Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Дамыған елдердің салық салу ерекшеліктері

Салық – құрылған және анықталған заңмен белгiленген тәртiп бойынша, мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъектi табысының бiр бөлiгi.
Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден, салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың қызметiне тiкелей қатысты.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе бойынша салықтардың бiрнеше қызметтерi бар:
- фискалдық функция;
- бөлу функциясы;
- реттеушiлiк функциясы;
- бақылау функциясы;
- қолдау және мадақтау функциясы.
Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi ең негiзгi қызмет болып табылады. Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери-қорғаныс, тағы да басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы ²Фискон² латын сөзi, қазақша ²Себет² деген мағынаны бiлдiредi.
Бөлу қызметi - салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты халықтың әртүрлі топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының жүзеге асрылуынадағы салықтарға прогрессивтi салық ставкалары және тағы да басқалар жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер

Қарахан мемлекеті. Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды......
Рефераттар
Толық

Спорт

Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын......
Рефераттар
Толық

Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.

Фото: golos-ameriki.ru
Фото: golos-ameriki.ru

"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.

Жаңалықтар
Толық

Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.

"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Жаңалықтар
Толық