Күләш Ахметова (Замандар заңы)

Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен,
Тұнығындай қайнардың мұңданып өтем.
Туған жерге деген бұл махаббатпен
Мың жыл бұрын біз неге тумадық екен?!......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ая София)

Бұл сарай — сәулетімен бірге өзінің
Қоңырауы мезгілдің бір кезінің.
Түйсігі туа бөлек жүрек керек
Түсініп тыңдау үшін күмбез үнін.
Бар ма екен адамзатта бүтін бауыр,
Бір кезде жолықпайтын үкімге ауыр?
Киелі қабырғалар арасынан......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Жыр шөлені)

Сол тауда — кемел жиын, кенен бейне.
Келгендер ықыласқа бөленбей ме?
Қардештер, мүсәпірлер дегенді естіп,
Бейбіт бей жалт қарады Төлен бейге.
Әпендім дейді бізге, әзілі ме?
Әйтеуір, ризамыз саз үніне.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Құндақ)

Ертеңіне барады елім көшіп
Елді ойласам, қонады көңілге шық.
Менің алтын тамырым сол жақта еді,
Алтындарым жүр екен не күн кешіп?!
Аңсаулармен тербелер арман — шынар,......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Кеніш)

Қызғанамын бөтені, бөгдесінен,
Келем дейді біреулер кеудесімен.
Алам дейді біреулер теңгесімен —
Даласына бабамның қадалады,
Қандай амал табайын енді осы мен?!
Көзім көрді алғанды, тасығанды,......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Белгі)

Мен заманның сескенем сыңайынан,
Жер сұрқынан, аспанның райынан.
Оңайынан оңалар орайы жоқ,
Ығысады жыр жылап, мұңайып ән.
Үндемесем болмайды, сөйлемесем,......
Өлеңдер
Толық