Мен - тәуелсіз елдің жас ұланымын

 Мен - тәуелсіз елдің жас ұланымын

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы
Абай негізгі мектебі
8-сынып оқушысы Шамхан Ерсұлтан

Тәуелсіздік қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы, қылыштың жүзімен, ата-баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері – осының жемісі.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұгінгі ұрпақ егемендіктің ғасырлар бойғы күрестің, «Елім, жерім» деп қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.

«Ерлік-ұрпаққа ұран, елге мұра» деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде. Соның бірі жалпылай бірдей мектептерімізде өзін-өзі тану пәні енгізеді. Бұл пәнде біз шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Пәннің ерекшелігі, біз еркіндікті сезіне отырып, жан жақты білім аламыз. Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы-соның айқын көрінісі. Біз, жастар, «Бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып», бір қозғалысқа бірігіп, биік асуларды бағындыруымыз қажет, «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын. Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Қ.Ж. Тоқаев ағамыз бен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай. Себебі құрамына оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібі мен көзге түскен үздік оқушыларды қабылдайтын ұйымның мақсаты-елім деп еміренген, батыр да дана, ақылды да айбарлы , ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Бүгінгі кезде рухани дүниесі кең, ұлтын сүйетін, білімге деген құштарлығы мол, дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат қалыптастыруда ұйымның атқарар жұмыстары көп екендігіне сенімі мол. Қазіргідей жаһандану кезінде ұлттық құндылықтар әлсіреп, замандас ұл-қыздарымыз қазақы болмысымызға сай келмейтін әрекеттерге бой ұрып жатқан бүгінгі заманда қоғамымызға осындай ұйымдар қажет-ақ. Менің ойымша, жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеу үшін ұлттық идеологиямыз мықты болу керек. Сондықтан да осындай ұйым тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ құрылуы керек еді деген ой да келеді. Дегенмен, ештен кеш жақсы дегендей,ұ йым жас өскіндердің талай ізгілікті шарасына арқау болып, тәрбие жұмысына жәрдемін тигізіп, патриоттық сезімнің мән-мазмұнын байыта түсетініне кәміл сенемін. 1»6 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» қарсаңында бүкіл республика бойынша оқушыларды «Жас ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтеді. Осы күні мен де ұйым қатарына кіре отырып, міндеттерімді жауапкершілікпен атқаруға ант беремін, мойныма байрақ түстес көк галстук пен кеудеме төсбелгі тағылғанда, бойыма жаңа бір тың күш қосылғандай болды. Сол сәтте кеудемді кернеген қуаныш сезімі мен жауапкершіліктік сезімі де қатар келіп, жүрегім атша тулағаны рас...

Көп білуге ұмтыламыз,

Өнер, білім ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс,

Жетелейді бізді алға,- деп ұйымның әнұранында айтылғандай, биік мақсатымыз, өр мінезіміз, ұшқыр қиялымыз,т ерең біліміміз, асқақ арманымыз бізді қашан да алға жетелемек!

Иә, мен күні күлімдеген,таңы жарқыраған тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылын артқа тастаған ұлан-ғайыр кең даласы, жаны жайсан жомарт халқы бар Қазақстан деген үлкен әрі қуатты елдің ұланымын. Ел тәуелсіздігінің болашағы мен тағдыры жастардың саяси-азаматтық, рухани бағдар-ұстанымына, патриотизміне, қандай азаматтық құндылқтарды қастерлеп бағалайтындығына тікелей байланысты. Сондықтан да туған жерімізді, телегей теңімізді, ұшар тауын мәнгі қар басқан зәңгір тауды, көкпенбек орман-тоғайы, көз жеткізгісіз даламызды қорғап, қастерлеу егеменді елдің төл перзенттері, тәуелсіз мемлекеттің ұландары-біздің міндетіміз деп ойлаймын.

Тәуелсіздік-Қазақ халқының

Сан ғасырлық арманы

Біздің туысымыз-Тәуелсіздік

Біздің тілегіміз-Бейбітшілік.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру