Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп......
Сынып сағат тақырыбы: Ана тілің – арың бұл Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Сынып сағат көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат.
Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер. Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Білімділік: Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы адамгершілік құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс әрекет жасауға үйрету. Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, риясыз жақсылық жасауға, айналасындағыларға қиянат жасамауға тәрбиелеу .....
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін! Назарбаев Н. Ә. Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара! Жұмыр жердің бетіндегі қаншама елдің даму тарихы өз алдына бөлек әңгіме.......
Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу.......