file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бәрін уақыт көрсетер

Мектепте оқып жүрген кезім. Жаңа оқу жылы басталған. Күз айларының керемет күндерінің бірінде ағамның үйіне көмектесуге барғанмын.Ағам жаңа үй тұрғызып жатқан. Тамақтарын істеп беруімді өтінген.Ж ны сол күні көрдім.Ол ағамнын досынын ұлы екен.Көмектесуге келіпті.Сол күні кешке дейін ол менен мен одан көз алмай жүрдік.Оның жасы менен кіші екенін мен кейін білдім.Бірақ олда маған кедергі бола алмады. Мен оны қатты ұнаттым.Өз үйіме қайтарда сол шығарып салсын деп әдейі кеш қалып кеттім.Ия ол мені шығарып салды.Бірақ жол бойы үндемеді.Жанында інім де бар еді.Үйге келген соң інімнің жағдайын білгенсіп смс жаздым.Кейін ол звандады.Ұзақ түн сөйлестік.Мені ұнатып қалғанын айтып сөз салды.Сенде 3 ақ вариант бар дейтін;ия,жарайды,әрине жаным.Ол мені осылай сөздерімен жаулап алды.Біз небары 1аптадай ғана сөйлесіп,1ақ рет кездестік.Мен сонын өзінде оған қатты бауыр басып қалдым.Бір күні ойламаған жерден маған одан "Екеуміз жүрмей ақ қояық"дег ен смс келді.Звандайм алмайды,смс жазам жауап жоқ.Мен қатты қиналдым.Барлық адамды соның атымен атаймын.Күнде түсімде коремін.Қатты сағынып жүрдім.Інімнен оны аяғынан атып кетіпті дегенді естідім.Ашумен неге жүрегінен атпайды дегеніммен қатты уайымдадым.Оған апаруын өтіндім.Бірақ оған бара алмадым.Бір күні ол ешнарсе болмағандай звандайды.Смс жайында ешнарсе білмеймін дейді.Бірақ айырылысқысы келген адамдай мен ауырып жатқанда неге іздемедін деп жоқ жерден ұрыс шығарып,давай деп тұтқаны қоя салды.Содан екеуміз екі жаққа кеттік. Мен жаныма жалау іздегендей өзмше сыныптағы бір ұлға ғашық болып жүрдім. Негізі маған оның мінезі мен үлгілі отбасы ұнайтын. Олда маған жақсы қарап жүрді.Тіпті мектепте мұғалімдерде бізді ғашықтар деп ойлайтын. Шын мәнінде біз жақын достар ғана екенбіз. Ол маған тек дос ретінде қарапты......
Махаббат хикаялары
Толық

Бәріне уақыт емші

Қалаға 2005 жылы көшіп келдім,қалаға көшіп келгенімде көршілеріммен тез тіл табысып кеттім,бірақ ата-ажемді достарымды сағынатынмын.Сағынып жылап отыратынмын.Күндер өте келе маған қаланың пагодасы жақпады,сондықтан маған алергия шығып кетті.Көшеге шыққанымда,бәрі мені сұрақтың астына алатын еді.Мен күнде отырып жылайтынмын.Неге мені Аллам осылай жаратты,жап жас боп алып қиындық көрудемін,бұлай өмір сүргенімше өлгенім жаксы деп.

Ем іздеп бармаған жерім жоқ.Уақыт өте келе мен 5сыныпқа өттім мектепте маған не шығады саған деп оқушыларда,мұғалімдерде сұрайтын.Сол кезде не істерімді білмей,жерге қарап тұратынмын,жылағымда кеп тұратын еді.Мені оқушылар мазақтап,күлетін еді сондада шыдап келдім.Мектепте отырып жылапта алатын болды.Сыныбымда балдар қызыл бет деп мазақтайтын,менімен араласатын достарым бар мені жақтап оларға ұрсып беретін еді.5ші сыныпта 4ші тоқсан басталғанда мен барлығы мазақтаудан,маған жұғама жұқпайма неге келесін сабаққа деген сұрақтардан мезі болып кеттім де сабаққа бармай қойдым ата-анам сабаққа неге бармай жүрсің дегенде сабаққа барғым келмейді деп жауап беретін болдым.....
Махаббат хикаялары
Толық

Әйелдің қолынан бәрі келеді!

Мұнан жиырма жыл бұрынғы бір жәйт есіме түсіп отыр. Бір танысым алты қыздан кейін ұлды болып, бесіктойға бардық. Сондағы әкенің қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Торсық шеке ұл сүйген ананың да бақыттан басы айналып жүргені анық. Осы отбасының мұнан бір жыл бұрын шаңырағы ортасына түсуге шақ қалғанын біреулер білсе, ендігі біреулер тіпті күмәнданбас. Оның тарихы былай.

Жанармай құятын стансада оператор болып істейтін. Тимурмен 90-шы жылдардың басында танысқам. Сол тұста жанармай құятын станцияда танысың болмаса, көлігің жүрмей қалатынын мұндайды басынан кешкендер жақсы біледі. Екеумізді таныстырған сол мұқтаждық еді десем, өтірік емес.
Бір күні бекетке барсам, Тимур ішіп отыр екен. Әйелімен ажырасатынын айтты. «Кім кінәлі?»
- Мен кінәлі, - дейді.
- Не бүлдірдің?
- Көзіне шөп салдым… - Тимурдың алты қызы барын білетінмін. Келіншегі де бір аяулы жан.
- Не болды? Қалай болды? Түсіндіріп айтсаңшы, - деймін қапелімде ыңғайсыз күйге түсіп.
Оның әңгімесінен ұққаным – бекеттің жанындағы бір үйде күйеуі қайтыс болған келіншек тұрады екен. Сол әйел шелегін көтеріп, бекеттегі колонкадан су алуға жиі келіп тұрады. Сөйтіп жүріп, бұл екеуінің таныстығы достық шеңберінен шығып кетеді. Күйеуінің жұмыста көңілдесі бар екенін «жанашыр» адамдар Тимурдың әйеліне жеткізеді. Ол айғайға басып, күйеуін үйден қуып шығады.
- Енді қайтпексің?.....
Махаббат хикаялары
Толық

Шардара барсаң, шайырмын деме

Менің жұдырықтай жүрегімнен жарты әлемдей орын алған, түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да жаныңа шипа, дертіңе дауа болатын қасиетті туған жерім – тарихкөз тарландар тараған Шардара. Шардарамыз – өнер мен мәдениеттің қайнаған қазаны. Жер-анасы алдындағы қасиетті парызын терең білімі, қилы өнерімен өтеп жүрген жалынды ұл – қыздардың ішінде өлкеміздің дана болмысты, ақиық ақындар тобының қай кезеңде де мәртебесі биік. Әрбіріміздің көңіл көкжиегімізде туған жеріміздің алып тұлғалары дегенде, ә дегеннен-ақ бір кітап боларлық ақын-жазушы есімдері елес береді десем де артық емес. Шағыл құм шабыт берген шайырлардың ұлы көші- шығармашыл Шардараның аяулылары Қасқыр Серікбаев, Бауыржан Қарабеков,Жұмабек Мұқанов,Әмірхан Балқыбек,Нұрғали Ыбырайым, Әлібек Шегебай, Қазыбек Иса, Құрманбек Шәметов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш сынды дарабоз ақындардан бастау алып,Әбдіғаппар Айдаров, Қанат Дауылбаев, Сәбит Лаханов, Ажар Сламова сияқты шоқжұлдыздар шоғырымен жалғасын тапқан. Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. Қашанда қабағы ашық құмды мекеннің мақтан тұтары - Бауыржан Қарабеков: Өмірде шалқыдық па көк теңіз боп, Әйтеуір артымызда өткен із көп.

Шығып ем Шардарадан...шартараптан,

Келемін әлі күнге көктем іздеп,- деп туған өлкесін жырында тіліне тиек ете жүретінін көрсетеді. «Ер – туған жеріне»,-демей ме, ендеше өлеңімен туған аймағының атын шығарған Бауыржан атамыз- нағыз ер. Ал ақындық майданында талай жауынгерді шыңдап шығарған ардагер ақын Қасқыр Серікбаевтың шумақтары өсиетке толылығымен ерекшеленеді.Ақын өлеңінде: Құмар бол жастан білімге,

Кімдігің қызыл тіліңде.

Сәл нәрсеге шалқайып,

Сәл нәрсеге бүлінбе, -дей келіп, тірлігіңде жастарға үлгі болатын жақсы сөз қалдыруды насихат етеді. Жалпы, Қасқыр ақын шығармашылығында Майлықожа үлгісі байқалады. Шағалалы сұлу Сырымызды сөзіне қоспаған Шардаралық шайыр жоқ шығар. Солардың бірегейі, абыз даланың бауырында еркелей ескен Сырдариясын: Сұлу Сыр,.....
Шығармалар
Толық

Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз

Есімде... Қараша айының 8-ші жұлдызы, жо-жоқ жұлдызды күн емес мен үшін...қарашаның қара суық желіндей ызғарлы.
Таң. Күзгі қара суықтан мені анамның құшағы ғана құтқаратын. Тəп-тəтті ұйқыда жатырмын. Анамның жып-жылы құшағында. Сол бір жылулық пен тəтті ұйқыны суыт хабар бұзғандай.

Əкемнің о дүниелік болғаны туралы... Небəрі 5 жаста болсам да бəрін түсініп жатырмын. Бəрін түс секілді қабылдадым ба, бала көңіл еш нəрсені алаңдар емес. Сабырлы қалпымды бұзбастан мүмкін өтірік шығар, түс көріп жатқан болармын деген үмітпен тысқа шықтым. Үстімде анам кигізген қызыл көйлек (əлі есімде). Расымен де, жаңа ғана мүлгіген тыныштық бұзылған.
Үйге аяңдап қайта кірдім, кірдім де анамды іздей бастадым. Кішкене ғана пештің жанында анам отыр екен. Жанарындағы жасты байқамау мүмкін емес еді.

- Мама жыламашы...

- Жыламаймын қызым...

Бітті... Əрі қарай арамызда диалог болды ма, болмады ма білмеймін... Есімде қалғаны мені көрші үйге апарып тастағаны ғана... Баламын ғой, ол оқиғаға мүлде сенбедім бе, сенуге қорықтым ба, əйтеуір көзіме жас алмаппын... Əлде ащы ақиқатқа сенгім келмеді ме екен? Білмеймін... Тым ауыр жағдай. .....
Эсселер
Толық

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?

Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Шығармалар
Толық

Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Салт-дәстүр. Әдет-ғұрып. Жөн-жоралғы. Ырым-тыйым. Наным-сенім. Жазылмаған ереже. Қазақ халқы өркениетіндегі осындай ұлттық құндылықтардың сан алуандылығы таңдайды қақтырады. Ал бұл мәдени мұраның елдің бүкіл тірлік-тынысы, қадір тұтатын ардақты жебеушісі, бұзылмас тірегі, ата-бабалар мен өскелең ұрпақты байланыстыратын көпірі болып табылатыны айдан анық. Ежелден елімізде балғын бүлдіршіндірге осы рухани тағылым тумысынан ана сүтімен беріліп, ес білгенінен құлағына құйылса да, қазіргі таңда жастар ата-баба мызғымас заңын бағаламайды, жадына сақтамайды. Өздерінің ұстанымын дәлелдеу үшін тозығы жеткен салт-дәстүрлердің көрнекті өмір даму ағымына ілесе алмайтындығын мысалға келтіреді. Осы өрімдей жастардың айтқаны сенуге келеді ме? Еңкейіп барып батқан күндей әдет-ғұрыптарды ұмытқан дұрыс па?Әлде халық болып өркендеуімізге көмектескен мәдениет элементтерін жандандыру керек пе?
Үндістан премьер-министрі, политик Джавахарлал Неру дәуірден қалған дәстүрлер туралы өз пікірін өсиет ретінде қалдырған: «Өткенмен байланыстыратын өткелдерді сақтау керек, бірақ біздің алға жылжуымыз үшін кері әсерін тигізетін салт-дәстүрлердің құлдығынан қашу керек». Бұл сөзді жоққа шығаруға болмайды. Бұл тұжырымға «қыз алып қашу» мысал бола алады. Дәстүрді дұрыс жорымаған жігіттер қыз келісімін алмай, зорлықпен алып қашып жатады. Бұл қылықтың соңы Қазақстанның қылмыс кодексі, 125 бап, «адам ұрлығы» жайты бойынша 7-12 жылға дейін қылмыскерлердің бас бостандығын айыртқызуына әкеледі.

Халқымыз «бала беру» дәстүрі бойынша балалы отбасы перзентін ұрпақсыз жанұяға беретін болған. Бұл жағдай баланы 9 ай көтерген, туысқандық байланысы бар анаға үлкен соққы болатын. Өсе келе асыранды екенін білген балаға да бұл жағдай оңай емесі анық.
Күнделікті өмір сүру салтымыздан алып тастануы керек ережеге Зейнеп Ахметова қозғаған той мәселесі жатады. Қазақтың әр дәстүрді тойға ілестіруі алқымызды қысады, нағыз өркениет өрнектері бейнесін бұзады, қажетті мен қажетсізді шатастырады.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Шығармалар
Толық