Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Әңгімелер
Толық

Әлкей Марғұлан | Қозы Көрпеш Баян сұлу жыры


ЕКІ МЫҢ ЖЫЛ ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕТКЕН ЖЫР

КІРІСПЕ

Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың шығарған бір жарқын сәулетті әңгімесі. Бұл туралы жазылған әдебиет әрбір тілде орасан көп, солардың ішінде орыс әдебиетшілерінің пікірі ерекше орын алады.

Бұл жазуларды зерттегенде, олардың аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді. (Олар туралы кейінірек тоқталамыз).

Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған. Қозы Көрпеш - Баян сұлу аңызы бойынша, Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, Қозы Көрпешке ас беріп, ат шаптырып, той жасайды, Қозы мен Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, олардың суретін тасқа түсіреді. Баян сұлудың өңін, келбетін әдемілеп келтіреді (Радловтың варианты).

Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісіні бастап келген Айбас. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).

Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ,
Сурет болып бітіпті Аягөзге.
(Жанақ) .....
Әңгімелер
Толық

Биология | Шынжырлы тұқым

Шынжырлы тұқым – батыршылдыққа қатысты атау. Жаугершілік заманда батырлар үшін әскери кәсіп ата кәсіп саналып, әкеден балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа араласып, әскери кәсіппен айналысуға міндетті болған. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Ер Тарғын, Қобыланды, 17 – 18 ғ-лардағы Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, 19 ғ-дағы Исатай, Жанқожа, 20 ғ-дағы Амангелді, тағы басқа батырлар бәрі де ата-бабаларынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны шынжырлы тұқым деп атаған. Осылай ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын "шынжыры үзілмеу” деп атайды. Жаугершілік кезінде батырлар әулеті үшін ата кәсібін жалғастырмау масқаралық болып саналған. Сондықтан батырдың балаларының 13 – 15 жастан соғысқа қатынасып, жорыққа .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қалқаманұлы, Бұқар жырау

Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.
Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған.Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп,
.....
Рефераттар
Толық

Батырлар жыры

Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз отанын,туған елін сүйіп, қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: батырларға тән қасиеттерді талдата отырып, оқушылардың.......
Баяндамалар
Толық

Анам туралы жырлаймын

Ана – бәрімізге қымбат, қадірлі есім. Дүниеге алып келіп, ақ сүтін беріп өсірген асыл анамызды бәріміз өте жақсы көреміз. Анамыз түн ұйқысын төрт бөліп, түнде......
Шығармалар
Толық