Әдебиет | Бөлтірік шешеннің билік сөздері

Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар.
Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді.
Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | ЖҰМАСАЙ ҚУАНЫШБЕК ЖҰМАСАЙҰЛЫ МЕМЛЕКЕТ САЯСИ БИЛІК РЕТІНДЕ

К І Р І С П Е
Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді.
“Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек.
Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
Жаңалықтар
Толық

Би, билік, шешендік

Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).

Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.

Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қазақстан тарихы | Қазақ хандығының жылнамасы

1456 — Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.
1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465 — Керей ханның туы астындағы......
Рефераттар
Толық