Мен-елімнің ертеңімін
Амантай Демеу
10 сынып, Қ.Өмірәлиев атындағы орта мектебі
Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ ауылы
Жетекшісі: Тойлыбаева Г.

Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, - деп ақын ағамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай мен өзімнің қазақ екендігіме қуанамын. Қазақ деген ұлтымды дархан пейілді, адал ниетті, ақ көңіл, ер жүректі халық деп танимын.
Мен елімнің өзіндік табиғаты, салт-дәстүрі, сыңғырлаған қоңыр үні, сылдырлаған шешен тілі бар екендігімен мақтанамын.
Елім бар, жерім бар, Қасиетті Көк Туым,
Асқақтата шырқалар Әнұраным,
Ел келбетін танытар Елтаңбам бар...
Елім бейбіт өмір сүруде, күннен-күнге тұрмысы, әл-ауқаты, білімділігі дамуда!
Мен неліктен шат болмайын?!...
Елімде шиырда-шиыр жол жатыр, келешекке бастайтын...
Ұлан-асыр белдер бар , тарих сырын сақтайтын.
Ия, қазақ елінің бүгіні оңайлықпен келген жоқ.
«Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей өткен тарихымызға ой жүгіртсем кейде жанарыма еріксіз жас келеді.
... Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен...-деп ақын атамыз Жұбан Модағалиев жырлағанындай атам қазақ не көрмеген...
Киелі қарт Қазығұрттың әр тасы, әр қиясы, әр жотасы түбі терең тарихтан сыр шертеді.
Біздің өлке халқы да қалмақ шапқыншылығының тауқыметін мол тартқан. Оған куә ел аузындағы аңыздар, ерлік дастандар. Өгем тауы – біздің елдің жаз жайлауы. Сол тауға барар жол-қалың ну, 11 шақырым келетін қия жартас. Сол қияны жағалай қатар – қатар «Қырық қыз» атты алып тастар, «Күйеу жігіт» атты алып дара тас сан тарихтан сыр шертеді.
Сол хан қызын ұзатып, ұлан асыр той беріпті дейді. Кенеттен «Жау ! Жау шапты!» деген үрейлі айқай шығыпты. Бір топ қыздармен келе жатқан хан қызы: «Жауға барып, күң болып қор болғанша, өз елімде тас болайық...»- деп зарлағанда бәрі де түгел тасқа айналған екен дейді халық аңызы.
Сол бір шақта үдере қашқан көшке жау қырғидай тиіпті. Сол кезде қашқан көштен бесік түсіп қалыпты. Ана байғұс алайын десе жау жетті, алмайын десе... Сол кезде ана «Ұлым жауға кетіп жат болғанша, өз елінде тас болсын» деп зарлапты. Сол заматта-ақ бесік ішіндегі баламен қоса тасқа айналыпты. Бұл аңыздар ел басынан қилы кезеңдер өткендігінен елес береді.
Бұлар, әрине, аңыз...
Қаншалықты шындық бар, ол тариқтың еншісінде.
«Қалмаққырған» жотасы алыстан мұнартады...
Сондай бір қиын қыстау кезеңде біздің елден Кейкіман деген ер жігіт атқа қонып, үкілі найза қолға алып, қол бастап, жауға қарсы шығыпты. Қазір елдің ен жайлауы «Қанжуғанда» қиян-кескі майдан болған екен. Қазақтың өр ұландары, ер жігіттері, елдің шетін жау баспасын деп, ұлы құл болмасын деп, қызы күң болмасын деп түн қатып жаумен шайқасты дейді.
Кейкіман батыр ұрандап, жауға қарсы шыққанда, жекпе-жекте, жауға найза сұққанда жау жағы бытырай қашқан екен. Алайда, қалың қалмақ қалыңдығын қылыпты, біздің жақ селдірей бастайды. Кейкімандай нар тұлғаның жүрек тұсына жау садағынан жауған оқ қадалғанда, елім деп еңіреген есіл ер аттың жалын құшты дейді...
Беу, дүние-ай!!...
Сол кезде қиядан қиқу салып, ұрандай келіп майданға Райымбек батырдың қолы араласқан екен. Кеудесін намыс кернеген, ашу менен ызадан жарылардай жүректер жауды орған қамыстай жайратып-ақ салыпты... Сол майданда ен дала қанға боялған екен. «Қанжуған» деп аталуы да сондықтан.
Міне, менің елім осындай тарихқа бай, шежірелі мекен.
Бұл тарихтың шындығы. Кейкіман батырдың бір құлағы шұнақтау болған екен. Сондықтанда «Кейкі» деп аталса керек. Осы күнде сол батырдың жетінші ұрпағынан бір ұлдың құлағы да сондай, яғни өзгешелеу. Оның атын да Кейкіман қойған. Ал мен Кейкімен батыр көшесінде тұрамын.
Сол батырдың бесінші ұрпағы Әдіхан ата Өмірәліұлы – кешегі сұрапыл 1941 – 1945 жылдардағы қан майданда от кешкен майдангер. Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихқа енген сұрапыл жылдарда 5 жыл бойы етігімен су кешкен ардагер ата бұл күнде арамызда. Кеудесі толы орден, медальдар - ата ерлігінің айғағы . Елдің саялы бәйтерегіндей болған ата қан майдан жайлы кейде бізге сыр шертеді.
«Сталинград майданы еді. Біз қазақтың екі жігіті жұбымыз жазылмаушы еді. Ел жайлы екеуміз сыр шертуші едік... Елге аман оралсақ деген арман біздің жауға деген өшпенділігімізді арттыратын. Кезекті бір шабуылда қасымдағы досымның жауған оққа қарамай ротаны шабуылға бастады «Отан үшін, алға!» деген айбынды даусы әлі күнге есімде. Қайсар досым кеудесін кере алға ұмтылды. Бәріміз де «Уралап» жауға лап қойдық. Жау бекінісі алынды. Бірақ менің досым оққа ұшты. Шалқалай құлаған досымның қасына ұшып жеткенімде, ол мені көріп әлсіз ғана езу тартты «Көке, елге салем...» «Айт» дегенде үлгермеді, есіл ер» деп ардагер ата әңгімесін аяқтағанда даусына діріл енеді. Атам айтқан әр әңгімені жайдан-жай тыңдау мүмкін емес... Жүрек өз-өзінен елім, жерім, Отаным деп лүп етеді.
Біз батыр бабалар рухына бас иеміз!
Бас ие отырып, бойымызда елге, жерге, Отанға «Мен не бере аламын» деген жауапкершілік сезім оянады.
Көк Тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді
- деген өлең жолдарын ерекше бір шабытпен тыңдаймын. Осы өлең әуенін естісем-ақ кешегі дүбірлі дода Лондон олимпиадасының Қазақстандық жеңімпаздарын мақтанышпен еске аламын.
Көк туды желбірете жамылып, әуелеген Әнұранымызбен қазақ елін әлемге танытқан олимпиадашылар - бүгінгі таңның ерлері! Олар ерлігімен елді танытты, ел намысын қорғады!
Олар - халық мақтанышы!
Мен де келешекте өзім үшін, елім, халқым үшін еңбектенуге әрекеттенемін. Мен Қазақстанның кең даласы мал мен астыққа толы болса деймін. Халқымыз өз байлығын өзі игеретіндей білімді болса екен деймін.Әр ауданда сүт зауыты, тері илейтін цех, киім тігетін фабрика болса екен деймін. Сонда біздің халық сапалы тамақ ішіп, сапалы киім киетін болады.
Шалғайдағы шағын ауылымдағы жаңа жетістіктер көңіл қуантады. Жаңа мектеп құрылысы басталып жатыр. Жол жөнделді, көпір салынды. Халық таза сумен қамтылды. Көгілдір отынмен қамтылу да қолға алынып жатыр.Елімнің келешегі жайлы ойласам, менің жүрегімде қуаныш сезімі оянып, өзіме артылар жауапкершілікті сезіне түсем.
Дамыған, қуатты мемлекет- Қазақ елінің – бір кірпіші-нық кірпіші-болсам деймін.Даламыз кең, сол кең жерде мен ойлаған бір жоба іске асса деймін.
Менің ойым: Осы ауылдан ферма ашылса...Иә, кәдімгі сауын фермасы... Менің әжем Күләш Қасымова кезінде, кеңес кезеңінде, озат сауыншы болған екен.Әжем сол кездегі ферма жайлы айтып отырса, «Неге сол жұмысты қайта жолға қоймасқа» деп ойланамын. Ол үшін нақты есеп керек, батыл жүрек керек.
Елбасы жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылсақ дейді. Елбасының ойы-елдің қамы. Жолдауға халық тарапынан қолдау қажет.Сонда ғана мұратқа жетіп «Мәңгілік ел» орнығатын болады.
Ия, мен келесі жылы мектеп бітіремін! Құрбыларым, келешекке нық қадам басайық! Елбасының , халқымыздың, ата-анамыздың бізге артып отырған үмітін ақтайық!
Жүріп келем, мен дағы, жүріп келем,
Бәйге десе қосылам, қызып денем.
Қазығұрттан қауымға үн қосамын,
Сөзім жерде қалмас деп үміттенем.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Мен-елімнің ертеңімін туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен-елімнің ертеңімін на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен-елімнің ертеңімін