Аға, көке, тәтеге туған күнге тілектер


Құрметті оқырмандар! Егер ағаңызды, көкеңізді немесе тәтеңізді құттықтағыңыз келсе, осы тілектерді ұсынамыз! Аға деп Қазақстанның оңтүстік аймақтарда тәте деп айтады, ал көке деп ағаны солтүстік аймақтарда айтады.


аға, тәте, көке, туған күнге тілек


Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетiңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiн!




Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе, асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.



Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Кристина
    Кристина 28.02.2022 01:26
    3 + 0 -
    Тілектер жох неге
    1. Көке, туған күніңмен
      1 + 0 -
      Құтты болсын көке туған күнің бұл,
      Ақ тілегім өзіңе арнар жырым бұл.
      Жастан жасқа күлім қағып жете берші,
      Нұрын шашып, шаттандырып күнің бұл.

      Бар жақсыны көке сізге тілеймін,
      Шаттығы көп бұл өмірдің бақытын.
      Аман болсын отбасың мен жақының,
      Қызықты боп өтіп көке уақытың.

      Асқар таудай көке сіздің бейнеңіз,
      Сіз бар кезде шаттықты біз күйдеміз.
      Алыс кетсең жырақ бізден сіз көке,
      Сағынышпен күтеміз сізді үйде біз.
      Амандықта болшы көке әрқашан,
      Қасымызда болып көке, үйде сіз!
  2. ........
    ........ 05.03.2021 09:27
    2 + 2 -
    Лдд