Энергетика және байланыс | Таңертеңгі асты дайындау құрылғысының микропроцессорлық басқаруын жобалау

1. Кіріспе мен мақсаты:
Менің курстық жұмысымның мақсаты- таңертеңі асты дайындау АРЖ-сін микропроцессорлық элементтер негізінде жобалау. Бұл мақсатқа жету үшін келесіні орындау қажет:
-автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын құру;
-автоматтандыру негізгі шешетін есептерін құру;
-орындаушы және мән беруші элементтерін таңдау қажет және сол таңдауды дәлелдеу;
-элементтердің электрлік сұлбасын және элементтердің көрсеткіштер кестесін құру;
-басқарудың алгоритмдік сұлбасын құру;
-программасын жазу керек;
2.Берілгені:
Мен таңертеңгі асты дайындайтвн автоматты қарастырамын. Бұл үшін сағат, тостер және кофедайындағыш (кофеварка) керек. Жұмыс істеу алгоритмі:
- сағат жетіні көрсеткенду тостер және кофедайындағыш қосылады;
- тостерде қосымша нан бөлінділері салатын резервуар бар; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Байқоңыр Кеше Бүгін Ертең

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. ....
Рефераттар
Толық

Елімнің ертеңіне сенемін

Бастауыш сынып оқушыларының көңілі сондай нәзік те, таза ғой, шіркін! Олар өмірді шынайы қабылдайды. Сол оқушыларыммен болған бірер сәттерді сөз етпекпін.



Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өмірге деген құлшынысы басталары хақ. Жарқын болашақ үшін, әрдайым кемел келешектің кілтін жастардың қолына ұстатып жататын атадан қалған дәстүрімізді жалғап келе жатқан ұрпақтарымыз. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан қысқы демалыс та артта қалды. Ерекше бір қуаныш сезімі бойымды билеп, мектепке асыға басып келемін.Әне алыстан мектебіміздегі Мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп қуанышымды еселей түскендей. Бірінші сынып оқушылары алдымнан жүгіріп шығып мәре-сәре. Тіпті демалыстағы қызықтарын жамырай айтып жатыр. Көздерінде үлкен үмітпен ұстазын сағына қарсы алып жатқан бүлдіршіндерімді көріп ынта жігерімнің арта түскенін байқадым. Дәл осы мезеттің өзі келешегіміздің кемелденіп, қуанышымыздың еселене түскенінің көрінісі-ау. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаз қауымының адал еңбегін айтпасқа болмас. Біздің ел-шынайы, ақылды, іскер адамды дәл танып,оны қадірлеп, қажет болар жерінде демеу бола білген ел. Дүниежүзінде материалдық игіліктері бойынша дамыған елдердің қатарына енетін күндер де алыс емес. Армандарымыздың адастырмай тура жолдан тайдырмауын тілеген, тәлімі мен тәрбиесін үлгі еткен халықпыз. Өнегелі әңгімелердің бірінде: .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Экспо Ел ертеңі балалар


Үлкен ұлым Асылбек: «Келініңіз Сәндігүлді жұмыс орнынан Астанаға, ЭКСПО - 2017- ге, жіберіп жатыр. Анасымен бірге Нұрфарабиді де көрмеге жібермекпін. Билетін сатып алып қойдым»,- дегенде ел көріп, жер көргелі отырған құрттай құлыным, тұңғыш немерем, үшін жүрегімде қуаныш сезімі билеген.

Сол сәт 2012 жылы 22 қаңтарда аталған көрмені Астана қаласында өткізу жөнінде шешім қабылданғанда Нұрфарабидің бар болғаны үш жаста екені есіме түсті.

Енді міне... Баязит әулетінің атынан көрмеге барғалы отыр. 10 маусым күні көрменің салтанатты ашылуын ел қатарлы теледидардан көріп, шаттығымыз еселей түсті.

-Әлемнің әр қиырынан ағылған халықтың, ығы-жығы кісілердің арасында құрттай бала Нұрфарабиді айтам, - деп маған аңтарыла қараған әжесі Ырымкеш Мадиқызы , -адасып кетпесе жарар еді......
Әңгімелер
Толық

Ел ертеңі - менің ертеңім

Мен өз ертеңімді тәуелсіз елімнің ертеңімен байланыстырамын. Мен математика ғылымын жақсы көремін. Бос уақытымды да математика мен компьтерге арнаймын......
Шығармалар
Толық

Ерте ояну әдетін қалай оңай қалыптастырамыз?

Бір күнде барлығына үлгеру үшін, ерте тұру керек екенін сіз де жақсы білерсіз. Бүгінгі материал осы тұрғыдан көмекші болмақ. Алайда мұнда айтылған кеңестерді бірден орындаудың қажеті жоқ. Тек төмендегі ақыл-кеңестің өзіңізге қолайлысын таңдауыңыз қажет.
Кеңестер
Толық

Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
Жұбан Молдағалиев


Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,
биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз.......
Шығармалар
Толық

Таңертең бір стақан ыстық су ішіңіз

Сіз таңертең бір стақан ыстық су ішу арқылы ішек-қарын жолдарын тазалай аласыз. Себебі ыстық су ағзадағы барлық артық заттан құтылуға көмектеседі. Сонымен қатар, ұйқыңызды ашып, ерекше........
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Қуант бізді Жаңа жыл! )

Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа 2017 жылдан күтер сыйым жақсылық

«Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық»
(Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)

Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі



Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық