Туған жерім – түп қазығым, айбыным

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық....

Шығармалар
Толық

ҚАСҚА АЙҒЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ немесе жершіл жануар жайлы бір үзік сыр

Қаратаудың бауырында өскен Қасқа айғыр құлын күнінен-ақ болмысы дара, бітімі бөлек жануар еді. Оның кең жауырын, ұзын жалды, бөкен қабақты түр-тұрпатын көрген кісі қызықпай қалмайтын.
Біздің ауыл Қаратаудың қос бұрымындай Үлкен және Кіші Бөген өзендерінің нақ ортасынан орын тепкен шұрайлы өлке – Ақбастау. Бабын тапқан диханға барын берген жері жомарт, адамдары ақкөңіл, кез-келген үйіне бас сұқсаңыз ас-суын ұсынбай аттандырмайтын қонақжай қалыпты халқы бар берекелі мекен. Жастары көргенді, қарттары шежірешіл, кішісі үлкенін сыйлаған өнегелі, өрісті өлке. Осындай құтты мекенде береке-бірлігіміз тасып, шаңырағымыз шаттыққа...

Шығармалар
Толық

Жұмбақтар: ең қиын және миыңызды шынықтыратын 9 жұмбақ

Жұмбақ шешу – бір сәтке болсын күнделікті қарабайыр тіршіліктен алыстатып, зейініңізді, есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Ұсынылып отырған қызықты жұмбақтар топтамасы арқылы миыңызды шынықтырып, ой-өрісіңізді тереңдете түсіңіз.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың

Абай Құнанбайұлы отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ұлы Абай атамыз осы қазақ даласында дүниеге келген, қазақ халқының санасы үшін күрескен ұлы тұлға. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған ғой. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де....

Шығармалар
Толық

Ана...

Жан бар ма екен ана десе толғанбайтын,
Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын.
Бар ма жүрек ана десе толқымайтын,
Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын.
Ана деген жанға....

Өлеңдер
Толық

Ғашық еттің сен мені

Танысып ек екеуміз жаз айында,
Бір көргеннен ғашық оты лаулады ма?
Жүрек толқып сымбатына сұлулықтың,
Ғашықтық па білмеймін....

Өлеңдер
Толық

Парызың “сөйле” деп тұрғанда Үндемей қалу ­ қып-қызыл қылмыс


  1. Парыз деген сөздің мағынасы өте салмақты. Парыз халықтың алдында, ел алдында, ата-ана, ұстаз алдында болады. Егер сіздің өз жеке басыңызға ауыр сөз айтылса, оған төзуге болады. Ал егер сіздің халқыңызға, еліңіз туралы ғайбат сөз айтылса, кемсітсе, оған төзуге болмайды. Онда шынында да «Үндемей қалу – қылмыс».
  2. «Парыз бен қарыз» деген тақырыпқа телехабар жүргізіңіз.
Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Бiреуге үйретсең, өзiң де үйренесiң

a. Жомарттық адамды сыйлы, абыройлы, қадірлі етеді. Малға, дүниеге ғана жомарт болмау керек, біреуге үйретуге де жомарт  болу керек. Біреуге үйретсең, өзің де үйренесің. Ізденесің, көп оқисың, т.б. Өзіңізге тәжірибе жасап көріңіз...
b. Өзінің айналаңда білімге жомарт, үйретуге жомарт адам бар ма? Бар болса сол адамның қасиеттері туралы айтып беріңіз.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ынтымақ жоқ үйде ырыс жоқ. – Бақ, қайда барасың? – Ынтымаққа барамын.

Ынтымақ деген – үлкен ұғым. Ол бірлік дегенді де білдіреді. Жеке отбасының ынтымағы сол отбасы мүшелерінің бақытын қамтамасыз етсе, елдің ынтымағы – мемлекеттің халқының бақытын жасайды.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Елiңде абыройлы болсаң, түзде жүгiң қалмас

Елдің көңілі – елеуіш. Жаманын ұмытып, елеуіштен өткізіп жіберіп, жақсысын алып қалып, ескеріп, құрмет көрсетеді. Тарихта аты қалған тұлғалардың баршасы елдің есінде, көңілінде солай сақталғандар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық