мәр не цианозды сұр түстес болады. Үсу сезімталдықтың әр-түрлі бұзылыстары тудырады. Ең алғаш суықты сезу сезімі, кейін ине сұққанда сезімге айналады, сонан соң оның өзгеруі мен жоғалуы болады. Үсінген қол-аяқ ауырлап, шымырлап кетеді. Зардап шегуші есі жоғалтып, қозғалуы қиындайды. Тері жабындылары бозғьхт көкшіл тартып, суык болады. кесілген ағаш сиякты қатып қалу.Тактильді және ауыру сезімталдығын жоғалтып,-рефлексте; төмендейді. Қарашық рефлекстерінің басылуы мүмкін, де? температурасы 36,0 С төмен.
Реактивті кезең Ауыру сезімінің жылытудан кейін интенсивтілі патологиялық процесстің тереңдігімен таралуына байланысты. І-ші дәрежедегі үсуде зардап шегуші шаншыған және күйдірсе ауру сезіміне, буындардын сырқырауына, кейде қышынуға, терін; ісіну сезіміне, әр-түрлі парестезияларға шағымданады. Қарп тексергенде: зақымданған бөлікте терінің ісінуі мен түсінің өзгер болады. Терінің түсі жиі күңгірт, көк қызыл болады. Кейбір кезде; барлық терінің түсі ақ, көк және қызыл түстерінің қосарлануын әр бір жерінде мәр-мәр түсті болып көрінеді. Терінің сыртқы түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады. I дәрежел үсудің басқа ауырлық деңгейіндегі айырмашылығы мынаған байланысты: онда обьективті өзгерістердің ауырлығы және перифериясына қарай жоғарылайды.....
Рефераттар
Толық

Үндістан

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282,59 мың км2. Халқы 606 млн-нан астам (1975). Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.....
Рефераттар
Толық

Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық

Үнді мұхитының физикалық географиялық орны

Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық

Үмбетей Тілеуұлының өмір жолы

Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды.
Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді.
Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.
Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.
Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.
«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», - деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда:
Қашақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп
Алтай тауға асырдың.
Ақ шәугімге қос тігіп
Ауыр қол желдіріп алдырдың
Қашаққа ойран салдырдың, - деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді.
Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген ....
Рефераттар
Толық

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КІШІГЕ ІЗЕТ

Көктем келіп, ызғарлы қыстың дәурені өткен жаймашуақ наурыздың бір күні болатын. Санжар апасы екеуі әкесінің інісінің үйіне мейрамдатып, әрі наурыз көже ішіп келуге шыққан еді. Көктемгі күн бар жылуын төгіп тұр. Жол жиегіне шаңдата тоқтаған көлікке апасы екеуі міне салды. Іші лық тола екен. Аялдама кішкене ұзақтау болған соң орта шеніне барып тұрды, кәрі-жасы да, өзімен қатар балалар да, біреуі орын босатып берейін демейді.
Кеңес үкіметі тұсында белсене жұмыс істеген апасының екі аяғы кеш батса сыздайтын. Санжар осыны ойлап, жақсы көретін апасына жаны ашып, жан-жағындағыларға ызасы келіп те тұр. Әйтеуір түсетін аялдамаға таяғанда жасы қырықтар шамасындағы ер кісі орын ұсынды.
Өткен жолы Санжар дәл осы көріністі басынан өткізген-ді. Оқиға былай болып еді: Бірде автобусқа қолына таяқ ұстаған қария мінеді. Санжар орын берудің орнына көзін өтірік жұмып отыра берді. Төртінші сынып оқушысы бола тұра әлгі қарияға орын берместен ақыры өз аялдамасынан түсіп қалады.
Міне, енді өз қателігінен іштей ұялып та тұр. Біржағынан тап сол әрекеті өз басына келгенін қарасайшы. Немересін ерткен қарт әжей баласының үйіне жетіп, шаршағанын басып, жайылған дастархан басында отырып, Санжар мен өзге де немерелеріне сабақ болсын деп мына хадисті айтып түсіндірді:
«Мұсылман баласының Мұхаммед (с.а.у.) есімді пайғамбары өмірден өткен. Сол кісінің мына бір өсиет сөздері, хадисі десе де болады тіліме оралып отыр: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген мұсылмандардан емес», тағы былай дегені бар еді: «Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерімізді сыйламаған біздің үмметтен емес».
Санжар апасының осы әңгімесінен кейін, ешкімге білдірмесе де іштей қысылып жүрді. «Сәл болмағанда мен мұсылман қатарынан шығып қала жаздаппын ғой» - деп, өз-өзіне бұдан былай мұндай әдепсіздікке жол бермеуге уәде берді. Кейін түнде жатар алдында өткен қателіктерін кешіруін және өзіне әрбір істе жәрдем беруін Аллаһтан сұрап дұға етті де, Санжар ұйқыға кетті.....
Рефераттар
Толық