Қарты бар үйдің қазынасы бар
Қаршыға Айгерім, Қызылода
Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?
Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды. Ал Айғанымдай әжесінің өнегесін көріп, тәрбиесін алған Шоқан кім болды? Өз тұстастарының алды, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызына, халық мақтанышына айналды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың маңдайалды, біртуар азаматтары да әжесінің тәрбиесін көрген, әжесінің алақанынан түлеп ұшқан. Тізбелей берсек, "әже мектебінен" сусындап өскен ұлылар саны мұнымен шектелмейді. Осы мысалдардан-ақ әженің қоғамдағы орны мен маңызы айшықталып тұр.
Бүгінде қаладан да, даладан да немересін бесік жырымен әлдилеп, ертегімен елітіп, қазақтың ән-күйін, жыр-дастанын тыңдатып, аңыз-әңгімесімен сусындатып отыратын әжені табу қиынның қиыны. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас. Дегенмен, бүгінгі әжелердің көпшілігі немерені қызметпен, ұлттық ән-күйді шетелдік даңғаза әуенмен алмастырған, басындағы орамалынан, ақ жаулықты кимешектерінен "айырылып", шашын қиған, жас қыздардың опа-далабымен, ер-азаматтың шалбарымен ортақтасқан, бір сөзбен айтсақ бүгінгі заманға бейімделген әжелер. Олардың немере бағуға ықыласы жоқ. Одан да барды киіп көше кезіп, дүкен аралап, сән салонына барып сәнденіп, денешынықтыру залына барып, келбетін қалыпқа келтіру артығырақ. Көшеде немересін жетелеп бара жатқан әжені көріп қуанасың да, әңгімесін естіп кері қайтасың. Себебі немересімен шүлдірлеп орысша сөйлесіп бара жатқаны. Ал ақсақалды аталарымыз зейнетақы алып,дүкен жағалап, дүңгіршектер жанында аузына шайтан су алғанда ішің удай ашиды. Мұндай әкеден қандай бала келеді, қандай тәрбие алып өседі?! Мұндай ата-әже ұрпағын ұлттық тәрбиемен сусындатады дегенге кім сенеді? Енді ғана жақсы мен жаманды, оңы мен соңын ажырата бастаған сәбиге ана тілін үйретпесек, басқа тәрбиенің бәрі бос қалады. Осы күнгі бала Алпамыстай алыптарды, Көлтауысар мен Желаяқты, Таусоғар мен Толағайды білмейді, себебі олар жайлы ертегінің майын тамызып айтып берер әже жоқ. Баланы бағатын әжелердің өзі ертегі айтып шаршағанша, теледидар қосып қойып, сондағы жантүршігерлік шетелдік фильмдерді баласына көрсеткенді жөн санайды. Атыс-шабыс көрген ұл-қыздардың психологиясы өзгеріске ұшырап, мінез-құлқы ауытқиды ма? Әрине, ауытқиды. Ақыл айтып, ертегі оқып әуре-сарсаңға түскенді қаламайды. Осыдан келіп дүбәра, қатігез, мейірім мен адами құндылықтардан ада ұрпақ өніп-өседі. Сол ұрпақ ата-анаға деген құрметтен жұрдай болады. Ал ата-ананы қадірлемеу, сыйламаудың да арты неге апарып соғатынын өзіңіз-ақ болжвй беріңіз.
Тәрбие - кешіктіруді кешпейтін, қателікке бой алдыруды көтермейтін іс. Ендеше, кеш болмай тұрғанда бала тәрбиесіне жауапкершілікпен мән беріп, ел ертеңінің еңселі болуына бүгіннен атсалысып, бесіктегі тәрбиенің жайын түзейік. Сол бесікті тербетіп, "әлдилеп" ән айтатын, сол әуен арқылы өз ұлтының ұлылығын ұрпақ санасына сіңіретін,тілі мен ділін дарытатын қазақы тәрбиенің бастауы - ақ самайлы аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз, сіздерсіздер!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Қарты бар үйдің қазынасы бар туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Карты бар уйдин казынасы бар на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қарты бар үйдің қазынасы бар