Экономика | Меншік заңдары меншік түрінің эволюциясы

Экономикалық теория және қоғамдық практика үшін бүгінгі күні аса маңызды өзекті мәселелердің бірі - өркениетті рыноктық қатынастардың негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады. Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік құбылысы.
Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері “Экономикалық билік кімге тиеселі?” деген сұрақтарға әрқашанда көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі қолданады.
Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған социалистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшырап, тарихи сахнадан кетуімен анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы” үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы экономикасының дамуындағы отын өнеркәсібінің ролі

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының отын өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде отын өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы отын өнеркәсібінің ролі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі.
Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл щаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары

Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатнастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр .
Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты .
Қазақстан Республикасы аграрлық саясатының страткгиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзімдік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық –түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік – экономикалық жағынан терең түрлендірілді , шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды . ....
Дипломдық жұмыстар
Толық