Қазақ тілі | Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.
Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....

Дипломдық жұмыстар