Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана....
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада халықаралық әйелдер күніне арналған 8 наурыз туралы құттықтау тілектер жарияланды. Анама, қызыма, әпкеме, әйеліме, енеме, сүйіктіме барлық нәзік жандыларға арналады.
Адамның көзі ең алғаш бактерияларды көргеннен бері үш ғасыр уақыт өтті. Ал микробиологияның өз алдына дербсс ғылым болып бөлінуі үшін тағы екі жүз жыл қажет болды. Аса ұсақ тіршілік иелеріне биохимия, биофизика, микробиологиямен қатар генетика да ерекше көңіл бөліп отыр. Молекулалық биология молекулалардың өзара қарым-қатынасын зерртеу үшін, вирустар мен бактериялардың өте жақсы модель болып табылатынын анықтады. Кейбір вирустардан және бактериофагтардан басқа барлық микробтар клеткалы организмдер болып табылады. Егер жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі көп клеткалы организмдер болса микробтар әлемі әдетте бір клеткалы болып келеді. ....
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару. Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні. Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет. Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді. Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады. Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа. Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар. Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу. Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды: 1. Көпшілікке жүзуді үйрету. 2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту. Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет. Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі. Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі. Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек. ....
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы. Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.....
Жас мемлекетіміздің спорттықмүмкіндігі зор екендігін биік жеңістерге жол салған сайыпкырандарымыздың көптігімен дәледей аламыз. Мұның айғағы спорт және дене тәрбиесіне аса көңіл бөліп, Жетісу өңірін спорттық аймаққа айналдыруға ден қоюы. Қазақстан спорты Кеңес үкіметі тұсында мүмкіндігінше тұншықтырылып келді. Әсіресе, әлем спортшылары қатысатын Олимпиада ойындарына қазақ жігіттері өте аз жіберілетін. Еліміз тәуелсіздік алғалы құдайға шүкір, қазақтың баһадүр жігіттері әлемнің шаршы алаңдарында жеңімпаз атана бастады. Қазақстанның споршылары ірі-ірі жетістіктерге жетіп жүргені де жасырын емес. Сол жеңістерге түре жол салған сайыпқырандардың ішінде жетісулықтардың үлес салмағы басым. Талдықорған қаласының Жетісу өңірі спортының талбесігіне және да Қазақстандағы халықаралық жарыстар өткізетін шаһарға айналары һақӨткен жылы бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Айтулы бірнеше спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар өздерінің үлкен сайыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындарында осы қаланы таңдауда.Олардың барлығы да әлемдік, құрлықтық додаларда бокс,күрес, ауыр атлетика бойынша жоғары биіктерді бағындырды.Ал сондай ақ әлемдік талаптарға сай салынып жатқан Спорт сарайында алдағы уақытта жалауын көтеретін додалы жарыстардың куәсі ....
Самбо күресі - көптеген ұлттық кұрес түрлерінің бай әдіс айлаларының жиынтығы. Бұл орыстың "Самозащита Без оружия" деген сөзінен шыққан. Самбо күресін "орыс елінің күресі" - деп те айтуға болады. 1938 жылы Ресей сопорттық күрес мамандарының Бүкілодақтық конфереяциясы өткізіліп, онда Самбо күресі әдістерінің атаулары мен әдістерін топқа бөлумен қатар, алғашқы күрес ережесі бекітілді. 1966 жылы Толидо қаласында /АҚШ/ халықаралық әуесқой күрес федерациясының /ФШІА/ конгресі өткізілді. Осы конгресте самбо күресі халықаралық спорт түрі деп жарияланып, Бұкілдүниежүзілік самбо комитеті құрылды. Оған самбо күресінің дамуы мен әлем құрлықтарын насихаттау жұмыстары тапсырылды. 1972 - 1973 жылдарды Рига қаласында /Латвия/ Бірінші ашық Европа чемпионаты өткізілді. 1973 жылы Тегеранда /Иран/ Бірінші Әлем чемпионаты өткізілді. 1985 жылы Бильбарда /Испания/ Халықаралық әуесқой самбо федерациясы құрылды /ФИАС/. 1977 жылы Овьедо қаласында /Испания/ Әлем Кубогының бірінші турнирі өткізілді. Осы жарысқа Европа кұрлығынан бұрынғы ССРО мемлекеті, Азия құрлығынан Жапон елі, Америка құрлығынан Канада жарысты ұйымдастырушы және өткізуші Испания мемлекеті қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды ССРО, 2 орынды Испания, 3 орынды Жапония, 4 орынды Канада иеленді. Жасөспірімдер арасындағы алғашқы біріншілік 1979 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткізілді. Ооы жарыста Монголияның, Болгарияның, Испанияның және Францияның жас самбошылары жақсы өнер көрсетті. ....
Өндірістің тиімділігінің жоғарлауының негізгі факторларының бірі өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтарда олардың бәсекегеқабілеттілігінің шешуші шарты болып есептелінеді. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі көбінесе мемлекеттің беделін анықтайды және оның ұлттық байлығының көбеюіне шешуші фактор болып табылады. Өнімнің сапасы салыстырмалы қаптап кеткен нарық шарттары мен басым құндылық емес бәсекелестіктің шартарындағы өндірістің жұмыс істеуінің маңызды критериінің қатарына жатқызылады. Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын жоғарлату ғылыми – техникалық прогресстің дүмпулерін және жалпы өндіріс тиімділігінің өсуін анықтайды, экономиканың интенсифиациясына зор әсерін тигізеді, ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекет азаматтарының өмірлік деңгейіне зор әсерін тигізеді. Техникалық деңгейдің өсуі мен өндірілетін өнім сапасының өсуі қазіргі уақытта өндірістік дамыған елдерде өндіріс жұмыстарының сипаттық көзі болып табылады. Басым бағалық емес бәсекелестік шарттарында және нарықтардың қаптап кету шарттарында өнімнің жоғарғы сапасы табысқа жетудің басты факторы болып саналады. Өндірілетін өнім сапасын әр өндірістің қызметінің маңызды критерийлеріне қарастыруға болады. Қазіргі кездегі нарқытық экономикада өнімді өндіру кезінде жоғары сапаға жету үшін пайдаланатын түрлі әдіс тәсілдер өз нәтижелерін көрсете бастады. Дамыған елдердің сапа саласындағы озық концепцияларының кейбіреулері қойылған мақсаттарға жетпей қалды. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, көбінесе шетел тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасайды. Шетел тәжірибесінің теріс жақтарын алмай, тек жақсы көрсеткіштер көрсеткен әдіс тәсілдерді аударамыз. Берілген курстық жұмыста жоғары сапалы өнім өндіру үшін өнеркәсіпке сапа менеджмент жүйесін енгізу, «сапаны басқару», «сапа менеджментінің жүйесі» ұғымдарына анықтама берілген. Сапаны басқару жүйесінің өнім өндірудегі артықшылықтары, ерекшеліктері, қолдану нысандары көрсетілген. Сапаны менеджмент жүйесінің принциптері, сапа жүйесін енгізу кезінде туындайтын жағдайлар көрсетіледі. ....