Кәсіпорын | «ТАС - ҚҰМ» акционерлік қоғамында еңбекақының ұйымдастыру

Кіріспе
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

Кіріспе
Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыру дәрежесіне тәуелді. Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты - өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс құралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.
Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.
 кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;
 ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды ұйымдастыру;
 кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;
 билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;
 кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялы

Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпы экономикалық тепе –теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэконмикалық тепе - теңдік мәнін, маңызын ашу. Жалпы сұраным және жалпы ұсыным категорияларын талдау қажет. «Табыс-шығыс» тепе-теңдік күйде болуы әрбір операциялық процестердің сәтті өтуіне кепілдік берері сөзсіз. Табыс дегеніміз - өнім өндіруден түскен пайдадан өнім өндіру үшін кеткен шығындарды алып тастағанда қалатын ақша. Шығыс дегеніміз - өнім өндіру үшін кеткен шығындар: өндіріс күші, шикізат, өндіріс құралдары және т.б. жатады. «Табиғи - шығыс» бухгалтерлік есепте «екіжақты жазуға» ұқсас және дебит пен кредит секілді өте маңызды орын алады Мысалы күнделікті тұтыну заттарын иемдену үшін базарға барғандағы процесті алайық. Біз белгілі бір көлемдегі ақшаны базарға барарда қажет заттар тізімін жазып, шығыс көлемін есептейміз. Егер біз базарға барғанда жоспарланбаған көлемдегі заттарды иемденсек, бұндағы процесс «табыс - шығыс» тепе-теңдік күйде болмайды. Тепе-теңдік процесінің тепе-теңдік күйде болуы мен бұзылуы жалпы сұраныс – тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің әртүрлі баға деңгейінде сатып ала алатын ұлттық өндірістің нақты көлемі. Жалпы ұсыным әр түрлі баға деңгейінде нарыққа ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы саны....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның экономикалық жағдайы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста мен фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырдым. Ол келесі көрсеткішкерден байқалады: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, цехтың өндірістік қуатын есептеу, жұмыскерлер санын және еңбек ақысын анықтау.Осы көрсеткіштерді мен нақты, кәзіргі уақытта жұмыс істеп жатқан « Темір жол техникасы » ЖШС-нен алдым. Бұл кәсіпорын двигательдерді жинау және құрастырумен айналысады, сонымен қатар басқа жұмыстармен де айналысады. Осы курстық жұмысты алуымның себебі, егер фирманың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатса , онда халқымыздың да әлауқаты тез арада жоғарылайды деп ойлаймын. Ал бұл әр азаматты толғандыратын мәселе. Егер де кәсіпорын нарықты, сұранысты , тұтынушылардың талғамы мен қалауларын , сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды , нарыққа ықпал ететін және өздерінің мүдделерінің сұранысына зерделейтін жағдайда болса, онда ол кәсіпорынның әлеумметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Тұтас педагогикалық процесс – оқыту білім беру және тәрбие бірлігінің негізі

КІРІСПЕ
Оқу мен тәрбие – егіз. Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Осыны жүзеге асыратын ұстаз десек, ол бір елдің болашағы үшін еңбек ететін аса асиеті де құрметті мамандық иесі.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрие үрдісін жаңаша ұйымдасытру қажеттілігі туындап отыр. Келешек ұрпақты ұлттық халықтық тұрғыда тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл міселелерді шешу үшін негізгі, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелу үшін мына міндеттерді орындауға тиіспіз:
- оқушылардың сана сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасы туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін оның тарихын, мәдениетін , өнерін, салт – дәстүрін , рухани - мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық тілімізді, дінімізді мұра мұрағаттарымызды, ата – бабаларымыздан қалған өсиеттерді, мақұал – мәтел, нақыл сөздерді білім беру барысында пайдалану керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Мюнхен келісімі

Кіріспе
1938 жылы 29-30 -қыркүйекте өткен Мюнхен конференциясына биыл 65 жыл толады екен. Жылдар өткен сайын тарих беттері бұл конференцияға қатысты тың ойлармен толықтырылып отырары рас. Өйткені, екінші дүниежүзілік соғысқа жол ашқан осы конференцияның орны тым ерекше. Конференцияға қатысқан мемлекеттер, олардың ұстанған саясаты, 30-шы жылдардағы халықаралық жағдай осы Мюнхен келісімі арқылы көрінген еді. Сондықтан Мюнхен келісіміне қатысты мәселені зерттей отырып ең алдымен, оған баға беруге керек шығар. Бұлай болуында да өзіндік себебі бар. Әр зерттеушінің Мюнхен келісімі туралы пікіріне тоқтала отырып, бәріне ортақ тұжырымды анықтауға болады.
30-шы жылдардағы халықаралық жағдайдың күрделі болуы, саяси сахнаға фашистік бағыттағы Германия, Италия, Жапония секілді мемлекеттердің шығуымен ғана емес, Англия, Франция, АҚШ сынды ірі мемлекеттердің бұлыңғыр саясаттарына да байланысты. Егер Англия, Франция, басқыншы мемлекеттерге дер кезінде тосқауыл қоюға ұмтылғанда, тарихта орын алған үлкен олқылықтар болмаста ма еді.
Мюнхен келісімі тарихи зерттеу жұмыстарында айтарлықтай қарастырылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анатомия | Мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызы

I.Кіріспе.
Бұрынғы кездерге қарағанда, қазіргі кезде мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызына өте зор көңіл бөлінеді. Мыс – барлық тірі организмдер үшін орны толмас элемент болып табылады.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады. Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды. Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады. Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анатомия | Мыстың маңызы

I.Кіріспе.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады.
Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды.
Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады.
Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады. Мыс маңызды элемент болып табылады, ол көптеген витаминдердің, гормондардың, ферменттердің, тыныс алу пигменттерінің құрамында болады, зат алмасу үрдісіне қатысады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Мырышты алудың гидрометалургиялық әдісі

Кіріспе.
Мырышты алдуың гидрометалургиялық әдісі:
Мырыш консулнитротын күйдіру, огарокты екі сатылы сілтілеу және құрамында мырышы бар ерітіндініэлектролыздеу. Мырышпен бірге қолдыққа темір, қорғасын, 50-60% мыс және 30% кодмий, 100% шлак түзетін оксидтер өтеді.
Мырыш кектерін вельцтеу процесі кезіндегі мырыш клинкер құрамы %; Zn-1,0; Pb-0,13; Cu-6,96; Fe-47,3; Mr-2,14; S-4,0; Ag-0,31;.
Мырыш велцтеу процесіне феррит және сульфат түрінде түзіледі.
Метолдардың бөлінуіне әсерін тигізеді. Мысалы гиркланидің бөлінуіне 30-35% құрайды. Индийдің бөлінуі 70-80%, ал сурьма жіне мышяктың маңызды мөлшері клинкерде қалады.
1 Мырыш кектері мен мырыш шлактарын өндіру тәжірбисі.
Мырышты алудың гидрометаллургиялық әдісі төмендегі негізгі сатылардан тұрады: мырыш концентраттарын күйдіру огарокты екі сатылы сілтілеу және құрамында мырышы бар ерітіндіні электролиздеу. Огарокты сілтілеу сатысында қатты қалдық-қосылыстар түрінде болады. Мырыш пен бірге қалдыққа темір, қорғасын, алтын, күміс, сонымен қатар 50-60% мыс 30% кадмий, 100% шлак түзетін оксидтер өтеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлан-ғайыр Аравия жері - әлемдік тарихтың ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүкіл мұсылман қауымының, ислам дінінің қасиетті діңгегі орнаған жер. Араб қоғамы мен рухани әлемі, мәдениеті ислам дінімен тығыз байланысты. Ал саяси тарихына көз салар болсақ, арабтар шығыстағы тіпті әлемдегі десем қателеспегендігім болар, жаңа мемлекеттік ұйым, бірлестік-халифаттың негізін қалады. Қазіргі күнде жылдам өзгеріске ұшырап отыратын әлемде дін беделді және ықпалды қоғамдық құбылыс. Әлемдік діндердің ішіндегі ислам-тек сенім мен салт-жоралар ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салты.
Бұрынғы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының төрағасы муфтий Мухаммед-Садық Мухаммед-Юсуф былай дейді: “Ислам-барлық кезеңде және әр түрлі халықтарда адамзаттық негізгі сұраныстарына жауап береді. Біздің басқа діндерден айырмашылығымыз өмір діни және әлеуметтік болып бөлінбейді. Ислам дегеніміз-әрі сенім, әрі өмір сүру түрі. Исламды уағыздай отырып біз қоғамымыздың барлық проблемаларын шешуге жетістікпен қатынаса аламыз”/1/. ....
Курстық жұмыстар
Толық