Қиял-ғажайып ертегі: Алтын топай

Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға түспей қояды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп құдыққа қанша айдаса да суға түсіре алмайды.

Сол арада бай құрығын қолына алып суда жүзіп жүрген өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді. Сол арада байдың көзі алақандай боп қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге жалынады. «Ат басындай алтын берейін, қоя бер»,—дейді. Жалмауыз кемпір қоя бермейді. «Осы жылқылардың бәрін берейін, қоя бер»,—дейді. Кемпір қоя бермейді. Бай ақырында не берсе де кемпірден құтыла алмайтын болады. Бай: «Енді не берейін?»—дегенде кемпір айтады: «Жалғыз балаңды бер, сонда қоя берейін»,—деді. Жан—тәтті. Бай жалғыз баласын бермекші болады. Сонымен кемпір байды қоя береді. Кемпір айтады: «Балаңды қай жерде бересің?»,—дейді. Бай айтады: «Ертең жайлауға көшемін, сонда баламның алтын топайын қыстауға тастап кетейін, сен қыстауда сол топайдың жанында отырасың»,—дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.

Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.

—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп, жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті.
Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.
Екі күн өткесін, қыздармен танысып, үйреніскен Ақбай Бибісарадан: «Сіздің басыңыз бос па?»—деп сұрапты.
Бибісара айтыпты: «Мен дүнияға келгелі өзімнің алдыма қойған шартым бар еді. Сол шартымды толық орындаған жігітке тиемін,—деген. — Неше адамдар таламан болып аламын деп келсе де, менің қойған шартымды орындай алмайды».
Сонда Ақбай отырып: «Шартыңызды айтып көріңізші, мен де бағымды сынайын!»—дейді......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық

Өлімін бе, тірімін бе, әлі де білмеймін

Іштегі сыр жүрегіңді қысып, тамағыңды тұншықтырып тұратынын әркім білетін шығар. Оны ешкімге, тіпті жақын құрыбаларыға да айта алмасаң. Мен де осы дертпен өмір сүріп келе жатқаныма жарты жыл болды.
Оқу бітіріп, енді жұмыс істеймін, алда бала кезден армандаған ойларымды жүзеге асырамын деп, қуанышым ішіме толмай жүрген кез болатын. Бұрын талай жігіт сөз айтса да, мен оларға оқуымды бітіріп, өз мақсаттарымды жүзеге асырып алайын, соған дейін күте тұр деп қалыңдайтынмын. Сол жазда құрбым бір досымен таныстыруға ниет білдірді. ол жігіт өзіне жақсы жар болатын қыз іздеп жүр деді. Мен алып қашып кетер деп деп қорқып, таныспай жүрдім. Бірақ айтып қоймаған соң, танысуға келістім. Алдымен телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Бір аптадан соң кездестік. Ол маған бірден ғашық болып қалғанын айтты. Ол да маған ұнады. Кездесе бастадық. Біраз күннен соң үйленейік деді. Мен біраз ойлана келісімімді бердім. Бұрын ешқашан олай сүйіп көрмеппін. Жатсам да, тұрсам да оны ойлайтынмын. Ешқашан өзімді сондай бақытты сезінген емеспін. Мен өмірде көп қиындық көрген адаммын, арманымның көп болуы да содан шығар. Бірақ ол жігітті кездестіргеннен бері арманым тек оның қасында өмір бақи бірге болу еді. Тойға дайындала бастадық. Әке-шешесімен, туған-туыстарымен таныстырды.

Менің де ата-анам ұзату т ой жасаймыз, тіпті үйге ремонт жасап, дайындалып жүр еді. Осы бақытты күндерімде бір нәрсені байқамаппын да. Ол жігіт танысқан күні-ақ өзінің бұрынғы қызы мазасын алып, қайта-қайта телефон шалып жүргенін айтқан болатын. Онымен жарты жыл бұрын айырылысқам, оны сүймегем деген еді. Мен ооған үйленгелі жатқаныңды айт, сонда қоятын шығар дедім. Ол досы арқылы осы жаңалықты қызға жеткізді. Алайда, ол қыз одан бетер жиі телефон шалып, смс жіберетінді шығарды. Менің көзімше де талай смс жіберді, жігітім оларды маған оқытатын. Онда "сен мені пайдаланып кеттің" деген сөздер де болды. .....
Махаббат хикаялары
Толық

Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады

Қайын атасымен бірге тұратын келіншек одан таяқ жеген себепті үстінен арыз жазбақ болғанын сөз етті. Алайда әйел адамның күйеуі оны бопсалап, әкесіне күйе жақпауын айтқан. Жұбайынан қолдау көре алмаған келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық

СƏБІЗДІҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАСИЕТТЕРІ

✅ Адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді.

✅ Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.......
Кеңестер
Толық

Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды

Әйелі көзіне шөп салған ер адам іштегі күйінішін айтып, жан сырын ақтарды. Ол балаларын тастап, ауылдан қалаға нәпақаға табуға келгенде осындай жағдайға тап боламын деп тіпті ойламаған көрінеді.
Махаббат хикаялары
Толық