Жамбыл десем ойыма...

 Жамбыл десем ойыма...

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда ақын шығармашылығы әлі толық зерттелмеген. Міне, сондықтан да, Жамбылдың ақындық құдіретінің әлі де ашылмаған құпия-сырлары, жаңалықтары, толқыныстары мен қуаныштары жетерлік.
Ұлылықтың қыры көп. Жамбыл ақындықтан да, жыршылықтан да, жыраулықтан да сусындаған. XIX ғасырда ана құрсағынан, XX ғасырда заман құрсағынан дүние есігін ашқан Жамбыл – ашылмаған сыр, қазақ поэзиясындағы қайталанбас таңғажайып құбылыс. Қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген қазақ Гомерінің асыл мұрасы – қазақ тарихының да жетістігі. Көпшіліктің де көңілінен шыққан, жаманға да, жақсыға да ұнаған Жамбыл – мінсіз таза айна секілді. Өйткені, қазақ айнасын жек көрген адам, қасиеттемеген халық жоқ шығар, сірә. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.

Автор: Шайхыслям Ақтолқын


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру