Экономика | Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының баға жүйесі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының ақша реформасы

ҰЛТТЬІҚ БАНКІ, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ,
ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ
ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга¬ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономиканы өркендетуде инвестицияны тартудың және оларға инвестициялық салық преференциялары

Кіріспе
Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз.
Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы экономикалық теорияның өсуі мен оның маңыздылығы

Кіріспе
Қоғамдық өндірісті интенцивтендіру негізінде экономиканы құрлымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Әрбір кезеңдегі құрлымдық өзгерістер дәрежесін жағымды жағдай деп қарауға болады, ол мынаған тәуелді:
а) өнім өндірудің жалпы өсу қарқына;
б) салалық эстетикалық өсімге.
Соңғысы өнім өндіру қарқынының бүкіл өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны қатынасын көрсетеді. Осыған орай өнеркәсіптің салалық көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Өсудің жоғары эластикалық саласы, яғни орташа жылдық өсу қарқынын тұтас алғанда өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынан асып түсуі. Қазіргі кезеңде мұндай салаға ең алдымен ғылымды қажет ететін салалар жатады.
2. Эластикалық өсу салалары бірге жуық, яғни орташа жылдық өсу қарқыны шамамен өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсімімен бірдей.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы

Кіріспе
Осы тақырыптың негізгі мақсаты - сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау. Жетілген бәсекелі нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды ары қарай дамытамыз. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-тендіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсінеміз. Микроэкономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыз-дылығымен ерекше орын алады. Сондықтан тақырыпта сұраныстың бағалық, табыстық және қиылысқан икемділігіне, сұраныстың бағалық икемділігіне әсер ететін факторларға, икемділіктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі роліне көп көңіл бөлінеді. Сұраныс пен ұсыныс теори-ясының мәнін жете түсінбей, келесі тақырыптарда қарастырылатын материалдарды меңгеру мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру тарифтік саясат

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады .
Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .
Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады .....
Курстық жұмыстар
Толық