Ана...

Ана...

Жан бар ма екен ана десе толғанбайтын,
Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын.
Бар ма жүрек ана десе толқымайтын,
Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын.
Ана деген жанға жақын сәби күннен,
Бойындағы нәрін берген, бәрін берген.
Тоғыз ай жүрегінің астында аман сақтап,
Жарық мына әлемді сиға тартқан.
Тілеу тілеп, еркелігін көтерген,
Бар өмірін баласына арнаған.
Ана деген нұр үміттін асқары,
Бибіт әлем аспаны.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Тамыр алған төзімнен.
Аспандағы бұлттарды да сейілткен,
Ерлік сезім байқалады көзінен.
Сын айтылып,
Мiн тағылымас анаға.
Ана деген ұлы есім,
Әлемнің падишасы саналатын.
Ана деген қасиетті есім ғой,
Үш әріптен тұратын.
Бар жақсыны бойына,
Жиып алған қазына.
Ана деген мөлдір бұлақ нәр беретін,
Қаттыны да жұмсатып,
Асауды да жуасытқан,
Мейірімнін ошағы.
Ана деген сөздін өзі құдіретті,
Тіршілікке өмір нәрін силаған.
Салт-санамен құрмет тұтқан бабалар,
Аналардан туған ұлы даналар.
Ана деген раушан гүлдей нәзік гүл,
Күн шуағы болмаса,
Салқындықтан солатын.
Сондықтанда ананы тіршілікте аяла.

Әліпов Айтбек Рымбекұлы


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу