Әдебиет | А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі
1. Ахмет Байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы.
Үздік дарын, ойшыл оқымысты Ахмет Байтұрсыновтың алпыс жылдан астам құпия жәшікте сақталған, сарғайған, шаң-тозаң қапқан, кейінгі толқындардың санасында өшкен айтулы шығармалары қиялымызға, ойымызға, тілімізге еркіндік беріп, жұлдыздарға жалғастырған, замана перзенттерін ортамызға оралтып, жақсыларымызбен табыстырған қайта-құру, бетбұрыс дәуірінің шарапат құдыреті арқасында жарияланып, халқымызбен қауышып отыр. «Жазушы» нашрияты шығарған Ахаңның бұл кітабына 1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал», 1911,192 жылдары Орынбор, Қазан шаһарларында басылған «Маса» және ұлттық әдебиеттану ғылымының негізгі іргетасы болып есептелетін «Әдебиет танытқыш» (1926) атты еңбегі енгізіліпті.
Ардақты Ахаң поэзиялық шығармаларында қазақ қоғамындағы, оның ағзасындағы арам бездерді, сыздауықтар мен теріскендерді, кесапаттар мен ақауларды жүрегі сыздап, сүйегі сырқырап қабылдайды. Қайғысы мен ұйқысы, зобалаңы мен зорлығы қисапсыз, қилы заманды гөй-гөйлетіп сөйлетеді.
А.Байтұрсыновтың құштарлықпен жырлайтын сыр-толғамға, астарлы мағынаға ие бейнелі образ. Ақын мақсаты – байтақ даласын мекендеген қалың қазақ жұртын алаңсыз ұйқыдан ояту, сергіту, ғылым-біліммен сусындату, «өшпес жарық, кетпес байлық» даналық жолына түсіру.
«Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Жұртыма», «Жұбату» тәрізді ойлы-күйлі өлеңдерінде өз дәуірінің ащы шындығын, атап айтқанда «бірлік қып іс етуге шорқақ, ұрейсіз, қоян жүрек қорқақ» жұртын «сасық ми, салқын жүрек, саласыздарын», жылтыр түймеге, шен-шекпенге құмарпаздарын улы аяусыз әшкерелесе, екінші халқын, жөн-жосықсыз жазғыра бермейді, еркіндігі жоқтығына өксіп қиналады.
Көркемөнердің түрлерін: сәулет өнері (архитектура), сымбар өнері (скульптура), кескін өнері (живопись), әуез өнері (музыка), сөз өнері (қазақшасын сөз, арабша - әдебиет) деген жіктемелерге ажыратады.
Ал сөз өнерінің құпия табиғатын тексеру үстінде қисапсыз жаңалықтар тауып отырады. Оқымысты: «Сөз өнері адам саласының үш негізіне тіреледі: 1. Ақылға.
2. Қиялға. 3. Көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын тану, ақылға салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, суреттеу, ойлау. Көңіл ісі – түю, толғау.
«Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша айтуға жарау» - деп, асыл сөздің неден жаратылып, бастау алатынын, қалайша құралып, дүниеге келетінін дұрыс баяндайды.
Ахаң «шығарма сөздің» құрылысын еркін талғайды. Оны 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл деп жіктеп алады да, ішкі сырларына, иірім-ағыстарына («шығарма түрінің ғылыми») терминдік атау ұсынады.
Ұлттық стилистикалық негізгі тармақтары, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтылығы, дәлдігі, көрнектілігі және көркем тілдің қасиет белгілеріне, бейнелік сипаттарына орай тапқан көріктеу, меңзеу, айқындау, теңеу, ауыстыру, алмастыру, түйдектеу тәрізді терминдік ұғымдардың алтын тізбегін А.Байтұрсынов туындатқан.
Зерттеушінің сөздің дыбысталуы мен өлең сөздерінің өрнектілігіне қатысты айтқан пікірлері де бағалы. Әсіресе, оралымдар жөнінде керемет тапқырлық танытады. Бұл ғылымның логикалық ойлау жүйесінің тегеурін-қуатын, түйсік-қабілетін, дария білімін дәлелдейді.
Өрелі ғалым өлең сөздің құрылымын, ішкі қабат-қыртысын жіті бақылап анықтауда ұлан-ғайыр, көл-көсір табыстарға қол жеткізеді. Мысалы, буын, бунақ, тармақ, шумақ, ырғақ, ұйқас ашық (өлеңнің графикалық суреті) улы кезек, пауза, кіші кезек, әрқайсысының табиғи қасиеттерін жетік түсіндіреді.
А.Байтұрсынов қазақ халқының ауыз әдебиетін мынадай жанрлық түрлерге бөлшектеп қаратырады: анықтама, сарындама, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме, мысал, ділмәр сөз, шешен сөз, тақпақ, мақал, мәтел, тойбастар, жар-жар, беташар, жоқтау, жарапазан, бата.
Жазба әдебиетті зерделегенде, оны екі дәуірге бөледі: біріншісі – діндәр дәуір, екіншісі – ділмәр дәуір.
Білім дария энциклопедист – ғалым қара сөз, дарынды сөз, көсем сөз, өлең сөз қасиеттерін, тек-төркінін жарқырата ашады. Сөйтіп, беймәлім ұғымдардың сырын ұғамыз. Соның бірі – қара өлең этимологиясы. «Әні басым, мәні кем, ажары аз өлеңге қара өлең деп қойып, әні кем, мәні мол ажарлы өлеңге жыр деп ат қойған» деп жазады Ахаң. (187 бет)
Асылы келгенде, өнер-біліммен мықтап қаруланған саңлақ санаткердің «Әдебиет танытқыш» атты ғажайып еңбегі – оның интеллектуалдық мәдениетінің, кемелдік, кемеңгерлік болмысының, мұхиттай шалқар кеңдігінің озық көрсеткіші деуге болады.
Сондай-ақ осынау шығармалар жинағына Ахаңның «Қазақтың бас ақыны» деген ойлы мақаласы енген. Абайдың ақындық құдіретін, өмірбаяндық деректерін, өнерпаздық ортасын қысқаша сипаттайды. «Не нәрсе жайынан жазса да, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады» - дейді. Сонсоң Абай даналығына, асыл сөзіне үңілгенде, оның 1) көсемдігін, 2) ойының шеберлігін, 3) білімділігін, 4) сыншылық өнерін атап айтады.
2. А.Байтұрсынұлының аудармашылық шеберлігі
Арада елу жылдан астам уақыт өткен соң саяси жинағынан да, азаматтық толық ақталып, туған халқымен қайта табысқан қоғам қайраткерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов.
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократты бағыты ілгері жалғастырушы ірі ғылым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы АхметБайтұрсынов қалдырған бай мұраның бір саласы – оның көркем аударма дамуына үлесі.
Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. ХХ ғ. бас кезінде аудармада, әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақтаған еді. Сонау Абай, Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М.Сералин, Б.Өтетілеу, Ғ.Қарашев аудармаларының, газет журналдардағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар – А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов Шығыс және Батыс елдерінің әдебиет үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға көп қызмет етті.
А.Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ахметтің ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы таныды. Ол орыстың классикалық жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Санкт-Петербург 1909 жылы императорлық ғылыми академиясының баспаханасында жеке кітап етіп шығарды. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді.
А.Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағында жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларында орындалғаны туралы айта келіп, былай дейді:
Орыстың тәржімә етіп мысалдарын.
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қашанып қоңырайма, құрбыларым!
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күй қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүбірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қояр деймін,
Естілсе құлағыма дүбір барып.
Әйтпесе арық шауыр оңдырар ма,
Жүргенде қамыт басып, қатып-талып.
«Қырық мысалды» Мұқтар Әуезов «қалың қазақ жұртының естіген төңкеріс рухындағы сөзі» - деп бағалаған.
Крыловты кезінде Абай да аударған. Байтұрсыновтағыдай көп емес, академиялық жинақта Абайға телініп жүргендері 12 мысал. Бірақ, Байтұрсынов аты атаусыз қалып, оның әдеби мұрасына тыйым салынған кезде, Крыловтың аудармашысы ретінде тек Абайды ғана білдік. Сондықтан Абайдың кейбір басылымдарына Ахмет аудармалары кіріп кеткен кездері болған. Бірақ, мәселе мұнда емес, біз үшін ең қызықтысы, ең мәндісі – бірін-бірі білмей, Крыловты өздігінен аударған екі данышпанымыздың өлең стилі, сөз өнері бөлек болуы тура. Аудару принциптері де қазақтың тосаң құлағына етене еніп, жеткізу шеберліктері де айна-қатесіз бірдей десе де болады. Түпнұсқа мазмұнынан ауытқымай, соны өз сөздерімен жеткізу емін-еркін тырысқан екі ақынның орысшасындағы көркемдік бөлшектерді түсіріп алмай, соншалықты ұқыпты беруге ұмтылған ұқсастығына қайран қалайық. Мысалы, Крыловтың атақты «Қарға мен түлкі» атты мысалын Абай екі рет аударған.
Екеуінің де өлең өлшемі, көлемі де бірдей. Бірі – жеті, бірі сегіз буынды жыр үлгісінде. Ал, Ахмет Байтұрсынов он бір буын қара өлеңмен төрт жолдық шумақтар арқылы баяндайды.
«Ну что за шейки, что за глазки.
Рассказывать – так, право сказки!
Какие перышки! Какой носок!
И, верно, ангельский быть должен голосок!»
Осы шумақ Абайдың екі нұсқасында былай:
1 – нұсқасында.
«Неткен мойын, неткен көз,
Осыдан артық дейсің бе
Ертегі қылып айтқан сөз.
Қалайша біткен япырай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей
Деп ойлаймын үніңіз...
2 – нұсқасында.
«Есен-сау жүрсіз бе?
Ақынның төресі
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесі
Жүніңі, үніңіз,
Мұрныңыз , көзіңіз,
Құлаққа дөп тиген
Мақталған кеңесі...
Ал енді А.Байтұрсынов аудармасына үңілейік:
«Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай,
Гаухардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай.
Крыловтың тәржіма жасау Абай шығармаларының соңғы кезеңдеріне жатады. Демек, Абай немен аяқталған болса, Байтұрсынов дәл содан бастады деуге, яғни Абай эстафетасын Ахмет жалғастырды деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, бұл жинақта орыс әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушылардың бірі И.И.Химницердің «Ат пен есек» шығармасы қазақшаға аударылған. Онда көтерілетін мәлелердің, айтылатын ойлардың салмақтылығына, қазақ оқушыларына жақын да, түсінікті болуына, қазақ ақыны қатты көңіл бөлген.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды (дәлел) идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет-жақын суреттерді ұластыра келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберген.
Мысалы:
«Когда в товарищах согласья нет
На лад их дело не пойдет.
И выйдет из него не дело, только мука.
Однажды Лебедь, Рак, да Щука,
Везти с поклатей воз взялись.
И вместе трое все в него впряглись
Из кожи лезут вон, а возу все нет ходу!
Поклажа бы для них казалось и легка.
Да Лебедь рвется в облака,
Рак пятится назад, а Щука тянет в воду
Кто виноват из них, кто прав, - судит не нам
Да только воз и ныне там»
Аққу, Шортан, Һәм Шаян
Жүк алды Шаян, шортан, аққу бір күні,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да күштерін аямай-ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деуде тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, егіліп төгіліп тұр. Орысшасында үш шумақ – он екі жол. Тәржімасында бір шумақ артқан. Одан мағынасына өзгеріс кірген жоқ. Ой қызығы болатын бөлшектерді түгел жалғыз-ақ айырмасы – Крыловтың көп мысалдарындағыдай, түпнұсқаның бас жағында жүретін кіріспе шумақты А.Байтұрсынов соңына шығарып, қорытынды етеді.
«Маймыл», «Өгіз бен бақа», «Емен мен жілік», «Бұлбұл мен есек», «қаптесер мен көртышқан», «Маймыл мен көзілдірік», «Жал мен ажал» секілді мысалдарды аудару машығы жағынан осы бірінші принциптің жемісі.
Мәселен, «Маймыл» атты мысалдың аудару принципі де дәл жоғарыдағы «Аққу, шортан, һәм шаяндағыдай»: Крыловтың төрт жолдық кіріспесіндегі негізгі ой түйіні аудармада сәл кеңейтіліп аяғына шығарылады да, қалған мазмұны қазақтың қара өлеңімен хикаялау түрінде дәл және емін-еркін жеткізеді.
Түпнұсқада: Крестьянин на заре с сухой
Над полосой своей трудится
деп басталса,
аудармада: Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен,
Қашаннан кәсібі еді егін еккен, - деп дәл сол күйінде қайталанады да, әрі қарай оқиға өз ретімен баяндалып кете береді. Тағы бір таңғажайып тапқырлыққа осы тұста және кездесеміз. Диқаншының еңбегіне көрген жұрттың сүйсінетінін жеткізерде Крылов түбі грек тілінен ауысқан, сөйтіп орыс тіліне кірігіп кеткен «шполать» дейтін бір ескі сөзді қолданады. Бұл орыстың байырғы тілінде «молодец» деген мағынаны береді.
Зато кто мимо ни проходит,
От всех ему: спасибо, шполать.
Орыс тілін жетік білген тәржімасы осы сөздің қазақша дәл мағынасын былай деп сол қалпында жеткізеді.
«Жарайды, бәрекелді, сабаз-ай! – деп,
Алғысты берді оған өткен-кеткен».
Осы жердегі «сабаз-ай» деген бір сөздің өзі Крылов мысалының бүкіл рухын, бүкіл ұлттық қасиетін түп-түгел қазақшалап, қыр елінің қалың ортасына дәл сол қалпында алып келіп тұрғандай қабылданады. Дәлдігі осындай болғанда, жатықтығы да айрықша дәлелдеп жатуды қажет етпейдіндей болып, Байтұрсынов ақындығының барлық ерекшелігімен, мейлінше табиғи болмыс-бітімімен, ұлттық ой-өрісінің шеңберінде үйлескен, ұйқасқан қиын-қиюмен әрбір қазақ оқырманының көңіліне ұялап қалып жатты.
Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Мысалы: «Шал мен ажал» атты мысалдағы әбден шаршап-шалдығып зарыққандағы шалдың монологы:
«Куда я беден, боже мой!
Нуждаюсь во всем: к тому ж жена и дети,
А там подушное, боярщина, оброк,
И выдался и когда на свете
Хотя один мне радостный денек?»
«Мен сорлы, әрі нәрі, әрі жарлы,
Асырау қиын емес үйлі жанды.
Қартайдым, жалдаларға қайратым жоқ,
Бермеді тұтынарлық құдай малды.
Бұл маған не қылғаның, жаратқаным,
Бір шалға үйлі жанды қаратқаның ?
Төлермін салық ақша қайдан тауып,
Қажетім бірін сай ғып жаратпадың.
Не жаздым құтқармастан бұл бейнеттен,
Күнің жоқ тілегімді қабыл еткен.
Біреу кеш, біреу ерте өліп жатыр,
Келмейді маған ажал, қайда кеткен?»
Бұл жолдардағы «үйлі жан», «бермеді құдай малды», «жаратқаным» деген тіркестер тек қана қазақ психологиясына тән ұғымдар екенін дәлелдеп жатудың қажеті болмас.
Сонымен қатар түп негізі Федрден алынған Крыловтың он жылдық «Шымшық пен Көгершін» мысалы ақын аудармасында 11 буынды, 8 шумақ, яғни 32 жолды жаңа шығарма. Түпнұсқаның мазмұны, бірақ-ақ ауыз сөзбен айтқанда «Күлме досыңа, келер басыңа». Ақын бұл жерде айтайын деген ойының аясын кеңейтіп, түпнұсқадағы мысалдың жүгін әдейі айырлатып отыр. Мұндай тәсіл барған сайын тереңдеп, кеңейе түседі.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі