Сәлеметсіздер ме! Сіздермен, шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. Бұлар қандай әрекеттер? Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасу барысында жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тірбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, біз өз отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек.
40 жастың бағында Қыдыр қонып, бақ дарып отырған жандарға өмірдің тек қана жақсылығын тілейміз. Бал күндерге толы жақсы күндерде ағайынның ортасында гүл – гүл жайнап, аман – есен жүре беріңіз.
Түсіңізде адассаңыз не жайлы білуіңіз керек? Орманда немесе басқа жерде адассаңыз, жақын арада қиын жағдайға түсесіз немесе белгісіздікте өмір сүресіз. Өзіңізді сенімсіз сезінесіз, себебі болашағыңыз сізге бұлыңғыр болып көрінеді. Сезіміңіз бен ойыңызда адасуыңыз мүмкін, әр басқан қадамыңыз жағдайды одан әрі қиындатып жібереді – қорқыныштарыңыз себепсіз болып шығады. Сізді мазалап жүрген нәрселермен бөлісе алатын дос тауып, соған....
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сыяды. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-орында, ал ТМД елдері бойынша 2-орында. Қазақстан 5 мемлекетпен көршілес орналасқан, олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Қазақстан Республикасы – өте бай мемлекет. Қазақстанда алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000- нан астам пайдалы қазба бар. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлерін сақтауға толық құқықтары бар. Қазақстан халқының татулығына дүние жүзі таңғалып отыр. 36 Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылы Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін сайлады.