1 – бала: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық. 2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал: – Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша: – Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал: – Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті. Бір күні шал тазшаға: – Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың....
Балалардың кіруі. Тәрбиешінің сөзі: Тақпақтар. Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды. - Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары. Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді. Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді. 1. Қиял-ғажайып ертегілер. 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 3. Салт (шыншыл) ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді. Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. ....
Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын синдром. Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі. Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға: — көңіл-күй күйзелістері; — ауа-райы өзгерістері; — тұзбен суды мөлшерден көп қолдану; Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз, қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек кездеседі. - гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды кенеттен тоқтату т.б. жатады. Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша) I типті — адреналдық және II типті - норалреналдық; ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай: гиперкинетикалық аукинетикалық және гипокинетикалық деген түрлерге бөлінеді. I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты. Ол гипертония ауруының алғашқы I және ІІ сатыларында кездеседі. Оның ұзақтығы 2 сағаттан көп болмайды және жеңіл түрде етеді.....
Адам және адамтәрізді маймылдардың ортақ ата тектері. Мезозой заманының соңғы бор кезеңінде (бұдан 65 млн. жыл бұрын) жер бетіндегі ауа райы суыта түсіп, маусымдық құбылыстар орын ала бастады. Бұл кезде жорғалаушылардың көптеген өкілдері (динозаврлар, т. б.) жойыла бастады да, оның орнына сүтқоректілер пайда болды. Сондағы бунақденеқоректі сутқоректілерден алғаш рет приматтардың өкілдері пайда бола бастады. Бұдан 36—23 млн. жыл бұрын приматтардын өзі 2 тармаққа: тартанаулы және кеңтанаулы болып бөлінді. Тартанаулы маймылдар тобына геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен барлық приматтардын түрлері, адамтәрізді маймылдар және адам жатады. Ал қазіргі кездегі тіршілік ететін маймылдардың көпшілігін кеңтанаулы приматтарға жатқызады. Демек зоологиялық жүйе бойынша адам тәрізді маймылдар мен адам өзара жақын туыстас топқа жатады. Кайнозой заманындағы жер шарының солтүстік және оңтүстік ендіктерінде ауа райының салқындауының нәтижесінде бұрынғы орманды алқаптардың орнын далалы алқаптар басты. Осындай қатаң табиғат жағдайларында өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір тобы еңбек құралдарын жасауға, ол үшін қолды еңбек кұралы етіп пайдалануға, әрі тік аяқпен жүруге және құрғақ далалы аймақтарда тіршілік етуге мәжбүр болды, яғни жаңа орта жағдайына бейімделу жолына түсті. Адамтәрізді маймылдардың тіршілік етуі үшін кейбір жыртқыш жануарлар аса қауіпті болды. Маймылдардың ондай жыртқыш жануарлармен тайталасуына шамасы келмеді. Олардың басқа жануарлардан артықшылығы — дене мөлшері шағын болса да ми көлемінің едәуір үлкен болуы, сондай-ақ олардың сезім мүшелері де жақсы дамыды. Сонымен бірге маймылдардың қолы да ағашқа жармасып, өрмелеуге, жабысып қатты ұстауға, заттарды лақтыруға икемді болды. Маймылдар ағаш басында қолымен ағаштарды қармап, ұя жасауға бейімделе бастады. Эволюциялық дамудың бұл кезеңінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тұрақтала түсті. Маймылдардың бұл кездегі топтанып, тіршілік етуінің де маңызы зор болды. Олар жауларынан қорғаныш, өз ұрпақтарына камқорлық жасауда едәуір тәжірибелер жинақтап үлгерді және ұзақ уақыттар бойы далалы аймақтарда екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуге бейімделе түсті. Тіршілік үшін күресте олардың қөпшілігі қырылып кетті, тек кейбір орта жағдайына бейімделе алған төзімділерінде тұқым қуалайтын өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа табиғи сұрыпталып беріліп отырды.....
Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....