Болашағы жарқын Тәуелсіз елім

 Болашағы жарқын Тәуелсіз елім

Булюкбаева Аружан
8-сынып , №8 Дарынды балаларға арналған
мамандандырылған облыстық мектеп, БҚО, Орал қ.,
Жетекші: Джумашева Гайша Мутиевна

Тұғырымыз –тыныштық,
тірегіміз-тұрақтылық,
тілегіміз-татулық болса еліміз
тарих төрінен табылады
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл басында өз халқына сөз арнап, жолдама жасайды. Ол теледидар, баспасөзде кеңінен жарияланады, халқымыздың талдауына түседі. Өйткені, оның сөзінде Қазақстан халқының әл –ауқатын көтерудің, мәдениеті мен тұрмысын жақсартудың мәселелері кеңінен айтылады. Жолдамада барлық мәселелердің ішінде мені қызықтырған нәрсе – қазақ елін, оның тілін мәңгілікке жеткізуге ұмтылу, оны жүзеге асырудың жайы. Осымен байланысты Қазақстан даму тарихынан өзім білетін жайларды шолып шықтым. Біздің ата-бабаларымыз осы аймақта басқа да тайпалармен бірге өмір сүрген. Төрт түлік мал өсіріп, кең далада бағып, күн көрген. Тарихтан белгілі моңгол шапқыншылығы кезінде, олар біздің жерімізді, елімізді тапап өтіп, орыс жерлерін үш ғасыр бағынышта ұстаған. Сөйтіп, біздің мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайымыздың дамуына нұқсан келтірген. Ақыры жаугершілікпен келген моңғолдар өзгенің жаугершілігінен жойылып кеткен. Осыдан кейін бұрыңғы сақтар, қыпшақтар өз мекенжайларында қайтадан ел болған. Ертегілер мен дастандардан бізге белгілі болған батырлардың, хандардың істері- осы қазақ елінің біртұтас қалыптасуын бейнелейді.
Бүгінде халық аузында «Білектің күшімен, найзаның ұшымен» иемделіп келген қазақ елінің бүгінгі жер- аймағы қатарлас елдердің арасында көлемі жағынан 9-орын алады. Олардың арқасында қазір Жайық, Ертіс, Іле, Каспий, Арал сияқты өзен–көлдеріміз бар. Биіктігі мен сәнділігі жөнінен дүниежүзілік тауларынан қалыспайтын Алатауымыз да бар. Көп жылдары Ресейдің қарауында болған еліміз алғаш рет қырғын– соғыссыз, ұтымды саясаттың арқасында, бейбітшілікпен Тәуелсіздікке келді. Ол – тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясаты деп халық есептейді.Осының арқасында еліміздің шекарасы белгіленді. Отанымыздың Әнұраны, Елтаңбасы,Туы бар. Тұңғыш валютасы –теңгесі бар. Бұларсыз басқа мемлекеттер біздің елімізді танымас еді. Бір кезде мал шаруашылығымен айналысқан «көшпенділер» деген атақ алған ел, бүгінде өзі автомобиль, тепловоздар, вагондар шығарып, шетелге сатады. Халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін, жер байлықтары: мұнай, газ -халық игілігіне жұмсалады және сатылады.
Соның арқасында елімізде көптеген мектептер, ауруханалар, мәдениет ғимараттары салынды. Тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, адамдарымыз сәулетті көп қабатты пәтерлерге тұруға қолдары жетті. Президентіміздің жүргізген оңтайлы саясаты елдің мәдениеті мен экономикасын көтеріп қойған жоқ, дүниежүзіндегі беделімізді көтерді. Ең алдымен, осы заманның жойқын қаруы - атом бомбалары мен ракеталарынан бас тартты, дүниежүзілік халықтарына осылай істеуге ұран тастады, дүниежүзілік халқы толық қуаттады. Сондай- ақ, 2017 жылы Астанада ЕХРО-17 өтетін болды. Бұның мәнісі- жер қойнауындағы энергия көздері қанша көп болса да таусылатыны белгілі. Сол кезде халыққа ең арзан және таусылмайтын энергия көздері – күн сәулесі, жел, атом энергиясын пайдаланудың жаңа құралдары мен тәсілдері осында жинақталып, таныстырылады. Айтуларынша, екі миллионға тарта адам келеді. Бағдарламаға сәйкес, еліміздің экономикасы мен мәдениеті 50-ші жылдары дүниежүзіндегі 30 мемлекеттің қатарына жету керек. Осындай байлығы бар, даму қарқыны үлкен біздің Елдің мәңгілік болатынына мен әбден сенемін. Осындай Елдің тілі де мәңгілік болмауы мүмкін емес. Қазақтың тілі- бай, көркем, тұрмысына лайықты дамыған тіл. Жалғыз музыкалық аспабы-домбырамен ғана қазақ музыкасын дүниежүзіне таныта білген Құрманғазы атамыз бен Дина шешемізді мен Бетховен, Моцарт, Шестакович және басқа Еуропа музыканттарынан артық болмаса, кем көрмеймін.
Скрипкашы-Айман Мусаходжаева әлем музыканты деген атақ алған адам. Жаңа заманда жаңа дәстүрлер қалыптасуда, соған қарай тіліміз де дами түсуде. Дамыған елдерде ағылшын тілін «Шекспир тілі» деп, орыс тілін «Пушкиннің тілі» деп дәріптейді. Ал, сондай дәрежеде біз қазақ тілін «Абайдың тілі» деп айта аламыз. Біздің елімізде әр халықтың өз тілінде сойлеп, оқуына мүмкіндік берілген. Мұндай елдер көп емес. Мен оқитын мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытады. Мектепті бітіргенде, түлектеріміз үш тілді біліп, үш ұлттың мәдениетімен танысады. Бұл-өмір талабы. Бізде дамыған елдердің тауарлары көп әкелінеді. Солардың нұсқаулықтары үш немесе екі тілде жазылады, әсіресе қазақ тілінде міндетті түрде жазылады. Республикамызда қазақ тілін білуге деген құштарлық өсіп келеді. Мемлекеттік тіліміздің болашағы үшін әрбір азамат жауапты. Тіліміздің байлығы - әдеби шығармалар, Абайдан бастап кітапханаларда сақталған. Бұл –зор әдеби мұра.
Мәңгілік Елімізге мәңгілік Тіліміз сай келеді. Президентіміздің нұсқауы дұрыс деп білемін. Қазақстанның болашағы жарқын екеніне отандастарымның риясыз сенетінін білемін. Еліміздің алдағы кезеңі қазіргіден де жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ, себебі өзінің болашағына сенген елдің сенімі ешқашан алдаған емес.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру