Жастардың қуаты – білім білігінде
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы
Жаңбырбай Әсел Жанболатқызы

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.
Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.
Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз. Осының бәрін біле тұра жастарымыз неге жат мемлекетке кете беру керек деп ойлаймын. Шетелдіктердің біздің елдің азаматтарына қаншалықты қонақжайлық танытатыны да белгісіз жағдай. Онсыз да ол жақта жастарымызды қара жұмыстан басқа ештеңе күтіп тұрмағанын естіп-біліп жүрмін.
Жастардың қуаты – білім білігінде. Сондықтан біздерге оқу керек, білгенді көңілге тоқу керек. Білімнің керектісін, пайдалысын алу қажет. Жоғары оқу орнын бітіріп, мамандық алу – міндетіміз. Сол арқылы біздер елге пайда әкелеміз. Қазір тіпті оқуға мүмкіндігі болмаған жандар да дипломды қажет етпейтін SMM маманы, интернет-маркетолог, копирайтер секілді мамандықтың жаңашыл түрін өздігінен ізденіп, меңгере алады. Бұл – замануи мамандықтар. Осының қайсібірі болмасын, оны ел игілігі үшін пайдалануға болады. Білім жүрген жерде біліктілік те қатар жүреді. Ал маманы білікті ел қатардан қалмайтыны белгілі. Қазір ғылым-білімге құштарлық танытқан, дамығысы келелтін адамға барлық мүмкіндік жасалған. Кітапханалардың барлығы заманға сай үлгіде қайта жасақталды, үйде де, мектепте де ғаламтор қосылған, мұғалімдер де кез келген сұрағыңа жауап беруге даяр. Қай нәрсеге қызығушылық танытсаң да сол туралы үйреніп, білуге кедергі жоқ. Солай бола тұра неге біздер алған білімізді, болмаса күш-жігер, еңбегімізді шетелдің қазынасына құюымыз керек? Керісінше, олардан пайдалыны үйреніп келіп, еліміздің қажетіне жұмсаған әлдеқайда дұрысырақ болар еді. Бастысы – еріншектікті қойып, жалқаулықты жеңу керек. «Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абай атамыздың мақалы да бекер айтылмаған.
Қазір көпшілік достарым ғаламторда ойын ойнап, уақыттарын текке өткізіп жатады. Мен де ғаламторда отырамын, бірақ мен өзімді қызықтыратын, түрлі деректер мен дәйектерге толы ақпараттарды көріп отырамын. Біздің елдің хал-ахуалын басқа мемлекеттермен салыстырып қараймын. Тарихымызға үңілемін. Тәуелсіздік жылдарынан бері елімізде қаншама алға жылжулардың болғанын байқаймын. Отыз жолда ойдағыдай жетістіктерге жете алдық, демек тағы бірнеше жылда озық мемлекеттермен қатарласатынымызға нық сенімдімін. Осындайда бүгінің мен кешегіңді салыстыруға мүмкіндік беретін қандай да бір ақпарат іздесең де алдыңнан шығатыны қуантады.
Болашақта мен де жоғары білім аламын. Содан соң өз елімде, туған жерімде халқыма қызмет етемін. Жиған-терген білімімді Қазақстанның игілігі үшін, оның дамуы, көркеюі үшін жұмсаймын деген мақсатым бар. Өйткені бұл елде мен, менің ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым тұрады. Солардың бәрі де, сондай-ақ, барша қазақ халқы жақсы әрі жайлы өмір сүруі тиіс. Мен соған барынша күш саламын. Ата-анамның, ұстаздарымның үмітін ақтауға міндеттімін. Егер де әрбір жас білімді болуға ұмтылса, онда келешекте жастарымыз шет елдерге қара жұмыс істеп, жат ұлтқа қызмет қылу үшін емес, Димаш Құдайбергенов, Роза Рымбаева, Илья Ильин, тағы да басқа аға-әпкелеріміз секілді өнеріміз бен мәдениетімізді әлемге асқақтату үшін, елдің атын шығару үшін ғана баратын болады. Сондықтан білім биігіне бірге қол жеткізейік, достарым!
Себебі болашақ біздің қолда.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Жастардың қуаты – білім білігінде туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Жастардын куаты – билим билигинде на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Жастардың қуаты – білім білігінде