Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841 - 1918)
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841–1918) Батыс Қазақстан облысындаҚаработын ауданында, Ақбақай ауылында дүниеге келген. Мұхиттың ата-анасы дәулетті бай адамдар болған. Мұхамбеткерей Мұхиттың туған бауырлары: Пәнгерей, Шәнгерей, Сақыпкерей, Жәнші, Жүсіп бұлардың бәрі отбасымен мәдениетті жақсы көрді, ән айтты, скрипкада ойнады, күй тартты. Мұхит- халық композиторы күйші, домбырашы. Мұхит тойларда, ірі жәрмеңкелерде домбырада ойнап, ән айтумен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Есбай, Тазбала, Сәулебай күйлерін ерекше шеберлікпен орындаған. Мұхиттың әнді орындау дәстүрі халық арасында Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова және т. б. арқылы тараған. Ол әнді азамат болып қалыптасқан кезде шығара бастаған >және өз тыңдаушыларын оның әні сезімталдығымен, тереңдігімен бірден баураған. Мұхит шығармаларын өзінің творчестволарына көптеген Қазақстан композиторлары арқау етіп алған: Е. Брусиловский — "Жалбыр” операсындағы "Алуаш” әні, "Қыз Жібек” операсындағы "Үлкен Ораз”, "Ер Тарғын” операсындағы "Дүние-ай” дүниелері. Мұхиттың "Айнамкөз” әнін Б. Е. Ерзакович шекті аспаптарға арналған квартетіне қолданған, ал "Зәуреш” әні Л. М. Шаргородский мен С. И. Шабельский "Симфоньеттасында” пайдаланылған.
Мұхиттың шығармаларын қазіргі кезге дейін алып келген ұрпақтары: Шоң мен Нау және немерелері: Шайқы, Лұқпан, Ғабидлла болды.
Мұхит Мерәліұлын жарыққа шығарғып халыққа танымал еткен: Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Абилова т. б. болды.
«Көкайдай»- Әні мен сөзі Мұхиттікі орынд. Ғ. Құрманғалиев.
Мұхиттың шығармаларын қазіргі кезге дейін алып келген ұрпақтары: Шоң мен Нау және немерелері: Шайқы, Лұқпан, Ғабидлла болды.
Мұхит Мерәліұлын жарыққа шығарғып халыққа танымал еткен: Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Абилова т. б. болды.
«Көкайдай»- Әні мен сөзі Мұхиттікі орынд. Ғ. Құрманғалиев.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхит мұхамбеткерей мерәліұлы туралы қазақша реферат, мухит мухамбеткерей мералыулы туралы казакша реферат, мухит мухамбеткерей мералыулы туралы казакша омирбаяны, мұхит мұхамбеткерей мерәліұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке мухит мухамбеткерей мералыулы, биография на казахском языке мухит мухамбеткерей мералыулы, биография на казахском языке, мухит мухамбеткерей мералыулы, реферат на казахском языке, мұхит мұхамбеткерей мерәліұлы туралы, қазақша реферат, мұхит мұхамбеткерей мерәліұлы