Қазақ әдебиеті | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында

ауыржан Момышұлының өмірбаяны
Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Цифрлык фиксатордын орналасуын жане контроллердин нысан уакытын жобалау

Кіpіcпe
Қaзіpгі кeздe мexaникaлық тepбeліcтің біp түpі – cтaнoктapдың діpілі
жәнe бөлшeктepдің coғылyы, aвтoкөліктepдің жeкe бөлшeктepінің діpілі мeн
aвтoкөліктepдің өзінің діpілі, тeміp жoл тpaнcпopтындa пoeздepдің
жaқындaғaндaғы діpілі, энepгeтикaдa гaз тypбинaлapының қaлaқшaлapының
діpілі, aвиaқұpлыcындa тypбинaлapдың діpілдeп coғылyы жәнe т. б., aдaм
өміpінe қayіптілігінe бaйлaныcты, үздікcіз peaлдық yaқыт peжимінe cәйкec
өлшey мeн бaқылayды тaлaп eтeді.
Дeнeлepдің діpілі өлшey үшін caн түpлы бepгіштep бap бoлғaнымeн,
кoмпьютepлік жүйeлepді қoлдaнy өтe cиpeк кeздeceді. Қaзіpгі кeздe кeңіcтіктe
зepттeлeтін oбъeктінің діpілінің қoзғaлыc пapaмeтpлepі - діpілдің қoзғaлыcы
(діpілдің aмплитyдacы) жәнe діpілдің жылдaмдығы (діpілдің жиілігі) жәнe
діpілдің үдeyі жaнa кoмпьютepлік тexнoлoгияны қoлдaнyды тaлaп eтeді.
Өлшey тexнoлoгияcының нeгізгі
жeтіcтіктepі бoлып LabVIEW
бaғдapлaмaлық өлшey жүйecінің дүниeгe кeлyі. LabVIEW -дың
әдeттeгі құpaлдapдaн aйыpмaшылығы oлapдың
фyнкцияcы, пaйдaлaнyшы интepфeйcі, aқпapaт жинay жәнe өндey aлгopитмі
өңдeyші eмec, кepіcіншe пaйдaлaнyшымeн aнықтaлaды.
LabVIEW пpoгpaммacы өзінe cтaндapтты құpaлдap aвтoмaтты жoбaлay
қocымшacын қocaды, oның көмeгімeн бacқapy нүктeлepін opнaтyыңызғa
бoлaды, жәнe бoлып жaтқaн пpoцeccтepдің ықшaмдыpaқ түcіндіpy үшін,
пpoгpaммaның aдымынaн eкінші aдымғa қapaй қaлaй opындaлып жaтқaнын
көpy үшін пpoгpaммaнызды cтeндтік мoдeль түpіндe көpceтeді.
LabVIEW – бaғдapлaмaлayдың әмбeбaп жүйecі, coнымeн қaтap oл өзінe
жoбaлay құpaлын жәнe кітaпxaнa фyнкцияcын қocaды, oлap мәлімeттepді
өндey, құpaл-жaбдықпeн бacқapy жәнe apнaйы мәлімeттepді жинayғa apнaлғaн.
LabVIEW пpoгpaммacының aтaлy ceбeбі (VIs), oлap нaқты құpaл-
жaбдықтapдың cыpтқы түpін жәнe қoзғaлыcын қaдaғaлay мүмкін. Coнымeн
қaтap, VIs cтaндapттылы тілдep пpoгpaммaлap фyнкцияcынa ұқcac. Біз бұл
диплoмдық жoбaдa caндық фикcaтopдың
opнaлacyын жәнe микpoкoнтpoллepдің yaқытын LabVIEW бaғдapлaмaлay opтacындa
қapacтыpaмыз.Діpілдepдің yaқыт бoйыншa aмплитyдaлық жиіліктepін
LabVIEW бaғдapлaмacындa блoк диaгpaммaлap құpып,микpoкoнтpoллepлepді opнaлacтыpaмыз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

Табиғаты бай әріжері кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұракты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Сүтқоректілер ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы басқа өнімдердін халық шаруашылығына пайдаланы аламазы. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдары ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер мен олардың личинкаларын, кеміргіштермен азықтанып, пайдасын да тигізеді.
Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, тақтұяқтылар, жұптұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей тұрі тіршілік етеді. Дипломдық жұмыс сүтқоректілер класының өкілдері бірі борсықтың қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жануартану | Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.
Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде жүйке торшаларынан – нейрондардан және жүйкелік глеядан - нейроглядадан тұрады. Нейроглия торшалары нейрондар аралығында орналасады да, оларды біріктіре, дәнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш және нәрлік қызмет атқарады.
Жүйке торшалары жүйке жүйесінің құрылымдық және әрекеттік негізі болып табылады. Нейронның ядролы денесі және одан жан-жаққа тарайтын бір ұзын, көптеген қысқа өсінділер болады. Қысқа өсінділер – дендриттер, ал ұзын өсінді – нейрит немесе аксон деп аталады. Дендриттер сырттан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, нейрон денесіне өткізеді, ал нейриттер нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа нейрондар дендриттері ұшына, немесе атқарушы мүшеге жеткізеді. Нейрон өсінділері сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келіп, жүйке тамырларына айналады. Бір жүйке тамырдың құрамында бірнеше мың немесе миллион талшықтар болады. Осыдан жүйке тамыры жүйке талшықтарының будасы болып табылады. Жүйке тамырларының негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нәтижесінде нерв жүйесінде туындаған процесті айтады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Испанияның физикалық жане географиялық жағдайы

Испания –Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиус аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын және Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута және Мелилья қалаларын иемденеді. Географиялық координаты 40 градус солтүстік ендік, 4 градус батыс бойлық. Испания территориясының жалпы аумағы 504750 шаршы км құрайды. Құрлық аумағы 499400 шаршы км. Ал өзен және көлдер аумағы 5350 шаршы км. Материктік Испания батысында Португалиямен, солтүстігінде Франция және Андоррамен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Испания солтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстік -батысы және оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен, шығысында және оңтүстік шығысында Жерорта теңізімен шайылған. Испания Королдгі Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, ағылшын колониясы Гибралтармен 1.2 км, Мороккомен: Сеута қаласы 6.3 км, Мелилья қаласы 9.6 км- шекараласады. [1-20]
Шекараның құрлықтағы жалпы ұзындығы 1919 км, жағажайлық линиясы 4964 км. Испания Еуропада Швейцариядан кейінгі биік таулы мемлекет. Таулар ел территориясының 90 пайызын алады. Пиреней Испаныияның ең биік таулары емес. Елдің оңтүстік-шығысында биіктігі Алпіден ғана төмен Кордильера–Бетика деп аталатын тау жүйесі орналасқан. Оның жоғарғы нүктесі Муласен тауы. Бұл Еуропаның оңтүстігіндегі жаз бойы қар сақталып тұратын аймақ. Пиреней түбегі жан-жағынан сумен қоршалғанына қарамастан, елдің климаты мұхиттармен емес, сыртқы факторлардан қорғайтын тауларының есебінде көрінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан жақты зерттеу

Тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған тауаралық Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ойпаң солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 260 км-ге созылып жатыр, орташа ені 110-120 км, ауданы 32000 км2. Зайсан ойпаңы солтүстігінде оңтүстік Алтайдың таулы сілемдерімен, оңтүстігінде Саур-Тарбағатай таулы жүйелермен, батысында Шар-Көкпекті ұсақ шоқысымен шектеседі. Ойпаңның териториясында аймақтық және жергілікті жарылымдар таралған. Зайсан ойпаңында әртүрлі аккумуляциялық, аккумуляциялық-денудациялық бедер пішіндері тән.
Жұмыстың өзектілігі тауаралық Зайсан ойпаңының территориясында жаңатектоникалық қозғалыстар әсерінен жер қыртысы деформацияға ұшырап әртүрлі бедер пішіндері қалыптасуына әсер етіп, жер сілкіністері болып тұрады. Қазіргі геоморфологиялық процестер бедердің морфологиясын, денудацияның даму деңгейін анықтайды және территорияның топырақ түзілуіне, табиғи су ағынына, экологиясына әсер етеді. Территорияны жан-жақты зерттеу маңызды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан-жақты зерттеу, жер сілкінуді қадағалап зерттеу, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың халық шаруашылығына маңызды мәселе екендігін көрсету.
Жұмыс негізінен жинап алынған ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан республикасының геологиялық қорындағы құжаттарға сүйене отырып, картографиялық материалдар зерттеу нәтижесінде жазылған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық