Әдебиет | Бөлтірік шешеннің билік сөздері
Бөлтірік шешеннің билік сөздері.
Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар.
Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді.
Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.
Зорбай байгелді, Дәулетберді деген екі ұл көреді. Байгелдіден Қосай, Досай, Бошай деген үш ұл туады. Қосайдан - Малай, Досайдан - Қожан, Есім, Бошайдан- Сары. Малайдан бес ұл туады: Сүйіндік, Қара, Жантүгел, Қалжан, Бәйтік. Сүйіндік Итемеген, Өтеген, Тәнес, Кенже деген төрт ұл сүйеді. Осы төрт ұлдың Өтегеннен Ақтық пен Сабдалы дүниеге келеді. Әлмен - Сабдалының жеті ұлының төртіншісі. Бөлтірік шешен осы Сабдалының Әлменінен туады. Нағашысы - әйлілі Қарашенде би.
Бөлтірік ер жетіп, есейе келе, өз тұсындағы қазақтың игі жақсыларының бәрімен араласады. Ол жалайыр биі Байпық, оның баласы Тіленші би, надас Құтыш би, мырза Жайнақ би, сары үйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Мамай би, суан Қожданбет би, шапырашты Сұраншы би, қасқарау Кененбай, Ноғайбай билер, сондайақ Диқанбай, Әшекей, Андас, Байзақ, Құнанбай секілді белгілі ел бас ы, билерменкөп жылдар қатар, бірге жүрген, дауға бірге түсіп, бірге билік айтысқан, Аталған билер мен батырлардың қай-қайсы да Бөлтіріктің қара қанды қақ жарғантурашылдығын, қиыннан қиып салғандай, жол тапқыш жүйріктігін, алғырлығын, асқан шешендігін, өте жоғары бағалаған.
Бөлтірік шешенді ақындар мен сұлтандар да бек құрмет тұтқан. Ол Сыпатай батыр, Сұраншы батыр секілді өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен белгілі қайраткерлермен де қанаттас болған. Бауырлас қырғыз халқының батыр ұлдары мен белгілі билері де Бөлтірікті жоғары бағалаған, сәуегейлігін, адалдығын, жанының ақтығын, өнерін құрмет еткен.
Жетісу өлкесін ұзақ жылдар билеген ағасұлтан Тезектің жан баласынан қайтпаған, беті үшақ адамнан қайтқан деседі. Осы орайдан Тезектің ел жадында жаттай сақтап келіп, қағазға түскен өз сөзіне жүгінейік. Тезек Қожбанбет биге былай деп шынын айтқан екен: «Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі - жалайыр Бақтыбай, біреуі - қызыл екей Сүйінбай, үшіншісі - асты Бөлтірік шешен. Атам - Абылай, әкем Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз шың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен бір жола сағым сынды».
Тезек төре айтпауға болмайтын, өзі айтпаса, басқа айтатын, басқалай айтатын шындықты осылай ағынан жарылғандай қалтқысыз көңілмен жеткізеді. Тезек төренің маңындағы Бенке би, Арқадағы Құспен төре - бұлар да Бөлтіріктің шешендігін жоғары бағалап, одан ығыс жүрген.
Кең өлкеге өмірі жүрген Тезек төренің өзі мойындаған Жетісудың дүлдүлінің даңқының бұлайша аспандап шығуы олардың өзара шығармашылық ықпал-әсерімен тығыз байланысты. Бұлардың үшеуіне бірдей ортақ қасиет ащы да болса әлеуметті айту, айтқанда сылап-сипамай, төтелеп тіке айту. Соның өзіне өнердің осы үш өрен жүйрік өз сөздерінің адамның санасына сіңіп, ақылына дару жағын ғана көздеп қоймайды, тыңдаушысының ойын да, сезімін де баурап, билеп алып кетуді мақсат тұтады. Сол себептен олардың ойы жүйелі, дәлелді болғанда, тілі уытты, орамды, қанды қайнатып, есті алып, ерікті билеп кететіндей терең де мағыналы келеді. Ғасырдың алып ақыны Жамбыл тура, дәл, кесіп айтатын, ойға қондырып, сезімге батырып айтатын ақынның шешендік жолда осы үш алаптан - Сүйінбайдан, Бақтыбайдан, Бөлтіріктен үйренген.
Бөлтірікпен замандас, арғы мен бергіні, жақсы мен жаманды, көп көрген, көп білген атақты би Ноғайбай Дәулетқанұлы бірде: «Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт» деген екен. Бөлтіріктің шешендігін, Шөженің ақындығын, Сыпатайдың батырлығымен бірдей тану немесе ақынның алды деп Шөжені, шешеннің алды деп Бөлтірікті, батырдың алды деп Сыпатайды тану, бұлардың қай-қайсысы үшін де үлкен, үлкен де болса әділ баға еді.
Заманының маңдай алды шешені Бөлтіріктің өнері, ақиық ақын Сүйінбайға да сүйеу болған. Қырғызстан Республикасы Ғылым Академиясының қолжазба қорында сақталған деректерге қарағанда, Сүйінбай мен Қатағанның айтысында Бөлтірік шешен Сүйінбайға дем беріп, оның буырқанған ақындық өнерінің көзін ашуға септігін тигізіп, демеу болғанға ұқсайды. Бұл да Бөлтірік шешеннің тағы бір қырын танытады.
Бөлтірік шешен өз дәуірінің ірі батырларымен де үзеңгілес жүрген, талай сайысқа түскен батыр. Ықшам денелі, орташа бойлы Бөлтірік аса қайратты, аның үстіне сайыста өте жалдам қозғалатын, қимылына көз ілеспейтін алғыр болса керек. Шапшаңдығы жағынан өзі тұстас батырлардың ішінде Бөлтіріктен Ағыбай батыр ғана асып түскен екен.
Дүниеге келгеннен бастап, одан қайта кеткенше дейін ән салып, күй шалған, аты ауызға айналған ән нөсері, сөздің шешені, салсерінің соңғысы Кенен Әзірбеав Бөлтірік туралы мынандай бір бағалы мағлұмат береді: «Бөлтірік Ысты елінен шыққан ақын, шешен, әрі батыр. Өз қатарында ешкімнен жеңілмеген «Жеті Жарғы» аталған кісі. Жеті тосқауылдан сүрінбей өткен тұлпарды» осылай бағалаған.
Бөлтірік сонымен бірге мерген саяткер, ат үстінде алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Ол ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қоныс, еңбек жөніндегі талас, дауларға араласып, әділ де, шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халық оны қалап, би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташыл, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жара айтқан әділ билігінен беті қайтып, өшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арсында емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Не бір төрелер, бектер, бай, манаптарының өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын жөн-жосықты билік шешімінен аяғын тартқан. Бөлтіріктің айтқан мынандай билік сөздері бар:
Халқым үшін тудым
Жер дауы мен жесір дауының дүрілдеп тұрған кезі екен. Ноғайлы мен қазақ бір жерге таласа берген көрінеді. Сонда әлгі дауды біржолата бітіру үшін Сыпатай батыр қол жиып ноғайлы еліне аттанбақ болады.
Осыны естіген он үш жасар бала Бөлтірік сапарға бірге аттанбақ үшін Сыпатай батырға жолықпақшы. Астында көк құнаны бар сәлем беріп келген балаға :
Балам, қайда бармақсың? Дейді батыр.
О, қобасы батыр аға, мен халқым үшін тудым, халқыма төнген жауға белімді бекем будым. Бала боп мылтық ата алмаспын, бірақ жаудан жасқанып үйде жата алмаспын. Бір кәдеңізге жарармын.
Сыпатай қолбасы ат үстінде ойланып тұрып:
- Жарайды, түртұлғасы келіскен бала екен, барсын!, - дейді.
Ертесіне он мың қол жолға шықты. Жер шалғай. Бірнеше күн сабылып шаршап, Ноғайлы елінің шетіне келгенде, Сыпатай батыр қолын тоқтатып, мыңбасылармен аңаша кеңес құрды.
