Досқа тілек. Достарға тілек сөздер
Адамзат сыйласуының ең мөлдір көзі - достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нір болсын.
Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.
Адамзат сыйласуының ең мөлдір көзі - достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нір болсын.
Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.
"Атағың да, тағың да керек емес - адамдығың болмаса" демекші, Аға адамгершілік қасиетіңізден ешқашан ауытқымаңыз. "Ағасы бардың - жағасы бар" деген қанатты сөздегідей әрдайым іні-қарындасыңызға қамқор болып, 100-ге жетіңіз.
40 жастың бағында Қыдыр қонып, бақ дарып отырған жандарға өмірдің тек қана жақсылығын тілейміз. Бал күндерге толы жақсы күндерде ағайынның ортасында гүл – гүл жайнап, аман – есен жүре беріңіз.
Құрметті оқырмандар! Егер ағаңызды, көкеңізді немесе тәтеңізді құттықтағыңыз келсе, осы тілектерді ұсынамыз! Аға деп Қазақстанның оңтүстік аймақтарда тәте деп айтады, ал көке деп ағаны солтүстік аймақтарда айтады.
Туған күнге арналған шын жүректен айтылған құттықтаулар мен тілектер
Әлемнің бар жақсылығын, тұнығын, асылын, ізгілігін тілейміз. Әрбір жалдарыңыз жемісті, ойларыңыз арайлы, күндеріңіз нұрлы болсын. Шаңырақтарың шаттыққа толып, бақытқа бөленіп, қуаныштан жадыраңыздар.
Жарқыраған нұрлы жүзіңізден ешқашан қуаныш кетпесін. Шаңырағыңыз шаттыққа толсын. Әр ісіңіз сәттілікпен өріліп, сізге Алланың нұры жаусын. Аяулы ұстазымыз болып, арамызда жадырап-жайнап, аман-есен жүре беріңіз. Біз сіздің үмітіңізді әрдайым ақтауға тырысамыз.
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді «Тентегім».
Ақылды жан абысын,
Бөлісер бізбен табысын.
Туған күнің құт болсын,
Жаңылмай аяқ алысың.
Сыйлайсың әркез ағайын,
Жақыны мен алысын.
Мойныңа алқа тағайын,
Аман жүр шауып, абысын.
Керемет баланы 3-ші қуанышты өмір жылымен құттықтаймын. Мен, батыл және батыл бала, мейірімді және адал жолдас, сүйікті және мойынсұнғыш ұл, сәтті және көңілді адам болып өсуді тілеймін. Үйде бақыт көп болсын, өмір жолында сәттілік көп және қалтада тәттілер көп болсын.