Билетіңіз бар ма
(болған оқиға)
Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған:
— Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да:
— Йə балақай? Айта ғой!
— Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім.
— Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар.
— Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы!
— Жарайды, жүре ғой!
— Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей:
— Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын.
Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Билетіңіз бар ма туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Билетіңіз бар ма на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке