Ағайын, туыс, жұрт Ағайын — ағайынның айнасы.Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 123 037
Жылқы, ат Жылқының пірі - Қамбар ата.Жылқы - малдың патшасы,Түйе - малдың қасқасы.Жылқы күнде мінілсе - есек,Айына мінілсе - ат,Жылына мінілсе - тұлпар. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 107 404
Тәлім - тәрбие, тәртіп Бала тәрбиесі бесіктен.Қар қылаумен өседі,Бала сылаумен өседі.Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.Тұңғышыңды дұрыс үйретсең,Соңғылары өздері үйренеді. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 15 191 536
Қонақ Қонақтан аяғаның шайтанға бұйырар.Қонақ аз отырып, көп сынайды.Ораздының отыз қонағы бір келеді.Қонақ қонған жеріне ауыр,Тас түскен жеріне ауыр. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 100 827
Төрт түлік мал (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.Мал – баланың шашуы. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 4 282 742
Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік Бай мақтанса табылар,Кедей мақтанса шабылар.Жоқтық ұят емес,Байлық мұрат емесБайдың қатыны өлсе, төсек жаңғырар,Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар.Жарлы болсаң да арлы бол.Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 123 395
Ар, ұят, намыс Намысы бар жігіттің,Нар күшіндей күші бар.Намысы жоқ жігіттің намыспен не ісі бар?Намысы бар жігіттің нар күші бар,Намысы жоқ жігіттің қай күші бар? Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 6 217 693
Құстар, қыран құс Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.Ит тамағы үшін жүгіреді.Құс тамағы үшін ұшады.Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 142 253
1 Қазан - Қарттар күні (қарттық) Елу шылбырдан алды,Алпыс тізгіннен алды,Жетпіс өре салды,Сексен – тұсау салды,Тоқсан – толқып қалды. Ат қартайса – ұрыншақ,Ер қартайса – жаңылшақ. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 1 113 016
Сан, сан есім, жеті 7 саны туралы мақал-мәтелдер жинағы Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 22 362 831