Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді
30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.
"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.
Ол сондай-ақ жаңадан сайланған әрбір әкім өзіне жүктелген жауапкершілікті лайықты атқаруы тиіс деген пікірін жеткізді.
"Қысқа мерзімде әкімшілік реформаның жаңа кезеңі жүргізілді. Біріншіден, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. "А" корпусы қалыптастырылды. Бұл жоғары талаптар бекітілген 543 мемлекеттік қызметкерді қамтып отыр", - деді Елбасы.
Осы орайда Президент саяси қызметкерлер саны 7,5 есеге қысқарғандығын атап өтті. Мұнымен қоса, Н. Назарбаев жергілікті өзін-өзі басқару реформасы жүргізілгендігін, ауылдық деңгейде қосымша 5 мың штаттық бірлік бөлінгендігін, оларға 67 мемлекеттік функция бекітілгендігін еске салып өтті.
Бүгінде ауылдық әкімдер салық жинау, бюджетті қалыптастыру, тұрғындардың қатысуы арқылы жергілікті проблемаларды шешу үшін қаржыландыру құқығына ие болғанына тоқталған Президент, "2,5 мың жергілікті әкімдердің сайлауын өткізу маңызды қадам болды. Бұл еліміздің барлық әкімдерінің 91 пайызы", деді.
"Жергілікті жерлерге осынша өкілеттіктер берілді. Бұл олардың жергілікті көкейтесті мәселелерді дербес әрі уақытылы шешуіне мүмкіндік береді деп санаймыз. Сонымен қатар бұл әкімдерге отандастары мен мемлекет алдында аса зор жауапкершілік жүктелді. Әрбір әкім бұл жауапкершілікті сезініп, өз міндеттерін лайықты атқаруы тиіс", - деп түйді Н. Назарбаев.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді казакша жаналык, Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді қазақстан жаңалықтары, свежие новости казахстана Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді