Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі

Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес.
Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет.
Жұмыстың мақсаты:
Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
– етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу;
– эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру;
– көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.
Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.
Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту

Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші мектептің 5,7,9 сынып оқушыларына «Сөз құрамын» оқыту деп алдым. Сондықтан, біздің жұмысымыздың зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған «Сөз құрамы» тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әдебиеттерге шолу.
2) Бақылау эксперименті арқылы 5,7,9 сынып оқушыларының «Сөз құрамы» бойынша жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
3) Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеу әдістемесі:
1) Көмекші мектеп 5,7, сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
2) 5,7,9 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
3) 5,7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін талдау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Зат есімнің жалпы сипаттамасы

Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануарлар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі – зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, тағам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқай, қойын, қоныш) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (наным, шама-шарық, ынсап, нарық, мінез-құлық, кәде-жора, ырым, пікір, тентектік, ұялшақтық, ырыс) аттарын да білдіре алады.
Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер. Мұны аңғару үшін осы орайда оның құрамына енетін сөздердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Олар: күнделікті тұрмысымызда жиі аталып, жиі қолданылатын түрі бұйымдар мен нәрселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, қасық, табақ, кереге) тағамдардың аттары (сорпа, қазы-қарта, жент, сүт) жануарлар атаулары (жылқы, түйе, ақбөкен, ит) өсімдік атаулары (қайың, тобылғы, баялыш) табиғи денелер мен құбылыстардың аттары (ай, жұлдыз, боран, аяз) адамның кәсібін, тегін, мамандығын, қабілетін, білдіретін сөздер (тілші, диқан, мұғалім, саудагер, керей, найман, қазақ, орыс) тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, байланысты айтылатын сөздер (айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, қыз қуу). Мұндай біз зат есім арқылы көрінетін сөздердің лексикалық тобын тек шетпұшақтап қана атап өттік. Сөздердің мұндай тобының бәрін ине-жіпке тізіп санап шығу тіпті де мүмкін емес. Олар өте көп.
Сырт пішімі, тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің біразы түбір тұлғалы сөздер болып келетін болса (бас, із, ым, су, жол) бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер (тебінгі, малшы, бағбан, егін, ойық). Сол сияқты зат есімнің екі сөздің бірігуі арқылы жасалған түрлері (бірқазан, кәріқыз, өнеркәсіп, Қаратау) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (құрт-құмырсқа, шөп-шалам, бала-шаға) бар. Екі сөздің тіркесі нақтылы бір заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (ақ шағыр, сары шағыр, ақ тікен, темір-тікен, көкқұтан, аққұтан) зат есім қатарында танылады.
Дербес заттар мен заттардың белгілі тобының атын білдіру ыңғайына қарай зат есімдер жалқы есім (Үсен, Гүлнар, Алматы, Ұлытау, Ай, Темірқазық) жалпы есім (адам, қыз, қала, дала, өзен, көл) болып бөлінеді.
Бір-біріне ұқсас, бірыңғай нәрселер мен ұғымдардың атауышы болып келетін есімдер жиынтық мәнді зат есімдердің (тау-тас, жігіт-желен, қыз-келіншек, той-томалақ, кір-қоң, дәм-тұз) тобын құрайды.
Зат есімдердің тағы бір тобын ғаламзат есімдері мен адамзат есімдері деп атауға болады. Адамға қатысты есімдерге кісінің аты-жөнінен бастап оның барлық әлеуметтік, қоғамдық жай-күйін, хал-ахуалын білдіретін (ағайын, жекжат, қарындас, дәрігер, қойшы-қолан, жарлы-жақыбай) атаулар жатады да, ал адамнан өзге өлі және тірі табиғат беткеннің бәріне қатысты атулар (жартас, төбе, шыбын-шіркей, үміт, тілек, қой-ешкі, қалам, кітап) ғаламзат есімдері делінеді. Зат есімдердің бұл екі тобының бір-бірінен түбегейлі айырмашылы – адамзатқа қатысты есімдер әлбетте кім? деген сұрақтың, ал ғаламзатқа қатысты есімдер не? деген сұрақтың жауабы ретінде айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.
Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория  оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады.
Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді.
А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды.
Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность.
Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген.
А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/.
Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады.
Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі

КІРІСПЕ
Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1,6].
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:
– ауызекі сөйлеу тілі;
– ғылыми стиль;
– ресми стиль;
– публицистикалық стиль;
– көркем әдебиет стилі [2,8].
Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3,36].
Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Стилистикалық категориялар

К І Р І С П Е
Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін саласы. Стилистика стильдердің даму, өзгеру тарихын, тілдік құрастыру тәсілін, жанрлық қатынасын, тілдік экспрессивтік құралдарын зерттейді. Қазіргі стилистика әр түрлі лингвистикалық бағыттар мен мектептерде декскриптивті стилистика, мәтіндік стилистика, функционалды стилистика, прагматикалық стилистика, тарихи стилистика, практикалық стилистика, теориялық стилистика, салыстырмалы немесе контрастивті стилистика және т.б. ретінде қарастырылады. Стилистика мақсатты ойды қайткенде дәл, айқын, әсерлі, экспрессивті, көрікті, көркем етіп айтуға тиісті жақтарын, соларға тән тілдік тәсілдерді анықтайды.
Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалды түрі. Стильдің ерекшеліктеріне:
а) тілдік құралдардың қолдану нормасына сай таңдап құралуы;
ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрам;
б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері;
в) өзіне тән фразеология;
г) өзіне тән синтаксистік конструкциялар;
ғ) әр стильге лайық мәнерлегіш құралдарын, құрамы мен қызметін жатқызуға болады.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі стильдік тармақтар туралы пікірлерге назар аударар болсақ, әр түрлі көзқарастар, пікірлер беріледі. “Қазақ тілінің стилистикасы” еңбегінде: “Стильдер – тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді топтастыру проблемасы да – тіл білімінде тиянақты шешілмеген даулы мәселелердің бірі. Стильдерді топтастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ,” – дейді. Аталған еңбекте орыс тіл білімінде де әр түрлі көзқарастар бар екендігі айтылады. Қазақ тіл білімінде де түрлі топтастырулар бар. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі ресми стильмен бірге алынып жүргені белгілі. Эпистолярлық стильге ғалым Р. Сыздық: “бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері” – деп, анықтама береді [1, 45 б.].
Стиль ұғымына қатысты көптеген тіл мамандары ондаған жылдар бойы талай-талай пікірлер айтты. Соның өзінде бүгінгі таңда даусыз, бірауыздан қабылдайтын анықтаманы келтіру қиын. Ғалымдардың біразы бұл ұғымды көркемөнермен тікелей байланыстырады да, басқа салаларға содан тараған деп түсіндіреді. Екінші біреулер стиль тек әдебиеттануға ғана тән деген көзқарасты ұстанады. Қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларында жиі қолданылатын, тарихи жағынан қалыптасқан, тілдік құралдардың шартты түрде тұйықталған түрі болып табылатын әдеби тілдің түрін функционалды стиль деп атаймыз.
М. Серғалиев стиль туралы былай дейді: “Біріншіден, стиль дегеніміз – әдеби тілдің түрі, демек қалың қауымға түсінікті сөздер мен конструкциялардан тұруы керек. Екінші, ол – тілдік құралдардың қалай болса солай тіркескен тобы емес, шартты түрде алғанда тұйықталғаны жөн. Оның мәнісі – бір стильдегі тілдік құралдар стильдің екінші түрінде де кездесе береді деген сөз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік.
Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде, теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды. Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше тілге таңдау жасалатыны анық.
Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады. Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр. Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде. Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл пайыз көрсеткіші бойынша анықталды.
Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады.
Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп анықтау.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау, сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық