Ерлан Бақтыгерей

Ерлан Бақтыгерей – Ш. Қажығалиев атындағы 1-ші Республикалық дирижерлар конкурсының лауреаты, Астана қаласындағы Академиялық филармония симфониялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі (2013 - 2015 гг.)

Өмірбаяны
Мен, Ерлан Бақтыгерей, 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келдім. Әкем Ауған соғысына қатысқан, анам бухгалтер. Үш ұлдың ортаншысымын. Отбасымызда музыканттар болған жоқ. Бала кезімде ағамның үйіне қонаққа барғанда, ол менің музыкаға деген ынтамды байқаған. Дәл осы уақыттан бастап, өнерге ден қоя бастадым.
Тарихы ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғалым Нұрланов

Ғалым Нұрланов - кітапханашы, әрі зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші.

Ол 1989 жылы 19-мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Кітапхана ісі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында бастады. Қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Жұмыс барысында кітапханадан шығатын «РБНСГ-Вести» газетінің шығарылуына өз үлесін қосты. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ақжүрек Таңатаров (1986 жылы)

Ақжүрек Таңатаров – спортшы

Ол қалай айтсақ та тәуелсіздік жылдарында жасындай жарқыраған жұлдызды спортшы. 1986 жылы Алматыда қазақ жастары «Желтоқсан» оқиғасына қатысып, ұлт азаттығын талап еткен шақта Ақжүрек Таңатаров дүние есігін ашты. Шынашақтайынан шымыр денелі Ақжүрек Тәуелсіздіктің елең-алаңында еркін күрес секциясына жазылады. Азат елдің асқақ ойлы азаматы сол бір балаң шағында Олимпиада ойындарында атой саламын деп ойлады ма екен?! Сол жылдары ғой, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов бастаған жамбылдық жампоздар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарында-ақ абыройын асырып, қос бірдей жүлдемен (күміс, қола) оралды. Боксшы ағаларының жеңісті жорығы тұла бойы намыстан жаралған Ақжүректі де спорт залға жетектеп келген еді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қоржынына Олимпиада жүлдесін салу.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жамбылға арнау

Жамбыл десе, ойыма жыр келді,
Жыр ғұмырдың негізі – Жамбыл абыз.
Жүз жыл жырлап, қалдырған....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Шәкiрт балаларға)

Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған.
Майысып сұлу мәуесі,
Түрлерің гүлдей жайнаған.
Мектеп боп ынтық — әуесі,
Жасынан білім ойлаған.
Айналам сендей......
Өлеңдер
Толық

Кәсіби дикторлар сияқты сөйлейтін жамбылдық күзетші желіде жұлдызға айналды (видео)

Жамбылдық күзетші Жасұлан Кенжебай туралы бейнероликтер әлеуметтік желілерде пайда бола салысымен ғаламтор қолданушыларының таңданысын туғызды деп жазады zhambylnews.kz.
Жаңалықтар
Толық

Жамбыл Жабайұлы (1846-1946)

Жабаев Жамбыл (1846–1945) – ұлы ақын, жырау, жыршы. Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы ......
Рефераттар
Толық

Тараз қаласы

Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың....
Шығармалар
Толық

Жамбыл десем ойыма...

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда.....
Шығармалар
Толық