Суда жүзу
Суда жүзу
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды:
1. Көпшілікке жүзуді үйрету.
2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.
Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.
Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды жарыстар өткізіледі: 50,100,200,400,800, 1500 метрге (жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең бөліп) - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.
Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.
Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.
Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі - суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.
Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.
Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.
Жүзе – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.
Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.
Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.
Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.
Жүзу — адам мен жануарлардың, су түбіне тимей қозғалу әдісі. Ол қозғалыс, көңіл көтеру және демалыс амалы, сондай-ақ спорттың бірегей түрі болып саналады.
Оның ағзаға, әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене белсенділігінің басқа түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланылған.
Жүзумен барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар айналыса алады, өйткені дене суда ұсталып тұратындықтан, ешбір бұлшық етке немесе буынға артық салмақ түспейді. Оның үстіне қажетті құралдары да көп емес, жүзуді кез келген жаста бастауға және оған деген бейімділікті сезінгенше жалғастыра беруге болады.
Жүзудің кейбір жақсы жақтары:
1. қарама-қайшылығы аз;
2. төзімділік пен икемділікке әсер етеді, қан айналымын белсендіреді;
3. бұлшық ет тепе-теңдігін оңтайландырады (көптеген кәсіпқой спортшылар жаттығудың бір бөлігін міндетті түрде қауызда өткізеді);
4. бұлшық ет және буын жарақаты мен аурулары кезінде қалпына келтіру терапиясы ретінде қолданылады;
5. ширығуды болдырмаудың тамаша құралы болып табылады;
6. еңбек қабілеттілігін арттырып, өмірлік күш береді;
7. салмақты бақылап отыруға мүмкіндік береді;
Алайда, жүзу арқылы салмағын түсіргісі келетіндер үшін кері әсері болуы да мүмкін. Жүзуден тек арықтауға ғана емес, толуға да болады екен!
ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жүзуден жаттықтырушы Екатерина Геннадьевна Полевая: «Қауызға келетіндердің көпшілігі жүзбейді, шомылады. Яғни, жолдың бойымен баяу, жалқаулана қозғалып жүреді. Мұндай кезде калория шығындалмайды, есесіне «жаттығудан» кейін қарныңыз ашып тұрады! Өйткені қандағы қант мөлшері төмендейді, ал оның қорлары қанға түспейді: түскен салмақ дұрыс емес. Қызу, дұрыс салмақ түскен кезде бауыр қанға өз қорындағы қантты бөліп шығарады, сонда сіздің екі сағатсыз қарныңыз ашпайды. Міне, сонда ғана жүзген сайын сымбаттана түсесіз. Ал адамдардың басым көпшілігі суда шолпылдайды да, тезірек тамақ ішуге жүгіреді», - деп түсініктеме берді.
Бірақ жаңа бастағандар үшін сабақтың қарқындылық мәселесі қатаң түрде жекелей шешіледі. Сондықтан, егер сіз көптен бері жүзбей, енді жүзуді бастасаңыз, суға сүңгуге асықпаңыз, кәсіби жүзушілердің кеңесіне құлақ салыңыз, сондықтан алғашқы сабақтар сізге көбірек пайда әкелетін болады.
Құрғақта: 1. душқа шайынып, жеңіл жаттығу жасаңыз — 2-3 минуттай орныңызда жүгіріңіз, қолыңызды иығыңызға қойып, шеңбер жасап айналдырыңыз, отырып тұрыңыз, басыңызды айналдырыңыз және т.б. Осылайша бұлшық еттеріңізді қыздырып, жүрек-тамыр жүйесін жұмысқа дайындайсыз.
2. Тыныс алуға жаттығыңыз: ауызбен дем алыңыз, ал мұрынмен дем шығарыңыз және мұны соңына дейін жасаңыз. Осылайша суда тыныс алып, сіз гипоксияның (кислородтың жетіспеушілігі) дамуын болдырмайсыз, яғни жүзу кезінде аз шаршайсыз, бүйіріңіздің ауруын болдырмайсыз.
3. Егер сіз жүзу және тренажер залында қатар айналыссаңыз, онда қауыздың алдында жатығып алғаныңыз жөн, мұндай жағдайда судағы қозғалыс крепатура пайда болуының алдын алады, сондай-ақ бұлшық етті икемді қозғалысқа бейімдейді.
Суда: 1. Тақтайшамен жүзіңіз. Ұялмаңыз: бұл аятарыңыздың бұлшық еттерін қыздыру үшін қажет.
2. Бір ырғақпен жүзіңіз. Баяу жүзіп, бірақ ырғақты үнемі сақтай отырып, тоқтаусыз жүзген жақсы. Осылайша жаттығу тиімділігі арта түседі, ал керісінше болса, азаяды.
3. Салмақ бұлшық еттің барлық топтарына түсетіндей етіп жүзу стилін ауыстырып отырыңыз. Осылай сіздің сымбатыңыз үйлесімді дамитын болады. Еркін стильден (құлаштап жүзу) немесе шалқадан түсіп жүзуден бастаңыз. Олар техникасы жағынан күрделі емес және жылдам меңгеріледі.
4. Егер сіз бұл істі жаңа бастасаңыз, алдыңызға қандай мақсат (арықтау, бұлшық еттерін беріктендіру т.б.) қойсаңыз да 20 минуттан бастаңыз. Егер одан аз болса — тиімділігі шамалы болады. Аптасына үш рет айналыссаңыз жеткілікті. Ақырындап, ек-үш ай ішінде жүзу уақытын 45 минутқа дейін көбейтіңіз. Егер сіз жаңа бастап, нәтижелерге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді сезінуіңізге байланысты жүзу ұзақтығын реттеңіз.
Шұғылданып болған соң: шашыңызды ғана жақсылап кептіріп қоймай, құлағыңызды да судан босатыңыз! Ол үшін басыңызды екі иығыңызға кезек-кезек еңкейтіңіз және осы қалыпта 30 секунд ұстаңыз. Егер құлағыңыз бітеліп қалса, еңкею бұрышын ауыстырып ұстаңыз. Егер бұлай жасамасаңыз, көшеде, тіпті жылы уақыттың өзінде құлақтың қабынуы мүмкін.
Күтпеген жағдайлар: 1. Егер аяғыңыз тартылып қалса, абыржымаңыз. Аяғыңызды түзу ұстап, басын өзіңізге қаратып созыңыз. Осылай бұлшық ет жазылады да, тартылғаны басылады. Ыңғайлы болу үшін қауыздың шетінен немесе жолдардың жиегінен ұстауға болады.
2. Егер бүйіріңіз шаншып кетсе (бұл дұрыс дем алмаудан да болуы мүмкін), тоқтаңыз да, терең дем алыңыз, деміңізді суда шығарып, тереңірек тыныс алуға тырысыңыз. Осылайша тыныс алу тезірек қалпына келеді.
Екатерина Геннадьевнаның пікірі бойынша, ең дұрысы жүзуді 7-8-9 жаста үйренген жөн: «Балалар тез үйренеді, оларда су апатынан қорқу сезімі әлі қалыптаспайды ғой». Алайда, сіздің балалық жастан кеткеніңізге талай уақыт болса да, жүзіп көріңіз! Жүзуді бастасаңыз-ақ, өзіңіздің құмартып қалғаныңызды байқайсыз, денеңіз суға түсуді аңсап, миыңыз демалыс пен тыныштықтан рақат табатын болады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Суда жүзу туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Суда жүзу на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Дене шыныктыру жоспарымен, казакша реферат жоспар, Суда жүзу