Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Мұхтар Шаханов: Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан айырылсын

Соңғы уақытта желіде «қытайлық күйеу бала» тақырыбы өршіп тұр. Қазақстандық бойжеткендердің қытай ер-азаматтарымен некеге тұруына қарсы болған азаматтар тіпті Астанада кішігірім митинг өткізген болатын. Наразылық білдірушілер қытайлық жігітке тұрмысқа шығуға батылы жеткен қазақ қыздарын азаматтығынан айыру керектігін айтқан.
Жаңалықтар
Толық

Адамды өз жағыңызға тартқыңыз келсе

«Егер сіз маған келген кезде жұдырығыңызды түйіп келсеңіз, − дейді Вудро Вильсон, онда мен де жұдырығымды түюім мүмкін. Ал егер «келіңіз екеуміз отырып оңаша сөйлесейік, егерде пікір қайшылығы болып жатса, қай жерден қате жібергенімізді түсінуге тырысайық» − десеңіз шынында да ақыр аяғында біздің қайшылықтарымыз.......
Кеңестер
Толық

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері (1998 ж.). Домбырамен ең алғаш болып қазақ әндерін дуэтпен орындаған кәсіби әншілер.
Құдайбергеновтердің отбасылық ансамблінің құрылу тарихы
Құдайбергеновтер жанұялық ансамблінің құрылу тарихы Қанат пенен Айткүлдің тұзының жарасып, шаңырақ көтеруінен басталды. Екеуі Алматыдағы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы жастар эстрада-цирк студиясын (қазіргі Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі) бірге оқыды (1975-1977 ж.ж.). Қанат профессор, күйші Құбыш Мұхитовтың класынан дәріс алған. Айткүл Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класынан халық әндерін, жырларын орындаушы әншілікті меңгерді.
1977 жылы Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен, қос әнші өнер жолын Қарағанды облыстық филармониясының жанынан құрылған "Гәкку" ансамблінде бастады. 1983 жылы Республикамыздың мемлекеттік "Гүлдер" ансамбліне шақырылып әнші, күйші ретінде өздерін кәсіби тұрғыда жоғары дәрежеде көрсете білді. Бірнеше республикалық және халықаралық фестивалдардың жүлдегері болды. Бүкілодақтық жастар творчествосы конкурсының лауреаты атағын алды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Төлепберген Байсақалов Тұрсынұлы (1974 жылы 29 наурыз)

Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.
Кинодағы рөлдері:
2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім
2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов
2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі
2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім
2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Меңтай Өтепбергенов Смағұлұлы (7 тамыз 1946 жылы)

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).
Өмірбаяны
Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968)
Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974).
1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті.
1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері.
Шығармашылығы
Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық