Қазақтар грузиндерді қапыда қалдырды

Кеше елордадағы "Астана арена" стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия елінің теңбілдопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Мачтың беташары қос елдің мемлекеттік гимндерін орындаумен ашылды. Алаңға бет алған екі команда да арқаланып шыққанымен, қонақтардың бәсі басымдау болып көрінді.

Алайда, Қазақстан құрамасы бірден шапшаңдық таныта білді. Кездесудің орта шегіне келгенде Сергей Хижниченко грузиндердің қақпасына гол соқты. Ал, екінші таймда қонақтар шабуылды өз қолдарына алды.

Тіпті, грузиндер Қазақстан қақпасына гол соғуға мықтап әрекет жасап көрді. Бірақ, ойға алған тәсілдерін іс-жүзіне асыра алмады.

Кездесудің екінші кезеңінде ешбір команда гол соғу мүмкіндігіне ие бола алмады. Сонымен, есеп: 1:0 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
Толық

Мектепке өтінішті ғаламтор арқылы беруге болады

Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер "E-learning" электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ол үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркелу қажет. Ата-аналар мектепті жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей бейіндері бойынша таңдай алады.
Жаңалықтар
Толық

15 млрд теңге көлемінде пара алған шенеунік қызметінен шеттетілді

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның президенті Ғ.Т. Мырзақұловқа қатысты қылмыстық іс қозғауына байланысты ол ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2013 жылғы 6 тамызындағы бұйрығымен қызметінен шеттетілді.

Бұл туралы Қазғарыштың баспасөз қызметінен хабарлады. "Қазғарыштың 2013 жылғы 6 тамыздағы бұйрығы бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президентінің міндетін атқару компанияның бірінші вице-президенті М.Р. Нұрғожинге жүктелді.

Компанияның іске асырудағы жобалары бойынша орындауға тиіс шарттық міндеттері мен жұмыс жоспарларының сақталуына бағытталған шаралар қабылданды", делінген таратылған мәліметте.

Еске салайық, 2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстаған болатын.

Жаңалықтар
Толық

"ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа шақырды

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті, қуғындағы Эдвард Сноуденге қызмет ұсынды.

Ресейлік РБК Daily басылымының хабарлауынша, бұл туралы "ВКонтакте" компаниясының директоры Павел Дуров мәлімдеген.
Жаңалықтар
Толық