Бүгінгі Қазақстанның бір қаласындағы бір мектептің онбірінші сыныбында бір мұғалім апай сабақ жүргізіп отыр. Мұғалім апай: Балалар, мен өзім шалғайдағы ауылдан көшіп келіп, осындай оқуға барлық жағдай жасалған мектепке орналасып, өздеріңдей кілең білімді балалар оқитын классқа сынып жетекшісі болғаныма қуанамын. Сіздер бірнеше тіл білесіздер, араларыңызда ғылыммен, өндіріспен, экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және басқа да нақты мәселелермен айналысамын дейтіндер, өнертапқыштар, спортсмендер, ақындар, күйшілер, суретшілер бар, барлықтарыңыз таланттысыздар. Мұғалімдер Сіздерге өзіміздегі және шет мемлекеттердегі ең жақсы тәжірибелерді пайдалана отырып жан-жақты білім беруге тырысты. Енді бір-екі айда мектептіде бітіресіздер, бәріңіздің қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар, шетелге оқуға бара қалсаңыздар біздің еліміздегі білім деңгейінің жоғары екендігін дәлелдей жүріңіздер. Қазіргі жаһандану заманында ел мен ел қоян-қолтық араласып жатқан.....
Бәкеннің кейде өтірік айта салатын да мінезі бар еді. Бірақ Бәкеннің бұл мінезінен зиян көріп жүрмін деген пенде жоқ. Оның үстіне Бәкеннің бұл сөздерінің өзі де қиюласпайтын, жобасы келмейтін сөздер еді. Онысын іле-шала Бәкеннің өзі де мойындап, "айта саламыз ғой біз деген" деп өзі де күліп отыратыны бар. Бәкен бұл сөздерді біреуге зардап шектірейінші, содан пайда көрейінші деген оймен айтпайды. Өзінің мінезі сол. Дегенмен Бәкеннің осындай аңдаусыз айтып қалған сөзінен бірде Бәкең зардап шегіп қалыпты. Бәкең деген Бәкендерге қарағанда жасы үлкен кісі ғой. Бірде Бәкең аяғына ауланың ішіне іле шыққан сүйретпесін киіп алып, үйінің көше жақ беткейіндегі отырғышта демалып отырады. Дәл осы сәтте көше бойымен таза киімін киіп алған, екі қолын қалтасына салған күйі Бәкен келе жатады. Бәкен жасы үлкен Бәкеңді көріп сәлем беру үшін бұрылады. Бәкеңнің өзі балықты жақсы көретін кісі ме, әлде жұрттың бәрі де балықтан жасалған тағамға кет әрі емес пе, Бәкең дәл осы тұрғанда балық туралы ойлап отырса керек. Бәкенге сұрақты беріп кеп қалады:
Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.
Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған: — Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да: — Йə балақай? Айта ғой! — Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім. — Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар. — Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы! — Жарайды, жүре ғой! — Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей: — Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын. Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп қалай ғана нысанаға дөп тигізіп айтты екен?!
Белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаев туралы жазарда ұлы ақынның осы өлеңі ойға оралды.
Рас, «артына өлмейтін сөз қалдырған» қаламгердің екінші мәңгілік ғұмыры басталды. Ол кеткен жоқ, «өлмейтін сөздерімен» қалың қазағының ортасында қалды. ...
Бірде Алматыдан қаламгердің қызы Баян хабарласты. .....
Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп. Өре – дүниетаным, пайым-парасатың, жаңағы айтқан ақыл-ойың. Осы өрені көтеріп отырмаса, адам шіркіннің төмендей берері хақ.
Өрені көтеретін, әлбетте, кітап, өнердің сан алуан түрі (театр, көркемөнер, музыка, қолөнері, т.с.с), кәсіби ісің, ақпараттың алуан түрі, т.б. Осы ретте қазіргі замандастардың өресі қай деңгейде, жалпы өремізді көтеруге қызмет ететіндердің өздерінің өресі қай деңгейде деген сауал туындайды.
Бір сөз бар: «Кітапты өртеуден де жаман қиянат – оны оқымау» деген. Енді осыны өзімізден сұрап көрейік, біз әдеби кітап оқып жүрміз бе?
Жарық айлы түн еді, Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке.таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтадан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелер қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғынды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішінде ең ерекше жері — жаздың қандай ыстық күн болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын. Солтүстіктегі биік таулардан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айрылмайтын сияқтанушы еді. .....
"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.
Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады. ...Қыз Назым шықты бұраңдап, Он сегіз толған жасына, Кәмшат бөрік келісіп, Бриллиант қойды басына. Қара мен төре қайғырды: Болса деп бізбен ашына.
Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты. Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....