Отбасын нығайтатын 10 дәстүр

Нағыз берік отбасы – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жұмыс ұзақ уақытты қажет еткенімен, міндетті түрде жемісін береді. Егер отбасыңызға жаңашылдық енгізгіңіз келсе, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе және туғандарыңызбен көбірек уақыт өткізуді ойласаңыз, өміріңізге бірнеше отбасылық дәстүр енгізіңіз.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ертеңге - Елбасымен

«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
Шығармалар
Толық

Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық

Менің отбасым

Менің отбасым"
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/ өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия/ОА/ мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1]. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТЫҒЫН ОРНЫҚТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМ РОЛІ

КІРІСПЕ
Елiмiздiң үкiметi соңғы жылдары қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлқы қалыптастыру тұжырымдамасы Жалпы бiлiм беретiн мектептер тұжырамдамасыЭтникалық мәдени бiлiм беру тұжырымдамасы сияқты тарихи құжаттарда қандай азамат тәрбиелеу керек жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек деген мәселе күн тәртiбiне қойылып оған ғылыми дәйектi жауап iздестiрiлгенҚазiргi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп оқушыларын тәрбеилеудiң үлгi бағдарламасында жоғарыда көрсетiлген тарихи тұжырымдамалар мен ел басшысы ННазарбаевтың ¤асырлар тоғысында ғылыми – теориялық еңбегiне негiздей отырып тәрбиенiң түпкi мақсаты-қоғамның нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рүхани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын iзгiленген 21 ғасырды құрушы iскерөмiрге икемделгiшжан-жақты мәдениеттi жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасалғанСоған орай тәрбие бағдарламасының жаңа жобасында көзделген басты принциптер: бiрiншiден-қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты тәрбиенi таптық тұрғыдан қарастырып әсiресе саясаттандыруға негiздемейжалпы адамзаттық мәдениетпен ұлттық мәдениеттiң озық үлгiлерiн кiрiктiре пайдалану мәдени байлық барлық қоғам мүшелерiне бiрдей ортақ деп санаутәрбие мәселесiне культурологиялық тұрғыда қарау үшiншiден-жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiру iсi қоршаған орта арқылы iске асырылатындықтан оқушының дүниеге көзқарасын қарым-қатынаспен тәрбиелеп қалыптастырудың жолын қарастыру болып отырТөртiншiден-бұрын баланы тек тәрбиеленушi объек деп қарап тәрбиешi-ұстаздар қауымы өз беделдерiмен ықпал етiп келсеендi оларды тәрбие iсiне белсене қатыстыра отырып әрi тәрбиенiң объектiсi ә„рi өзiн-өзi тәрбиелеушi саналы субъект деп қарау баланың жеке басын бағалау онымен санасу сенiм бiлдiру ынтымақтаса iс- әрекет ету ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты.
Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар.
Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау;
- Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Басыңыз ауырса

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;

2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;......
Кеңестер
Толық

Басыңыз ауырса

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

✅ 1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;

✅ 2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;

✅ 3. Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады;......
Кеңестер
Толық