Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды

1. Өмір бойы бір-бірімен үйленуге болмайтындар:
Жақын туған-туыстары. Олар: аналары мен әжелері; бірге туған әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері; Сонымен қатар, әкесі не шешесі бөлек әпке-қарындастары және олардың қыздары мен немерелері де үйленуге болмайтын кісілер қатарында; бірге туған немесе әкесі бір, шешесі бөлек, не шешесі бір әкесі бөлек аға-інілерінің де қыздарымен және немерелерімен некелесе алмайды[1]. Сондай-ақ, әке жағынан ағайын әпке-қарындастарымен және нағашы әпке-қарындастарымен[2] де үйленуге болмайды.

Сүт бауырлары: Әйелдің туған баласы туысқандарынан кімге үйлене алмаса, сол секілді сүт емген бала да олармен некелесе алмайды[3]. Айта кететін маңызды нәрсе, «сүт бауырлыққа» байланысты үкімдер тек сол емшек емген балаға ғана қатысты. Оның (әлгі сүт анадан ембеген) аға-інілеріне және әпке-қарындастарына қатысы жоқ[4].......
Кеңестер
Толық

Басыңыз ауырса

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ 1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;

✅ 2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;

✅ 3. Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады;......
Кеңестер
Толық

Мінезіңіз кіммен үйлеспейді

Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...

Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.......
Кеңестер
Толық

Көк шайдан жасалған бет маскалары

1. 100 гр майлы сүзбе, 2 шай қасық бал және жарты кесе көк шайды араластырып, 15 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Бұл тәсіл бет терісін азықтандырады, тыныштандырып, жасартатын қасиетке ие.

2. Келесі тәсілді макияждан кейінгі бетті тазалау мақсатында пайдаланса болады. 2 шай қасық көк шайды 1 жұмыртқа сарысы, 1 ас қасық қант, 50 гр өсімдік майымен жақсылап араластырып, бетті сүртсе, беттің тазалануына көмектеседі.

3. 2 ас қасық күріш ұнына 1 шай қасық күнжіт майы және 2 ас қасық көк шай араластырылады. Бетіңізді жақсылап тазалап жуып, 10 минутқа бетіңізді сүртесіз. Алдымен жылы сумен, кейін салқын сумен жуасыз. Ол беттегі майда әжімдердің жоғалуына көмектеседі.......
Кеңестер
Толық

Ұзақ өмір сүру үшін қандай сусын ішу керек

Бұл сусынды үнемі ішіп тұрсаңыз, онкологиялық ауру, инфаркт, инсульттың алдын аласыз. Ұйқыңыз да қанып, ағзаңыз қуаттанады.

Ғұмыр жасыңызды ұзартып, ағзаны қалай емдейміз?

1. Куркума мен лайм сусыны

Бізге:

1 стақан қайнаған су
¼ шай қасық куркума
1 шай қасық лайм немесе лимон шырыны
1 шай қасық қант керек болады.

Куркумаға қайнаған су құйып, бірнеше минутқа тұндырып қоямыз. Лайм шырыны мен қантты қосып, араластырамыз. Сусынның пайдалы компоненттерін күшейту үшін құрғақ жанжабіл бұтағын қосуға болады.......
Кеңестер
Толық

ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Тағаланың Елшісі Мұхаммед ﷺ былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.

Жұбайлардың бақытты отбасын құрып, сүйіспеншілікте өмір сүрулері үшін әйел адамдармен қатар, ер адамдар да отбасындағы міндеттерін дұрыс атқара білулері аса маңызды. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам мына нәрселерді жасауы тиіс:

Алла Тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар»
(«Нисә» сүресі, 19-аят).
Жұмыстан шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз.......
Кеңестер
Толық

Халық медицинасы Безеуге қарсы маскалар

Терінің ең көп тараған ауруы – безеу. Безеу көбінесе 14-16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.

Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады.......
Кеңестер
Толық

Дәрі дәрмексіз асқазан жұмысын жақсартудың жолы

Асқазан-ішек жолдарының біздің өміріміздегі маңыздылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Алдымен тамақтану, сонан кейін сіңдіру, артынан дәрумендерді және пайдалы заттарды токсиндерден бөліп алу... Және күн сайын осылай. Өкінішке орай, біздің қоғамды фаст-фуд, кока-кола сынды тағамдар жаулап алды. Ал бұл асқазан үшін адам айтқысыз ауырлық әкеледі. Сондықтан болар, асқазан-ішек жолдарының қиындықтарынан зардап шегіп, дәрігер көмегіне сүйенетіндердің қатары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінде ғылымда онға жуық асқазан-ішек ауруы белгілі болған. Ғалымдардың айтуынша, адам жүйесі мен басқа ағзалары асқазанның жағдайымен тығыз байланысты екен. Дұрыс жұмыс істейтін асқазан әдемі тері, дені сау шаш, белсенді зат алмасудың кепілі.

Оқырмандарымыздың арасында да майлы немесе тез дайындалатын тағамдарды жиі пайдаланып, асқазан-ішек жолдары ауруларына тап болып жүргендер бар болар. Ендеше, пайдалы кеңестер легі сіз үшін. Асқазанға қалай көмектесеміз? Қандай ережелерді ұстану керек? Іш қату, іштің кебуі сынды ішек аймақтарындағы жағымсыз сезімдердің алдын алуға бола ма? ......
Кеңестер
Толық

Дертке дауа айран

Көптеген салаларда дәрі ретінде де қолданылатын айранның пайдалары өте көп. Сүт және айран темекінің зиянды әсерлерін және С витамині жетіспеушілігін жоятын ең маңызды тағам. Жүрек, кәрілік, холестерин және катаракта аурулары үшін өте жақсы дәрі. Айранның суы да өте құнарлы келеді, асқазанға ешқандай салмақ түсірмейді. Созылмалы диарея, дизентерия, желдену, астың қорытылмауы салдарынан болатын ауыз иісі, іш қату және асқазан қанаулары секілді ауруларға қарсы емдік қасиеті бар. Өзге де біршама пайдалары төмендегідей:
v Асқорыту жүйесін реттейді,
v Жара және күйіктерді емдейді,
v Көздер үшін А витамині бар,
v Жетілу үшін Е витамині бар, ......
Кеңестер
Толық

Ағзаңызды тазартқыңыз келсе

✅ Біздің денсаулығымыздың мықтылығы - ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.

✅ Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.

✅ Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар. ......
Кеңестер
Толық