Бүгін түсте Ноғайлыға жетеміз. Елдің ежелден келе жатқан ережесі бойынша, жау алдымыздан кісі шақырады. Ол топтан озған жүйрік, құланнан озған күлік, ойға бай, сөзге шешен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегендей, бізді қарсы алып, бір ауыз жұмбақ айтады. Оны дауын даулап келе жатқан жақ шешсе, төбе би өздерінен сайланады, шеше алмаса, төбе би дау беретін елден сайланады. Бір төбе бидің өзі барлық бидіңсалмағына тең.Осы сынға дайындалыңдар. Жауап бере алмай, жеңіліп қалмаңдар. Араларыңда шешен, шеберлерің бар. Дау аламыз деп келе жатармыз.
Тұрған жұрттың арасынан анауда, мынау да :
- Ой, оған сөз табамыз, жұмбағын шешеміз ,-десті.
Түс ауғанда Ноғайлы руының қарасыда көрінді. Боз ат мінген, басына ноғай бөрік киген бір шешен, ділмар сабылыпшұбырып келе жатқан қолдың алдына шығып, алыстан айқай салып келіп:
- Ассалаумағалейкум, ақтабандар, - деп сәлем берді.Білгіш көсемсіп, жүйрік шешенсңп келе жатқандар әлгінің ен дегеніне түсіне алмай аңырып тұрып қалды. «Ақтабандар» деп шұбырып келе жатқандарын келекетіп айтқанын Бөлтірік түсініп қойып, құнанын тебініп, алға шығып:
- Уағалейкумәссалам, өлігін сүр ғып сақтағандар, - деп бала қырандай саңқ ете қалды.
Ноғайлы елінің қысы суық, аязды болады, кісісі өлсе оны күн жылынғанда, жер жібігенде жерлейміз деп арша ағаштың басына салып қақтап қояды екен. Бөлтірік соны мін етіпті.
Келген кісі үн-түнсіз атының басын бұрып, он мың қолдың алдына түсіп жүріп отырып, бір ауылға әкеліп түсіреді. Сыпатай қолбасының сарбаздары етін жеп, шайын ішіп жата береді. Әбден тынығып алған соң Сыпатай оңаша кеңес өткізеді.
- Ел иесіз, жер киесіз болмайды деген, қарағым Бөлтірік, халқың үшін туған екенсің. Мына мен балсам қартайдым, еліңе ие бол, деп мыңбасыларға қарайды. - Ал мыңбасылар, құдай тілегімізді берді, жолымыз болады екен, бала Бөлтірігіміз жақсы ырым жасап, ұпай әперді. Жігіттер, бүгінгі кеңесіміз, ертең таң атқаннан кейінгі жерде ұлық бізді шақыртады. Ол: «Қазақ, жнңіс сенікі болды, төбе биіңді сайла, кімді сайлайсың», - дейді. Сол уақытта біз кімді сайлаймыз, батырлар?
Отырған мыңбасылар:
Батар, сіз өзіңіз боласыз да төбе би. Сізден өзге кім лайық еді? десті. Сыпатай ойланып отырып:
- Иә, халқым, қазақ елінің абыройын жапқан мына кішкентай бала ғой. Осы балаға бүгіннен бастап халқымыздың аруағы да, бақыты да қонды. Мен болсам қартайдым, - дегенінде жұрт шу ете түсті.
- Жарайды, болса болсын бала төбе би !
Ертемен тұрып, тамақтанған соң, ұлықтың адамы келеді.
- Қазақтар жеңіс сендердікі болы. Төбе билеріңді сайлап, ұлықтың алдына әкеліңдер!
Он мың қол кеше ақылдасып төбе биге Бөлтірікті сайлап қойған. Баланы киіндіріп, екі жағына да екі кісі ертіп беріп Сыпатай орнынан көтеріліп:
- Жай қолыңды, балам, деп жылап тұрып батасын берді. Батаны алып жүре бергенде жұртының көзіне он үштегі бала дәл жиырмадағы жігіттей көрінген екен. Жұрт сүйсініп қалады.
