Бабалардың өз ерлігі ұрпақ санасынан еш уақытта өшпек емес

Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңда! – Жұбан Молдағалиевтың рухты өлең жолдарын тілге иек ете отырып, жарқын болашақ көзімен майдангер-баба ерлігіне алғыс! Егемендік пен еркіндіктің, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің тәтті дәмін тату Алланың берген ең асқақ сыйы. Осынша құдіретті атауды абыроймен көтеру үшін бабам не көрмеді десеңші?! Сонау ХV ғасырдағы тарих беттеріне сапар шегер болсақ, қуғын-сүргін де, аштық пен тоқырау да, сұм соғыс та қазақ бастан кешірген қасірет.
Осындай сұрапыл боран секілді, барша адамзат баласын шарпыған «Ұлы Отан соғысы» да қазақ халқының азалы тағдырына жазылды. Алапат соғыстың ащы дәмін татқан баба қасіретін сөзбен айтып жеткізу емес. Жанқиярлықпен күрескен жаужүрек батырлар ерлігі азаттық туын тіктірді. Ерлік пен батырлық – бұл ата-баба қаны мен тердің арқасында азаттық пен егемендіктің таңын атырған асыл адами қасиет. Бұл ұғым әрбір Отан қорғаған ұлы баба есіміне теңеу секілді. Осынау сұм оғыс 1,5 миллионнан аса қазақ жауынгерінің өмірін қиып түсірді. Қаншама ана жарсыз, қаншама бала әкесіз, қаншама боздақтарымыз қыршыннан кетті. Осынша қасіретті күрең күздің соңынан, көктем шуағын шашатыны айқын еді. Қуаныш жасы мен қайғы жасы қатар ағатын айтулы мерекені, міне тағы да тойламақпыз. Өкініш пен қасіретке толы сол сәттерді енді есімізге алғымыз келмесе де, ағаапаларымыздың жанқияр ерлігі еріксіз еске алдырады. Биыл 2016-шы жыл. Қасіреті мол қилы заман шеруінің артта қалғанына 71 жыл толып отыр. Қаһарлы соғыс жылдары ұлт еңсесін есеңгіретсе де, бүгінгі күні жаңа жеңістерге, жаңа толағай табыстарға жетуге жігерлендіреді.......
Шығармалар
Толық

Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық

Қазақ батырларының ерлігі

Биыл Ұлы отан соғысының өткеніне 71 жыл. Кейінге шегінсек, Ұлы отан соғысында қазақ халқы көп зардап шекті. Көптеген балалар жетім қалды, мүгедектер атанды, өз өмірлерімен қоштасты. Бұның барлығы тек тәуелсіздік алып, болашақты жарқын ету жолындағы күрес еді. Ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз бәлкім бұл қиындықты сезіне алмайтында болармыз, бірақ соғысқа қатысқан атаәжелеріміз көзіне жас алып еске түсіреді. Біздің еліміздің жеңіске жетуінің бірден бір себебі- намысты қолдан бермеу, ел намысын жоғары қоятын біздің ұлттық мінезіміз, ерекше қасиетіміз болып табылады.
Ұлы отан соғысында қазақ халқы өзінің аз екендігіне қарамастан , ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ұлы отан соғысына батырлар, тіпті ерлермен қатар әйел адамдарда қатысты. Олар ерлік көрсете білді. Қазақ қыздарының арасында 19 жасында «Отан үшін» деп соғысқа аттанған Әлия мен Мәншүк бар. Олар ауыр мылтықты арқалап, соғысқа аттанды. Әлия қан майданға шығып, 78 немісті жоюы, қайран қалатын ерлік емес пе? Оның өмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзақ. « Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Сол себепті қазақ халқының батырларының есімі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ халқының жүрегінде өшпейтін тағы бірден- бір нәрсе қазақ батырларының ерлігі. Оларды жазықсыздан жазықсыз жазалап отырды. Бірақ бұларға қарамастан қазақ жастары ерлігімен, елдің атын шығара білді. Сонымен қатар Ұлы отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Маметова сияқты соғыста тағы да басқа апа- ағаларымыз қатысқан екен.Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны секілді, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. ......
Шығармалар
Толық

Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық

Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Пікірталас барысында тақырып бойынша өз пікірлерін жеткізіп, оны дәлелдеу. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жануарлардың айлакерлігі (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың айлакерлігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А4 Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
ӘТН2 Пікіралмасу кезінде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Көптеген оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Кейбір оқушылар:
Қырық қасқыр, екі ешкі туралы мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тәрбиеші шеберлігі

Мұғалім — мектептің тірегі ғана емес, ол оның бетке ұстар мақтаны. Сол себептен де шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оған еліктейді, сондай болсам деп киялдайды. Яғни, мұғалім - ұлт тәрбиешісі. Сондықтан болашақ ұстаздың бойынан еш уақытта маңыздылығын жоймайтын, жауапкершілігі жоғары болатын қасиет табылуы тиіс. Себебі, ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміткері отыр.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыра нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл тәсіл сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалануға жетелейді. Сондықтан әр мұғалім өзіндік дайындығына, ой-санасының тереңдігіне қарай ізденеді. Бұл бағыттағы ізденістер еңбектеріндегі бір серпіліс болып табылады. Қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары "Ұлттық бірыңғай тестке дайындаламыз, еңбектен күрделі пәндер бар" деп түрлі жайттарды себеп етіп, еңбек сабағына қатысқысы келмейтінін несіне жасырамыз. Оқушылардың еңбек пәніне деген қызығушылығын арттырудың бірден-бір әдісі шикізаттарды пайдалы іске асырып, ол мектеп тарапынан қолдау тауып, шығармашылық сайыстарда жүлделерге ілініп жатса, көрмелерге, байқауларға қатысып жүрсе мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мен өзім оқушыларға білім беруде ұлт байлығы — музыка аспаптарын жасатуды негізге аламын. Бұл оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде де үлкен рөл аткарады. Сабақ — өте күрделі, жауапкершілікті, септілікті, ұқыптылықты талап ететін сан қырлы. Әрбір сабаққа койылатын басты талап: оқушының еңбекке, еңбектенуге қызығушылығын арттыру; көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсер тигізе білу; балалармен ынтымақтастықта болу; сабақтың өмірмен байланысын нығайтып отыру.
Әрбір сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында басты назар аударатын жайттар: шикізаттан жасалатын затты нақты жоспарлау (домбыра жасау); сабақтың түрін, әдістерін өзгертіп, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстарын туғызу (домбырада күй тартып беру, ән салу, т.б.); сабақ барысында дайындалатын затты күнделікті шаруада да пайдалануға болатынын жете сезіндіру (мысалы: домбыра аспабын дайындауда әрбір қазақ үйінің шаңырағын домбырасыз елестете алмаймыз); қазақтың ұлттық аспаптары: домбары, қылқобызын жасап, оларда ойнау тәсілдерін үйретіп жатсақ артық болмас.
Мен шамам келгенше оқушылардың пікірін жоққа шығармай, олардың ой-өрісінің дамуына жете назар аударамын. Осыдан үлкен қызығушылықпен дайындалған шикізат домбыраға немесе қылқобызға айналғанда еңбек сабағына келген әр оқушы бар ынтасымен сабаққа қатысып, жыл соңында шебер, уқыпты оқушыға айналады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Абайдың М.Ю.Лермонтов өлеңдерін аудару шеберлігі

Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.
Абай Лермонтовты тек оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын жанындай жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, өзіне туыстас сезінген адамы Лермонтов еді. Абай ұлы ақынның , тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек- талабын, мұңын ұға алды. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза- кегі, наразылығы орыс халқының, езілген қауымның кегін, наразылығын танытатын, оның қайғы- мұңы, қалуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сезінді. “ Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен “, “ мыңмен жалғыз алысқан “ ақын өзі де ашу- кекті, ызаны “ жалын мен оттан жаралған” жырларына нәр еткендей еді. Лермонтов ол “ерекше ызаның ақыны махаббаты ашумен уланған ақын” деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді.
Абайдың Лермонтовтан дәлме- дәл, өте жақын аударған өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай аударып қазақ арасына кең таратқан Лермонтов шығармалары қатарында “ Ой “, “Қанжар “, “ Жартас “, “ Жалау “ , “ Теректің сыйы “, “ Күнді уақыт итеріп “ , “ Өзіңе сенбе жас ойшыл “, “ Асау той, тентек жиын опыр- топыр, “, “ Тұтқындағы батыр “ сияқты бірнеше өлең бар. Абай “ Бородиноны “ да аударған. Абай орыс ақынның өлең- жырларын ғана аударып қойған жоқ, сонымен бірге дастандарын, прозалық шығармаларын аударуға да баса көңіл бөлді ....
Рефераттар
Толық