Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.
"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?
Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.
Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі жай емес. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.
Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жж) Сабақтың тақырыбы: ҚР тәуелсіздігінің жариялануы Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, нәтижелерін тұжырымдау; Оқу мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, нәтижелерін тұжырымдау; өткен тарихи оқиғалармен сабақтастықты орнату арқылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануының тарихи маңызын түсіндіру......
Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында. Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен. Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді. Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді. Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді. Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. ....
Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың. Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын. Көшіңді бастап бақытты болашағыңа, Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік. Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты. Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдіреден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды. Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті. Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді! Атадан ұл туса-игі Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді......
Тұғырымыз –тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз-татулық болса еліміз тарих төрінен табылады Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді. Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді......
Пайғамбар айтып өткен жарамазан, Оразаң қабыл болсын, байекежан! Мінгені Пайғамбардың есек деген, Қолында жұдырықтай кесек екен. Осы үйде бір көкем бар Құдай сүйген, Қайыры ол көкемнің жұртқа тиген. Меккеде бір ағаш бар басы қара, Құдайым ұғыл берсін қасы қара, Жатасың бауырыңа басып қана. Өтіпті бай Қарынбай малға тоймай,....
Мінгенде атым кер шұбар, Тебінген сайын тер шығар. Тең тұсың сенің келгенде, Теңселіп үйден кім шығар. Үйге бір жапқан туырлық, Заманым кетті қуырылып. Құрбың сенің келгенде, Кім шығар үйден суырылып. Үйге бір салған уықпын, Әр пәлеге жуықпын. Айналайын, Құдай-ау, Сәтсіз де күні туыппын. Үй артында сырығым, Ұстаған жерде сынуын.....