Бөтірік ұлықтың алдына келіп, бас иіп сәлем берді. Ұлық таңырқай қарап тұрып:
- Қайсың төбе бисің? - деді.
- Тақсыр, төбе би мына мен боламын ! - Бала басын төмен иді.
- Балам, тым жас екенсің ғой
Біздің қазақта «қайрат атта болады, ақыл жаста болады» деген мақал бар. Жас болсам, тақсыр данышпан шығармын, елімді қорғап жаумен алысқан шығармын, - дегенде ұлық риза болып:
- Кел, балам, деп оң жағына отырғызып, өзімнің балам да сендей еді, жарайды екенсің, - деп ұлық ерекше ықылас танытқан екен.
Сол жолы Сыпатай батыр тобы бала Бөлтіріктің алғырлығының арқасында жер дауында жеңіске жетіп, еліне үлкен мәртнбемен оралған екен.
Тентек төртеу болғанда
Жазғытұрым ел жайлауға шығар шақ болса керек. Жайлы қоныс іздеп жүрген бір бай төбенің басында асық ойнап жатқан бір топ балаға кез болады. Ауылын осы төбенің түбіне қондыруды ойлаған бай балаларға:
Бұл жерге көшіп келе жатқанан ауыл қонады, көгін таптамай, кетіңдер! -деп, астындағы тайын тебініп, қамшысын үйіріп, айбат қылып ұмтылғанда, сескенген балалар жалт-жалт беріп тұра қашады. Балалардың үріккен торғайдай табан астынан жалт беріп, киімдерін жалбыратып дүркірей жөнелгенінен тай үркіп қалт тұра қалғанда, байдың басындағы бөркі ұшып, бай жығылып қалады. Содан жазым болып, ол қайтыс болады. Байдың туыстары мен ағайындары билерге шағым жасап, асық ойнаған балалардан құн даулайды. Дау қаралар кезде ел көп жиналады. Бірақ билердің шешімі айтылмай, жиын созыла береді. Сол кезде жиынға көк қасқа мініп, он екі жастағы Бөлтірік келеді.
- Япырмай, билердің жоқтан жиын қылып тұрғанан-ай, оп-оңай істі қолдан қиын қылып тұрғанын-ай! - деп, билерді сынай келеді.
Билердің ішіндегі бір естісі жас баланың өздерін сынап, айтқан сөзіне құлағын түре қалып:
- Қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой, ауыл баласы деме, ақылы асса аға қой. Билікті мына балаға берейік. Дауға дауаны осы табар! - деп, төрелікті Бөлтірікке беріпті.
Сонда Бөлтірік билер тобы мен елге қарап тұрып:
- Халайық! Ердің құны мың қой немесе жүз жылқы не болса елу түйе. Ердің құнына мың қой дұрыс па, жүз жылқы кескен дұоыс па, жоқ елу түйе лайықты ма? -деп сұрайды. Ел шулап:
- Жүз жылқы кескен лайықты, деседі. Бөлтірік жұртқа тағы да:
- Онда осы жүз жылқыны ерге бөлейін бе, елге бөлейін бе, телге бөлейін бе, тентекке бөлейін бе?- деп сұрау тастайды. Жұрт:
- Елдің де, ердің де, телдің де жазығы жоқ. Тентекке бөл!- деседі. Билер соған қосылады. Сонда Бөлтірік былай депті:
Төбе басындағы асық ойнаған бала тентек. Құдайдың аспанының астында жайлы жер құрығандай төбенің басын қорыған бай тентек. Байдың басында тұрмай,тайдың астына құлаған бөрік тентек. Иесінің бөркінен үркіп, өзін жыққан тай тентек. Өлген кісінің құнын төрт тентек тең төлесін, ешкім олай-бұлай демесін, мұндай өлім елге қайтып келмесін. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Бөлтірік шешеннің билік сөздері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бөлтірік шешеннің билік сөздері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бөлтірік шешеннің билік сөздері