Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Математикалық

Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?
Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1:3 – 1:4 = 1/12-і. Мұрат бұл ара-қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7:15-те шығып, мектепке 8:15-те барады.

Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?
Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.

Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?
9/6х5=7,5 минут
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835–1898) — қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен.......
Рефераттар
Толық

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931)

Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы.

Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына.........
Рефераттар
Толық

Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881)

Шортанбай-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айырыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны: замана құбылыстарының шындығына өз түсінігі тұрғысынан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан қоғамдық құрлыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтап, зар шеккен ақ ниетті......
Рефераттар
Толық

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841 - 1918)

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841–1918) Батыс Қазақстан облысындаҚаработын ауданында, Ақбақай ауылында дүниеге келген. Мұхиттың ата-анасы дәулетті бай адамдар болған. Мұхамбеткерей Мұхиттың туған бауырлары: Пәнгерей, Шәнгерей, Сақыпкерей, Жәнші, Жүсіп бұлардың бәрі отбасымен мәдениетті жақсы көрді, ән айтты, скрипкада ойнады, күй тартты. Мұхит- халық композиторы күйші, домбырашы. Мұхит тойларда, ірі жәрмеңкелерде домбырада ойнап, ән айтумен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Есбай, Тазбала, Сәулебай күйлерін ерекше........
Рефераттар
Толық

Сұраншы батыр Ақынбекұлы (1815 - 1864)

Сұраншы батыр Ақынбекұлы (1815–1864) – қазақ батыры, Саурық батырдың немере інісі. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Ұлы жүздің шапырашты руының Есқожа тармағынан шыққан. Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасына атағы шыққан шешен, батыр болған адамдар. Сұраншы батыр Ресей өкіметіне Верный (Алматы) бекінісін салуға көмектесті. Орыс әскерлерімен бірге Тойшыбек бекінісі маңында Қоқан ханының 3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жетті. 1851 жылы орыс жасағымен қосылып, Орман......
Рефераттар
Толық

Бет ашар

Бір асу астың алдыңа,
Басыңа желек салдыра.
Қыз болған қызық күндерді,
Қайрылмай артқа қалдыра.

Бейтаныс өмір ашасың,
Бейтаныс үйді басасың.
Ендігі ұяң осы жер
Бақытты күнің жасасын.

Келін деген атты алып,
Иіле сәлем сен....
Құттықтау, тілектер
Толық