Сабақтың тақырыбы: Сан есім Сабақтың мақсаты: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру. • сан есімнің тұлғасына, мағынасына және құрамына қарай түрленуіне арналған жаттығулар орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін кеңейту; • ой-өрісін, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін ,дүниетанымын дамыту; • адамгершілікке, елжандылыққа,ұлттық тарихи құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: шығармашылық-танымдық сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, жеке жұмыстар,ой қорыту, танымдық ойындар, ізденушілік жұмыстар. Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, домбыра, суреттер,цифрлардың таңбалары.
Сынып сағат мақсаты: Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту, тиянақты, нақты жауап беруге үйрете отырып, ойын ауызша айта білуге дағдыландыру, Отанын сүюге, тілді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сынып сағат көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, кітап көрмесі, оқушылар салған суреттер.