Абай Құнанбаев (Жүрегім ойбай соқпа енді!)
Жүрегім, ойбай, соқпа енді!
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең — сол шикі.
Жетім қозы — тасбауыр,
Түңілер де отығар.
Сорлы жүрек мұнша ауыр,
Неге қатты соқтығар?
Сенісерге жан таба алмай,
Сенделеді ет жүрек.
Тірілікте бір қана алмай,
Бұл не деген тентірек?
Жоқ деп едің керегің,
Топ жиып ең бір бөлек.
Кезек келер демедің,
Ендігі керек қай керек?
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең — сол шикі.
Жетім қозы — тасбауыр,
Түңілер де отығар.
Сорлы жүрек мұнша ауыр,
Неге қатты соқтығар?
Сенісерге жан таба алмай,
Сенделеді ет жүрек.
Тірілікте бір қана алмай,
Бұл не деген тентірек?
Жоқ деп едің керегің,
Топ жиып ең бір бөлек.
Кезек келер демедің,
Ендігі керек қай керек?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: абай құнанбаев Жүрегім ойбай соқпа енді! өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Жүрегім ойбай соқпа енді!