Жастардың оты жалындайтын жыл
Жастар-кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші, мәңгілік елдің болашағы. Елдің кемел болашағы жастардың қолымен жасалады. Біз өз тарапымыздан еліміздің, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуға міндеттіміз. «100 нақты қадам», Рухани «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы да жастардың ісіне, дамуына негізделіп жолданған. Сондықтан бүгінгі басты талап та, қолдау да жастар үшін болып тұр.
Өз елімізді әлемге таныту үшін аянбай еңбек ету керекпіз. «Менің қолымнан не келеді?», «Мен нені жақсы жасай аламын?» -деп ойлануымыз керек кезеңге келген сияқтымыз. Себебі, біз мәңгілік елдің-тәуелсіз ұрпақтарымыз!
Жастар жылы-Қазақстан жастары үшін алғаш рет бастау алған қуанышты оқиға болды. Мұның өзінен-ақ бізге берілген көптеген мүмкіндіктерді байқауға болады. Бұл мүмкіндіктер өз болашағымыз бен ел болашағына тікелей байланысты. Жеке болашағымызды жоспарлай отырып, ел болашағын қалыптастырамыз. Болашақ деген сөзді естігенде ең бірінші ойға келетіні - армандар, мақсаттар, жоспарлар. Біздер үшін жұмбақ, қуанышты сәттер, романтика десем болатын шығар. Алдымызға қандай істерді әкелсе де сапалы жасаймыз, жасай аламыз деген ойлар.
Елбасымыз Жастар жылының салтанатты ашылуында былай деген болатын: «Бұл-мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын-біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» .....

Шығармалар