file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Күләш Ахметова (Кеніш)

 Күләш Ахметова (Кеніш)

Қызғанамын бөтені, бөгдесінен,
Келем дейді біреулер кеудесімен.
Алам дейді біреулер теңгесімен —
Даласына бабамның қадалады,
Қандай амал табайын енді осы мен?!
Көзім көрді алғанды, тасығанды,
Қазынасы қазақтың есін алды.
Сандықтарым ортайды, кенім кетті,
Күлбілтелеп сөйлейтін несі қалды?!
Қырға шықсам — қызғалдақ орғандаймын,
Ойға түссем — орнайды ормандай мұң.
Сор құдықтың басына сорға қонған
Сол аулымды жаулатып алғандаймын.
Сол ауылды ойлаймын, сол ауылды,
Солар еді көтерген жалауымды.
Бар дарынды туғызған байтақ еді,
Бастан неге кешеді бар ауырды?
Қыздың орны емес-ті дода басы,
Додалы елдің жоқ емес еді ағасы.
Тамырымды қиғызбас,
Мәуем кетсе —
Тәуелсіздігімнің садағасы.
Бұлбұл ақын бұл елде тыңдала ма?
Безер туған бауырлар тілді ала ма?
Бұлбұл жылар — кеткенді қайтаратын
Бұтақ өніп шыққанша бұл далаға!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру