Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8наурыз! ) Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.
Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері. Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда. Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар. Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі. Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер. Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады. Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады. Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер. ....
Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген. ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды. ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған. ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару. Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған ....
Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей тікелей шет елдер инвестициясымен және жаппай жұмылдыруды қолданумен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша негізгі екі түрге бөлінеді: 1. Тікелей шет ел инвестициясы (ТШИ) Халықаралық реформада қолайлы(эффекті) Қаражат болуы мүмкін, бірақ ТШИ көлемі мен инвесторлардың мүддесі экономикалық өзгерістердің тиімділігіне байланысты. Сондықтан, Қазақстан бұл процессте экономикалық өзгерістерге жол беруде, шет Елдердің қатысуымен өзінің стратегиясын анықтауы тиіс. Шет ел капиталын қабылдауы мен қолайлы жүйе болып мемлекеттегі инвестициялық қал ахуалдың игілігінің құрылуын болжайды. Инвестициялық ахуал- саяси жиынтықтардан, әлеуметтік-экономикалық, қаражат- Тық, мәдени әлеуметтік, құқықтық-ұйымдық және географиялық факторлар, осы немесе сол мемлекеттің мәні, қарсы және тартымдылық қызығушылықтарын білдіреді. Инвестициялық ахуалды үш үлкен топқа бөлуге болады: - Саяси; - Экономика- қаражаттық; - Әлеуметтік; Берілген сарапшы сауалдамалары сәуір айының 2000 жылдағы Республика орталығының қызметкерлерімен өткен стратегиялық жоспарлау агенттігі жалпы ойлау білімділігімен бірігіп, басты фактор, шет ел инвестициясының шекті ағыны тұрақсыз заңдардың негізі және 66 проценттік заңды саладағы жиі өзгерістері тұрақсыз болып табылады. Инвестициялық ахуалдың факторларын негізгі ТШИ-ның жағымды және жағымсыз ағыны деп екі үлкен топқа бөлуге болады: Қазақстандағы шет ел инвесторлары жағымды факторлардың келесі түрлерін анықтап көрсетеді. 1. Табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігі біріншіден, үлкен табиғи ресурстардан басталуымен байланысты болады(мұнай және газ,АҚШ-тың 9трлн. долларымен бағаланатын түсті және сирек металлдар). Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанның мұнай қоры Иран менИрактың мұнай қорымен тайталаста. Сонымен Қазақстан келесі ғасырдың басында мұнай державасына айналып, жылына жүз млн. теңге көлемінде мұнайды экспортқа шығаруы мүмкін. 2. Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы дамушы елдердің нарықта қатынасуымен байланысты( Ресей, Қытай,Оңтүстік Азия). 3. Қазақстан ТМД елдері арасында экономика мен қоғамды түрлендіруде алдыңғы шекте келеді. Қазақстанның 2030 стратегиялық жоспары бойынша Орта Азиялық барысқа айналады деп тұжырымдайды. 4. Үлкен нарық әлеуеті. 5. Мемлекеттің сыртқы саясаты. 6. Ішкі саяси тұрақтылық. 7. Пайданың әлеуеттік коэффициенті.....
Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіміне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаңы жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұрғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларда жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі. Халық педагогикасы- ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші- халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие ұрпағын халықтық педагогика дәстүрлері мен тәжірибесін қазіргі педагогика ғылыммының теориялық-қағидаларын әдістемелік тәсілдермен қиюластыра байланыстырып, бірлікте пайдалануға айрықша мән беріп отыр. Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды жәе мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендері сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т.с.с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері». ....